Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Міндеттемелерді орындау барысында мүліктi өндiрiп алуымен даулар

Міндеттемелерді орындау барысында мүліктi өндiрiп алуымен даулар

Міндеттемелерді орындау барысында мүліктi өндiрiп алуымен даулар

Міндеттемелерді орындау барысында мүліктi өндiрiп алуымен даулар

Шартты (мәмілені) жасасумен, өзгертумен, бұзумен және шартта белгіленген міндеттемелерді орындау барысында мүліктi өндiрiп алуымен байланысты туындаған даулар бойынша азаматтық істерді қарау жөніндегі сот тәжірибесі туралы

ҚР АК-нің 292-бабына сай міндеттемені орындау кепілдік арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

ҚР АК-нің 299 бабы бойынша, мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.

ҚР АК-нің 299-бабының 2 тармағына сәйкес кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне және басқа қозғалмайтын мүлiкке құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасы Заңымен реттеледi.

Азаматтық кодексте қамтылған кепіл туралы жалпы ереже ипотека туралы заңымен өзге ережелері бекітілмеген жағдайда ипотекаға қолданылады. Банкілердің, микрокредиттік ұйымдардың, кредиттік серіктестіктердің, ломбардттардың төлем мерзімі кешіктірілген несие қарызын кепіл затынан өндіріп алу туралы даулар сот тәжірибесінде жиі кездеседі.

Аталған санаттағы істер соттармен Азаматтық Кодекс, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңын және банктік заңнама нормаларын қолданумен қаралады. 17.07.2015 жылғы №333-V ҚР Заңымен Азаматтық Кодексінің, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңының нормаларына елеулі өзгерістер еңгізіліп, кепілдегі мүліктен өнідіріп алуды реттейтін нормалар қарастырылғанын атап өту қажет. Қорыту кезінде анықталғаны көбінесе талаптарды қанағаттандыру туралы шешімдер шығарылған. Соттар қарыз алушының қарыз затын шартта қарастырылған тәртіп пен мерзімде қайтару міндеттеме шарттарын бекітетін АК 272,722 баптарының нормасын негізді қолданады.

17.07.2015 жылғы ҚР Заңымен Азаматтық Кодексінің 722 бабының 3,4 бөлімдеріне өзгерістер еңгізіліп, заем берушi заемшыдан заем нысанасын тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге, сондайақ кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану арқылы өздерінің талаптарын қанағаттандыруға құқықтары қарастырылған.

(АК 321 б.2 б. 4 т.) Мысалы, Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының 20.05.2015 жылғы шешімімен «Микрокредиттік ұйым «ГИД Кредит СК» ЖШС-нің А.А.Казбековадан кепілге салынған мүліктен өндіріп алу арқылы қарызды өтеу туралы талабы ішінара қанағаттандырылған.

Жауапкерден ЖШС-нің пайдасына 3 290 166 теңге көлемінде қарызы өндіріліп, 98 705 теңге көлемінде мемлекеттік баж қайтарылып, кепілге салынған жылжымайтын мүлік Көкшетау қ., Орталық шағын ауданы, 50 үй, 25-пәтер мекен-жайы бойынша орналасқан, кепілге салынған мүлікті жүзеге асыру кезінде саттықта бастапқы сату бағасы 5 664 457 теңге көлемінде белгіленген пәтерден өндіріп алу жүзеге асырылған.

Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырылмаған.

Сотта анықталғаны, 2014 ж. 04 мамырдағы тараптар арасында жасақталған Негізгі Несие Келісімнің шеңберінде, 05.05.2014 ж. және 06.05.2014 ж. талапкер мен жауапкер арасында №КДГКС00384Ки №КДГКС00384*1К несие шарты жасақталып, шарт талаптарына сәйкес 48 айға, жылдық 20% сыйақы мөлшерлемесімен 1 500 000 теңге және 1 000 000 теңге несие берілген.

 Шарттың орындау мерзімі басталмасада кепіл ұстаушы мерзімінен бұрын берешектің барлық сомасын өндіру және кепілдегі мүлікті өндіріп алуды айналдыру туралы талабымен сотқа жүгінген.

