Тұрғын үй құқығы қатынастарынан туындайтын даулар
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 25-бабымен адамның өзінің және оның отбасының әл-ауқаты мен денсаулығын күтіп, қолдау үшін қажетті өмір сүру деңгейінің құрамына тұрғын үй-жай секілді міндетті құрамдас бөлігі енгізілген.
Әрбір адамның тұрғын үй-жайға деген айырылмас құқығы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық келісімінде де (пакт) бекітілген (11-ші бап). Осы орайда, Азаматтық және мәдени құқықтары туралы халықаралық келісімінің 12-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, тұрғын үй-жайға деген адамның құқығы өз мекен-жайын таңдау еркіндігі жағдайында жүзеге асырылуы қажет.
Адамның тұрғын үй-жайын құрметтеу қажеттілігі Адамның құқықтарын және негізгі еркіндіктерін қорғау туралы еуропалық Конвенциясының 8-бабында да атап көрсетілген. Халықаралық құқықтық актілерінің ережелерін (қағидаларын) ескеруімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында азаматтарды тұрғын үй-жаймен қамтамасыз етудің жағдайларын жасау бекітілген.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» 16.04.1997ж. № 94-1 Заңының 87-бабына сәйкес адамдарды осы заңның 85, 86-баптарында белгіленген мерзімінен артық уақыт болмауы салдарынан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану жалға берушінің немесе бұл үй-жайда тұруға қалған жалға алушының (қосымша жалға алушының) не оның отбасы мүшелерінің (бұрынғы мүшелерінің) талабы бойынша жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген заңның 85-бабының 1-бөлігіне сәйкес жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелері уақытша болмаған кезде оларға мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй 6 ай бойы сақталады.
Сонымен, 6 айдан аса уақыт болмауы салдарынан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы талаптарды қоюдың негізі ретінде жалға берушінің немесе сол үй-жайда тұруға қалған жалға алушының (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасы мүшелерінің (бұрынғы мүшелерінің) талабы бойынша жүзеге асырылады.
Ведомстволық бағыныстылық және соттылық.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген істердің ведомстволық бағыныстылығына сәйкес тұрғын үй құқықтарының бұзылуын қорғауды жалпы хұкімдік (юрисдикция) сотымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 33- бабының 1-бөлігіне сәйкес, жер учаскелеріне, үйге, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады.
Аталған норманы қолдану барысында судьяларда даудың соттылығын айқындауымен байланысты қандай да бір қиындықтар туындамаған. Тұрғын үй қатынастарына қатысушыларының тізімі Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 9-бабымен белгіленген.
Жоғарыда көрсетілген заң нормасына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік заңды тұлғалар мен шетелдіктер, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғалармен және азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және сондай міндеттерді мойнына алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай міндеттерді мойнына алады.
Мысалы, Астана қаласы Алматы аудандық сотының 16.01.2015 жылғы № 2- 712 шешімімен Н.Казбаеваның «мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайымен пайдалану құқығынан айырылған деп тану» туралы К.Казбаевқа қатысты талабы қанағаттандырылған.
Сотқа талапты беруге талапкердің бұрынғы жұбайы К.Казбаевтың аталған тұрғын үй-жайда алты айдан астам уақыттан бері тұрмайтындығы, өзінің басқа адаммен некелескені негіз болып табылған. Жалға алу туралы келісім-шартына жауапкерді қосу аталған келісім-шартты қайта жасатып, оған өзінің жұбайын енгізуге кедергі болып тұр.
Сотпен 04.05.2014ж. Н.Казбаева мен «Астана қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің арасында Астана қаласы әкімдігінің 20.01.2014ж. № 182-62 қаулысына сәйкес қызметтік тұрғын үй-жайға теңестірілген тұрғынжайды жалдау (жалға алу) туралы № 66 келісім-шарты түзіліп, аталған келісім-шартқа сәйкес жалға алушы мен оның отбасы мүшелеріне: күйеуі К.Казбаевқа және қызы А.Казбаеваға, Астана қаласы, «Оңтүстік-шығыс» мөлтек ауданы, Іле көшесі, № 30/1 үйдің № 159-шы екі бөлмелі пәтер жалға берілгені анықталған.
Іс жүзінде пәтер келісім-шарт түзілгенге дейін 09.01.2014 жылғы актісі бойынша Н.Казбаеваның пайдалануына берілген. 2014 жылғы шілдеде талапкер мен К.Казбаевтың арасындағы неке бұзылып, аталған мән-жай неке бұзу туралы куәлігімен расталған.
Бұл ретте талап арызда талапкер мен К.Казбаевтың арасындағы неке қарымқатынастары іс жүзінде 2014 жылғы ақпаннан тоқтатылғаны көрсетіліп, аталған мән-жай өз кезегінде жауапкердің өкілімен жоққа (теріске) шығарылмаған.
Аталған уақыттан бері талапкер мен оның қызы жоғарыда көрсетілген пәтерге өздері тұру үшін кіріп, ал К.Казбаев басқа пәтерде тұруға қалған. Алайда, 06.10.2014 жылы талапкер Н.Казбаева А.Елемановпен некеге тұрып, аталған уақыттан бері көрсетілген пәтерде отбасы мүшелерімен, яғни қызы А.Казбаевамен және жұбайы А.Елемановпен бірге тұрып жатыр. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 87-бабына сәйкес «Адамдарды осы заңның 85 және 86-баптарында белгiленген мерзiмiнен артық уақыт болмауы салдарынан мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану жалға берушiнiң немесе бұл үй-жайда тұруға қалған жалға алушының (қосымша жалға алушының) не оның отбасы мүшелерiнiң (бұрынғы мүшелерiнiң) талабы бойынша жүзеге асырылады».
Заңның 85-бабының «Жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелерi уақытша болмаған кезде оларға мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталатынын.
Егер жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелерi дәлелдi себептермен алты айдан артық уақыт болмаса, бұл мерзiм болмаған адамның өтiнiшi бойынша тиiсiнше ұзартылатынын» қарастырады. Сотпен жауапкер К.Казбаевтың жалға алынған пәтерде ешқашан тұрмағандығы, яғни алты айдан астам уақыт бойы болмағандығы анықталған. Жалға алушының пәтерде болмауының себебі дәлелді болып табылмайды, өйткені ол аталған пәтерді пайдалануға мүдделі болмаған.
Заңмен мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үйдің азаматтар үшін сақталу жағдайларының толыққанды тізімі белгіленген.
Айтылғандарға байланысты жауапкер К.Казбаевтың пәтерде заңмен белгіленген мерзімнен аса уақыт бойы болмағаны, сондай-ақ, жауапкердің талапты мойындағаны себепті, сотпен талапкердің «жауапкерді пәтерді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы» талабын қанағаттандыруы негізді болады.
Басқа іс бойынша Павлодар қалалық сотының 06.04.2015 жылғы № 2- 2896 шешімімен М.Сидоренкованың Н.Сидоренковаға қатысты «мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы» талабы қанағаттандырылған.
Сотпен Индустриалды аудандық Халық депутаттар кеңесі атқару комитетінің 26.10.1977 жылғы № 21/532 шешімінің негізінде Л.Сидоренковаға оның отбасы мүшелері, яғни Л.Сидоренкованың өзі, қызы Н.Сидоренкова, ұлы – М.Сидоренков, ұлы – В.Сидоренков, ұлы – В.Сидоренковтарға Павлодар алюминий зауытынан Павлодар қаласының Гагарин көшесіндегі № 44/1 үйден № 64-ші пәтері берілгені анықталған. Пәтерді жалға алушы Л.Сидоренкова 12.10.2014ж. қайтыс болған. Жалға алушының отбасы мүшелері, яғни В.Сидоренков 21.06.1983 жылы және В.Сидоренков 14.08.1986 жылы қайтыс болған. Жауапкер Л.Сидоренкова аталған пәтерде ешқашан тұрмаған, оны күтіп ұстау ауыртпалығын көтермеген, пәтерді жөндеуге жұмсалған шығындарды және коммуналдық қызмет ақыларын төлемеген.
Сотта жауап алынған куәгерлер О.Сидоренкова, Г.Коновалова, В.Стельвага, В.Мишутина аталған пәтерде М.Сидоренковтың отбасымен бірге тұратынын, ал жауапкер Н.Сидоренкованың бұл пәтерде ешқашан тұрмағанын және тұрмайтынын қуатталған. Көрсетілген мән-жайларға сәйкес талап дұрыс, негізді қанағаттандырылған. Қарағанды облысы Саранск қалалық сотының 07.07.2015 жылғы № 2- 1386 шешімімен Сарань қалалық әкімдігінің «мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы» талабы қанағаттандырылған.
Сотпен Ақтас кенті, 1-ші мөлтек ауданы, № 6 үйдегі № 75 пәтердің коммуналдық меншікте екендігі, ал оның құқық иеленушісі ретінде «Сарань қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылатыны анықталған.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалға алу туралы 29.03.2013 жылғы № 89 келісім-шартқа сәйкес аталған пәтер А.Бажироваға оның үш адамнан тұратын, соның ішінде 28.10.2008ж. туылған қызы Л.Бажирова мен 22.10.2011ж. туылған ұлы М.Бажировтың құрамындағы отбасы бар екендігі ескеріле отырып берілген.
Сотта анықталғанындай, жауапкер А.Бажирова пәтерде 2014 жылғы маусымнан бері дәлелді себептерсіз тұрмайды. Пәтер бос тұр және ол бойынша жалпы 184 170 теңгені құрайтын коммуналдық төлемдері мен жалдау ақысының қарыздары орын алған.
Іс жүзінде тұратыны жөніндегі 11.12.2014 жылғы актісі бойынша Ақтас кенті, 1-ші мөлтек ауданы, № 6 үйдегі № 75 пәтердің 2014 жылғы маусымнан бері ашық екендігі, кіретін егісі бұзылғаны анықталған. Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 07.10.2014 жылғы шешімімен А.Бажированың кәмелетке толмаған, балалар мекемесіндегі перзенттері: 28.10.2008ж. туылған қызы Л.Бажирова мен 22.10.2011ж. туылған ұлы М.Бажировқа қатысты ата-аналық құқықтары шектелген.