Сот АК-нің 272, 722 баптарына сілтеме жасап, мерзімінен бұрын берешектің барлық сомасын өндіру туралы талапты қанағаттандырып, өсімпұл сомасын 500 000 теңгеден 350 000 теңгеге дейін азайтып, кепілге салынған мүліктен ақы өндіруге айналдырған.

17.07.2015 жылғы ҚР Заңымен ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері қарастырылған «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңының 20 бабына өзгерістер еңгізіліп, жаңа редакцияда баяндалған:

1.Борышкер өзі жауап беретін, ипотекамен қамтамасыз етiлген міндеттемені орындамаған жағдайда, кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін кепiлге салынған мүлiкке өндiрiп алу қолданылуы мүмкін.

  1. Кепiл ұстаушы өз талаптарын:

1) ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу;

2) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында не ипотека шартында немесе тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы сот тәртiбінен тыс өткiзу;

3) осы Заңның 32-бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлген жоқ деп жарияланған жағдайда, кепiлге берілген мүлiктi өз меншiгiне көшіру арқылы қанағаттандыруға хақылы.

АК-нің 317-бабының 1-тармағына сай, борышкер өзi жауап беретiн кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте кепiл ұстаушының (несие берушiнiң) талаптарын қанағаттандыру үшiн кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алуы мүмкiн.

Борышкер негізгі міндеттемені орындамаған жағдайда кепіл ұстаушының өз талаптарын кепілге салынған мүлікті өткізу арқылы, ипотеканы қоса, сот тәртібімен немесе соттан тыс тәртібімен жүзеге асыру жолымен қанағаттандыруға құқылы, егерде міндеттеме шартымен немесе заңнамалық актілерімен көзделген болса.

Сонымен кепіл ұстаушы берешек соманы кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу туралы талабымен сотқа жүгінуге құқылы.

Егер шарттың орындау мерзімі басталса, ал борышкермен тиісті түрде шарттың талаптары орындалмаған болса, соттар аталған істерді қарау барысында борышкердің кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкіндігін белгілейтін АК 317-бабының 2-бөлімінің ережесін ескерген жөн.

17.07.2015 жылғы ҚР Заңымен АК 317 б. 2 тармағына өзгерістер еңгізіліп, келесі мәтінде екінші баппен толықтырылған.

Егер борышкердың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн. Бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

1) орындалмаған міндеттеменің сомасы (тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбастан) тараптар кепіл туралы шартта айқындаған, кепілге салынған мүлік құнының он пайызынан кемін құрағанда;

2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу кезеңі үш айдан кем болғанда, кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзу өте болмашы және кепіл ұстаушы талаптарының мөлшері кепiлге салынған мүлiктiң құнына анық мөлшерлес емес болып табылады.

Егерде шартты орындау мерзімі туындамаса, бірақта, кепіл ұстаушы барлық қарыз сомасын мерзімнен бұрын өндіріп алу үшін сотқа жүгінсе, соттар АК-нің 321-бабының 1-бөлімінің талабын ескерген жөн.

Оған сәйкес кепіл ұстаушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің келесі жағдайларда мерзімнен бұрын орындалуын талап етуге құқылы:

1) егер кепiл туралы шарттың ережелерiне сәйкестендiрiлмей кепiлге салынған нәрсе қалдырылған кепiл берушiнiң иелiгiнен шығып кетсе;

2) кепiл берушi кепiлге салынған нәрсенi ауыстыру туралы ережелердi бұзған (осы Кодекстiң 314-бабы);

3) егер кепiл берушi осы Кодекстiң 314-бабындағы 2-тармақта көзделген құқықты пайдаланбаса, кепiл ұстаушы жауап бермейтiн (осы Кодекстiң 313-бабының 2-тармағы) мән-жайлар бойынша кепiлге берiлген нәрсе жоғалған жағдайда;

4) кепіл берушіде өзге мүлік болмаған кезде кепіл ұстаушы талабының алдында басымдыққа ие болмайтын үшінші бір тұлғалар алдындағы атқарушылық құжаттар бойынша кепіл берушінің міндеттемелерін орындау мақсатында кепілге салынған нәрседен ақы өндіріп алуды талап етуге құқылы.