Сарань қаласы әкімдігінің 05.02.2015 жылғы № 04/07 қаулысымен А.Бажированың перзенттері балалар үйіне орналастырылып, олардың атына олар кәмелетке толғанға дейін Ақтас кенті, 1-ші мөлтек ауданы, № 6 үйдегі № 75 пәтерінде тұрғынжай алаңы сақталған.
Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 06.05.2015 жылғы № 2- 1450 шешімімен «Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «адамды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы» талабы қанағаттандырылған.
Сотпен Теміртау әкімдігінің 12.07.2012 жылғы № 27/31 тіркеу органында тіркелген қаулысының негізінде Теміртау қаласы, Димитров көшесі, № 38 үйдегі №62 пәтердің коммуналдық меншікте екендігі анықталған. Жауапкер Л.Толстова жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша 26.07.1994 жылдан бері тіркелген.
Теміртау қаласы, Димитров көшесіндегі № 38 үйдің № 62 пәтерді зерттеу актісінен 16.09.1999 жылғы № 231 тұрғынжайды жалға алу (жалдау) келісім-шарты бойынша Л.Шнайдер өзінің ұлымен тұратыны; бұрынғы пәтер жалдаушы С.Зенковтің 1998 жылы қайтыс болып, ал оның қызы Л.Толстованың 15 жылдан астам уақыттан бері бұл пәтерде тұрмайтыны; соңғының мекен-жайы белгісіз екендігі анықталған.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 85-бабының 1-тармағына сәйкес «Жалға алушы немесе оның отбасының мүшелерi уақытша болмаған кезде оларға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады». Көрсетілген іс бойынша қабылданған шешім Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 87-бабының талаптарына сәйкес келеді.
Шығыс-Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 02.07.2015 жылғы № 2-6109 шешімімен «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «тұрғынжайды пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы» Е.Афиногеновке, Е.Зиновьеваға қатысты талабы қанағаттандырылған.
Сотпен Өскемен қалалық әкімдігінің 22.12.2005 жылғы № 1333 қаулысының негізінде Ю.Гончарованың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж ретіндегі төрт адамнан тұратын отбасына Өскемен қаласы, Комсомол көшесі, 37/1 - 48 мекен-жайында орналасқан жалпы алаңы 49,83 шаршы метрлі екі бөлмелі пәтер бөлінгені анықталған. Сол күні жалдау келісімшарты жасалған.
Жалға алушы Гончарова Ю. 21.10.2013 жылы, ал оның жұбайы С. Гончаров – 21.04.2013 жылы қайтыс болып, олардың перзенттері Е.Афиногенов пен С.Гончаров Ресей Федерациясына тұрақты тұруға кеткен.
Дәл осындай негіздермен және дәл осындай, яғни талапты қанағаттандыру жөніндегі шешімдер, басқа істер бойынша да шығарылған (Астана қаласының Алматы аудандық сотымен № 2-2987 шешімі; Семей гарнизонының әскери сотымен №№ 2-13, 2-28 шешімдері;
Павлодар қалалық сотымен №№ 2-4786, 2-10278, 2-9102 шешімдері; Қарағанды облысының Октябрь аудандық сотымен № 2-3949 шешімі;
Жезқазған қалалық сотымен № 2-525 шешімі;
Теміртау қалалық сотымен №№ 2-1450, 2-822, 2-527 шешімдері;
Приозерск қалалық сотымен № 2-774 шешімі;
Өскемен қалалық сотымен №№ 2-6109, 2-5516, 2-5186 шешімдері;
Семей қалалық сотымен № 2-4728 шешімі;
Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотымен № 2-1911 шешімі; Алматы қаласының Жетісу аудандық сотымен № 2-2315 шешімі;
Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотымен В.Клачкованың талабымен;
Тараз қалалық сотымен З. Кичигинаның талабымен).
Сонымен, соттармен жауапкердің қандай себеппен және қаншалықты ұзақ мерзімде тұрғын үй-жайында болмағаны, оның тұрғын үй-жайдан шығуы (кетуі) ерікті немесе мәжбүрлі екені, тұрғын үй-жайын пайдалану барысында онда тұратын өзге адамдардың тарапынан жауапкерге кедергілер келтірілген бе, ол тұрғын үй-жайы үшін және коммуналдық төлемдерді төлеп тұрған ба деген мәселелері анықталған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Рассмотрение споров возникающих из жилищных правоотношений
37 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 16 июля 2007 года №5 каз
35 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 20 апреля 2006 года №3 каз
33 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 16 июля 2007 года №5 рус
33 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 20 апреля 2006 года №3 рус
33 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (2)
49 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі (1)
47 рет жүктеп алынды -
Решение суда (3)
41 рет жүктеп алынды -
Решение суда (2)
40 рет жүктеп алынды -
Решение суда (2)
34 рет жүктеп алынды -
Решение суда (1)
36 рет жүктеп алынды -
Решение суда (1)
34 рет жүктеп алынды