  1. Кепiл ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауды талап етуге құқылы, ал егер оның талабы қанағаттандырылмаса:

1) кепiл берушi кейiнгi кепiл туралы ережелердi бұзған;

2) кепiл берушi осы Кодекстiң 312-бабындағы 1-тармақтың 1 және 2- тармақшасында және 2-тармақта көзделген мiндеттемелердi орындамаған;

3) кепiл берушi кепiлге салынған мүлiкке билiк ету туралы қағидаларды (осы Кодекстiң 315-бабының 2-тармағы) бұзған;

4) кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған (осы Кодекстің 317, 720 және 722-баптары, «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы) жағдайда кепiл нысанасына өндiрiп алуды қолдануға құқылы.

Сонымен қатар, талап қоюшының осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамауына байланысты АІЖК-нің 249 бабының 1 тармағының негізінде талапты қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарымдары бар.

Сонымен, Алматы облысының №2 Еңбекшіказақ аудандық сотының 17 шілде 2015 жылғы ұйғарымымен, «Каскелен» Несиелік серіктестік» ЖШСнің Т.Жолумбековке қатысты, үшінші тұлға – «Жолсеит» шаруа қожалығының кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу талап арызы дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамауына байланысты АІЖК-нің 249 бабының 1 тармағы негізінде талап қараусыз қалдырылған.

Сотпен қарыз алушының Несиелік келісім бойынша 18 сәуір 2006 жылғы №52-3-б кепіл шарттың міндеттерін орындалуын қамтамасыз етуде Т.Жолумбековтың жеке меншігіндегі Енбекшіқазақ ауданы, Ащыбұлақ ауылы, Абая көшесі, №14 үй мекен-жайында орналасқан 1423 гектар жер телімімен үйі берілген.

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 02 мамыр 2012 жылғы шешімімен «Жолсеит» шаруа қожалығынан 5 064 537 теңге көлемінде берешек ақша өндірілген. Сот шешімі орындалмағандықтан, 4 528 537 теңге берешек қалған, несие беруші кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу талабымен жүгінген.

Сот талапкермен дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібі сақталмаған, жауапкердің соттан тыс тәртібіпен кепілге салынған мүлікті өткізу мүмкіндігі жойылмаған, бұл іс бойынша кепілдік мүлікті сот жүзінде іске асыру алдын ала қарастыру жағдайы жоқ деген қорытындыға келген.

Сондай ақ, сот жылжымайтын мүлікті өндірудің негізі және тәртібі ҚР-ның «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның ережесінде қарастырылған, бұл бойынша сот орындаушымен борышкердің кепілге салынған мүлікті өндіру сауда арқылы рұқсат етілген, егерде борышкерде ақшалай қаражат және басқа мүлкі болмаған жағдайда. Соттың бұл ұстанымы қате болып көрінеді.

Соттан тыс тәртібімен өндіру құқы дауды алдын ала сотқа дейін шешудің болып табылады және АК-нің 9 бабының 3 бөліміне сай, несие берушінің құқығын қорғаудың бір тәсілі болып табылады. Мүлікті соттан тыс тәртібімен өндіру несие беруші-кепіл алушының құқы болып табылады және «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңның 20 бабының 3 тармағы бойынша сот жүзінде өндіру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сонымен осы санаттағы істер бойынша дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібі қарастырылмаған.

Сондықтан іс негізінен қаралып, сотқа заңмен қарастырылған кепілдегі мүлікті сотта өндіру негізі бар жоғын анықтау қажет еді. АК-тің 319 бабының 3 бөлігіне сай, Кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша сот кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы шешiмiнде оның жария саудаға салынып сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге қалдыруға құқылы.

«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңның 21 бабының 4 бөліміне сай, Кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша дәлелдi себептерi болса, сот кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндірiп алу туралы шешiмде оның iске асырылуын, егер:

1) ипотека шарты бойынша ол қандай жылжымайтын мүлiктi кепiлге бергенiне қарамастан, кепiл осы азаматтың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруымен байланысты болмаған жағдайда, кепiл берушi азамат болып табылса;

2) ипотеканың мәнi ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң құрамындағы жер учаскесi болып табылса бiр жыл мерзiмге дейiн кейiнге қалдыруға хақылы. Кепiлге берiлген жылжымалы мүлiктi өткiзудi кейiнге қалдыру тараптардың негiзгi мiндеттеме жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды және борышқорды кредитордың кейiнге қалдырылған мерзiмде ұлғайған шығындарын, оған тиесiлi сыйақы мен айыпты өтеуден босатпайды.

Егер кепiл берушi өзiне берiлген кейiнге қалдыру мерзiмiнiң шегiнде кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырған болса, сот кепiл берушiнiң мәлімдеуі бойынша бұл шешiмдi өзгертедi.

  1. Ипотеканы өткiзудi кейiнге қалдыруға мынадай жағдайларда:

1) егер ол кепiл ұстаушының қаржы жағдайын елеулi түрде нашарлатуға әкелуi мүмкiн болса;

2) егер кепiл берушiге немесе кепiл ұстаушыға қатысты оны банкрот деп тану туралы iс қозғалса, жол берiлмейдi.

Зерттелген сот актілері бойынша, соттар заңның бұл қағидасын сирек қолданатыны байқалады, кейінге қалдыру мүмкіндігі берілмеген.

АК-тің 305 бабына сай, борышқордың өзi де, үшiншi жақ та кепiл берушi болуы мүмкiн.

АК-тің 288 бабына сай, негiзгi борышқор несие берушiнiң мiндеттеменi орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлiгiнде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлiмдеуi мүмкiн екендiгi заң құжаттарында немесе несие берушi мен борышқордың арасындағы мiндеттеме ережелерiнде көзделуi мүмкiн.

АК-тің 357 бабына сай, заңдарға немесе мiндеттеменiң шарттарына сәйкес негiзгi борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершiлiк) басқа адамның жауапкершiлiгiне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейiн кепiл берушi талапты негiзгi борышқорға қоюға тиiс.

Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн.

Сонымен, кепілді үшінші тұлғаға берген жағдайда, борышкердің міндетті орындауда қамтамасыз етудегі туындаған құқықтық қатынастар заттай кепілдік болып табылады.

Заттай кепілдікте заттай кепіл беруші мүліктің негізгі борышкері үшін берілген кепіл шегінде жауап береді. Сондықтан заттай кепілдікте несие беруші міндетін орындауды алдымен борышкерден содан соң орындалмаған бөлігі бойынша кепілдік берушіден (поручитель) талап етуге құқы бар. Сондай ақ, мемлекеттік бажды төлеу жөнінде сұрақтардың мәселесі туындайды.

АК-тің 292, 299 баптарына талаптарына сай, кепіл шарты (ипотека) негізгі ақшалай міндеттің орындалуын қамтамасыз ететін қосымша міндет болып табылады. Борышкердің өз міндетін тиісінше орындамаған жағдайда, несие беруші қарызды өндіру бойынша сотқа жүгінгенде талаптың құнына қарап мемлекеттік баж төлеуі тиіс,

АК-нің 102 бабымен белгіленген ережеге сай, талап қою бағасы бойынша, бұндай жағдайда кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу талапқа қосымша мемлекеттік баж төлеуге (обложению) жатпайды. Кепілге салынған мүліктен ақы өндіру талап дербес қойылған жағдайда, мемлекеттік баж мөлшері кепілге салынған мүліктің құнына қарап төленуі тиіс.

істерді қараған кезде АК-нің 317 бабының 1 бөлімінде көзделген кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу негiздерiн ескеру қажет.

 Сонымен қатар, АК-нің 317 бабының 2 бөліміндегі кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн деген жағдайға және АКнің 321 бабымен кепіл алушының міндетті мерзімінен бұрын талап етуі және өндіруді кепілдік мүлікке айналдыру талап көзделген жағдайларға назар аудару қажет.

Үшінші тұлғалардың кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу талабы туралы істерді қараған кезде АК-нің 288, 357 баптарында көзделген заттай кепіл берушінің жауапкершілігі басталу негізін ескеру қажет (субсидиялық жауапкершілік).

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу