Жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажына алып қоюына байланысты даулар
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы күшіндегі мемлекеттік мұқтажы үшін иеліктен мәжбүрлеп шығарылуы оны тең бағалы өтеу кезінде заңда қарастырылған ерекше жағдайларға байланысты жүргізілуі мүмкін.
Ерекшеліктері
- Мемлекеттік мұқтаждыққа алынған жер учаскелерін алып қоюына байланыстыжер учаскесінен мәжбүрлеп иеліктен шығару немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою тек жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылуы мүмкін.
Ерекше қарауына жататындар:
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы расталмаған жағдайда сол жер учаскесінде орналасқан ғимараттар,құрылыстар және өзге де жылжымайтын мүлік объктілері(тұрғын жайлар, тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттар), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер), тұрғын емес ұй-жайлар) құқықтық кадастр мәліметтері немесе құқық беруші құжаттарының негізінде мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлеп иеліктен шығарылуы мүмкін.
2.Алып қойылатын меншік иесінің тарапынан талаптары болған кезде мемлекеттік мұқтаждыққа
мүлікті алып қоюдан бас тарту еріксіз иеліктен шығару рәсімі жариялығының бұзылуы болып есептеледі.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою
туралы хабарлама алған сәтінен бастап мемлекет оны сатып алуына басым құқығы болады.
«Мемлекеттік мұқтаждыққа жер учаскелерін алып қоюына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қоюды жүзеге асыру» принциптері (бұдан әрі – жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару).
1) Жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару айырықша жағдайы болып табылады;
2)Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкіндігі болмаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін;
3)Мемлекеттік мұқтажын қанағаттандыру үшін қажет болатын көлемде ғана рұқсат етіледі;
4) Мемлекеттік мұқтажын қанағаттандырудың өзге де(балама) болған жағдайда жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді;
5)Кез келген мүлікті алып қою мемлекеттік мұқтаждыққа мүлікті алып қою деп есптелмейд:
- мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын көздеген жағдайда;
- мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттары;
- мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсаттарынан пайда болған жағдайда;
- қоғамдық маңызды мақсаттарын көздеген жағдайда.
Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптерінің бұзылу зардабы: мемлекеттік мұқтаждыққа жер учаскесін алып қою және жер учаскесін мәжбүрлеп алып қоюдың басталуы туралы қабылданған қаулының күшін жоғалтуына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қоюы соттың бас тартуына негіз болып табылады.
Жер учаскесін мәжбүрлеп алып қоюдың басталуы.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп алып қоюдың басталу уақыты -қаулы шығару мерзімі:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен;
2) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне сәйкес.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп алып қоюдың басталуы туралы қаулысында көзделгендері:
-мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты мен г негіздері;
-орналасу жері, аумағы, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
-мүліктің иегері немесе мемлекеттік емес жерді пайдаланушы;
-мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мерзімі, бірақ осы қаулы ресми түрде басылып шыққаннан кейін үш айдан ерте емес уақытында;
-келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жерді пайдаланушылардың жүгіну орны. -жер учаскесін мәжбүрлеп алып қоюына байланысты басқа да мәліметтер.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулысы Қазақстан Республикасы заңында көзделген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулысы республикалық немесе жергілікті ақпарат құралдарында қабылданған сәтінен бастап үш күн ішінде жариялануы тиіс.
Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың қайтадан рәсімделуін өткізу:
- Нысаны: өзгерістер мен толықтырулар туралы қаулының шығарылуы.
- Негіздері: егер қаулыға төмендегі жағдайларға байланысты өзгерістер еңгізілсе:
- орналасу орны,
- аумағы,
- жер учаскесінің кадастрлық нөмірі,
- мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мерзімі..
- Қайта рәсімдеу жүргізудің зардаптары: мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі өзгерістер мен толықтырулар туралы қаулысын жариялау мерзімінен бастап қайта жүзеге асырылады.
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулысы республикалық немесе жергілікті ақпарат құралдарында қабылданған сәтінен бастап үш күн ішінде жариялануы тиіс.
- Өзгерістер мен толықтыруларды еңгізу туралы қаулы Қазақстан Республикасының заңында көзделген тәртіппен шағымдалуы тиіс.
Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін тоқтату:
1) Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыны қабылдаған органмен жүзеге асырылады;
2) нысаны: мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату туралықаулы қабылдау;
4) Жер кодексі жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтату үшін негіз бола алады;
5) Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулысы республикалық немесе жергілікті ақпарат құралдарында қабылданған сәтінен бастап үш күн ішінде жариялануы тиіс.
Мемлекеттік мұқтаждыққа мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімін ұзарту.
1) Негіздері: жер учаскесіне меншік құқығы тіркелмегкен жағдайда жер учаскесіне жеке меншік құқығын растау бойынша қажетті іс-шараларын жүргізу үшін;
2) Мерзімі:кемінде алты ай;
3) Нысаны: мерзімді ұзарту бойынша қаулы шығару;
4) Ерекшелігі:жеке меншік құқығы расталғанына қатысты жерді пайдалану құқығында мұндай нұсқаулары заңда жоқ,
Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама
1) Орган: Атқарушы орган немесе жоғары тұрған оганның тапсырмасы бойынша төмен тұрған атқарушы орган;
2) Мерзімі:қаулы жариланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей;
3) Жағдайы: меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны жіберу;
4) Хабарламадағы қосымшасы: жер учаскесін сатып алу туралы шарттың жобасы;
5) Қолға тапсыру хабарламасы бар тапсырысты хат жөнелтілген уақытта пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама болмаған жағдайда құжаттар қайта жіберіледі;
6) «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік құқықты тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама мемлекеттік тіркеуге жатады, өйткені заңды дәмегөйлік болып табылады
Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару
1) Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталу туралы қаулысында көзделген мерзімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады;
2) меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімі берілген жағдайда,егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңында көзделмегендері болса не сот шешімімен;
3) Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың негіздері:
-мемлекеттік мұқтаждыққа жер учаскелерін алып қоюына байланысты жер учаскесін немесе басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарты;
- немесе сот шешімі.
Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізудің негізі бола алмайтын жағдайлар:
- Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы соттағы дауланбаған немесе бас тартылмаған қаулысы,
- Шартқа отыру тәртібін бұзу және оның мазмұны( Заңның 65 бабы 5т.6т. ).
Жер учаскесін сатып алу туралы шартқа отыру рәсімі (бұдан әріШарт)
- Жергілікті атқарушы орган меншік иесі немесе жер пайдаланушы хабарлама алған сәтінен бастап екі мерзім ішінде тиісті жергілікті өкілетті органға шарт хобасын ұсынады.
- Шарт жобасы шығарылған мерзімінен бастап екі аптадан кешіктірмей меншік иелері және құқықтары тоқтатылған не шегерілген тұлғалар шақырылып,жергілікті өкілетті органның тұрақты коммисиясымен қаралады.
3.Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен келісімге қол жеткізгенде Келісімшарт
- атқарушы органмен бекітіледі;
- жергілікті өкілетті органмен келісіледі;
-меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы қол қояды.
- Келісімшарттың мазмұны:
1) алынатын жер телімінің бағасы және жылжымайтын нысанның идентификациялық сипаттамасы немесе жер телімі меншік иесі немесе жер пайдаланушыға берілетін жер телімі немесе алынған жер телімі орына беріледі;
2)егер берілетін жердің алып қойған жердің құны жоғары болса, оның айырмашылығын көрсетеді ;
3) қайтарылатын шығынның өлшемі, оның ішінде жылжымайтын мүлік құны, қайтарылатын жер телімі мемлекттің мұқтажына өтетін болса, ықтиярынсыз қайтарылатындай себеп болса;
4) меншікке берілетін мемлекеттік мұқтаж үшін алынған жер телімінің орнына берілетін жер телімі немесе мемлекеттік мұқтажға қайтарылып алынған жер телімі немесе жылжымайтын мүліктің бағасы, алынған жер төлемі үшін немесе басқа да жылжымайтын мүліктер үшін төлейтін мерзімі;
5) мемлекеттік мұқтаждық үшін иеліктен шығарылған мүлік құрамы;
6) иеліктен шығарылған мүлікке байланысты тұлғалардың құқықтары шектетілген және тоқтатылған тұлғалардың тізімі;
7) мемлекеттің мемлекеттік мұқтаждық үшін мүлікті сатып алынатын шығындарды қаржыландыру тәртібі.
Жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арызымен сотқа шағымдануы
- Орган – жергілікті атқарушы орган. Атқарушы орган құқығы болып табылады. Жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арызымен сотқа шағымдануына негіздеме:
1) мүлікті мемлекеттің мұқтажына меншік иесінен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысымен келіспеуі басталғанда;
2) немесе мемлекеттің мұқтажына алынатын жер телімінің бағасына және қайтарылатын, шығын көлеміне келісімге келмеген жағдайда.
- Арызбен шағымданатын мерзім: меншік иесінің немесе жер пайдаланушының ескертпені алған күннен бастап үш айдың ішінде шағымдана алады, бірақ жер телімін мемлекеттік мұқтажға мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулының шыққан мерзімінен (датасы) кеш болмауы керек.
- Жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы арызды азаматтық істерін қарау мерзімі - соттың істі қарауға дайындау мерзімі аяқталғаннан кейінгі бір ай ішінде.
- жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы арызға бас тартқанда, арызды беру мен жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулының қабылдануы нәтижесінде, меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға келтірілген шығындар болған жағдайда, ол бюджеттен қайтарылады.
Жеке меншік иесі құқығы мен жер пайдалнушының құқығының тоқтатылуы, сонымен қатар жер теліміне және басқа да жылжымайтын мүлікке
- жылжымайтын мүлікке деген құқығын, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын, органда мемлекеттік тіркеуден өтуі керек.
- тіркеуге ұсынылатын құжаттар тізбегі: -келісімшарт немесе соттың шешімі; -жергілікті атқарушы органның өтініші; -шығынның өтелгенін дәлелдейтін құжат.
- Шындығында, мемлекеттік мұқтаждық үшін алынған жер телімі меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға сол жер телімінің құнына тең бағалы өтелген соң жер телімін тапсыру жүзеге асырылады.
Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланущшының құқықтары
1) Заң шығарушы көрсетілген тұлғалардың құқықтарын белгілі бір мерзім ішіне реттейтіндігін ескеру керек: жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару процедурасының басталғаны туралы хабарламаны алған сәттен бастап мемлекеттік мұқтаждық үшін алынатын жер телімінің құнына және шығын көлеміне келісімге келген, немесе жер телімін мәжбүрлеп алу туралы соттың шешіміне дейін.
2) құқықтары: - өзіне тиесілі жер теліміне немесе басқа да жылжымайтын мүлікті, мақсатты міндеттеріне сәйкес аталған мүлікті пайдалануды қамтамасыз ететін құқығын жүргізуге, қажетті шығындарды өтеуге; - егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушысы мемлекеттік мұқтажға алынғанна кейін, қалған бөлігін бұрынғыша жерді мақсатты пайдалана алмаса, барлық жер телімі иеліктен шығарылады;
3) көрсетілген кезеңде жаңа құрылыс, кеңейтілуі немесе ғимаратты қайта құрумен байланысты келтірілген шығындар, зиян келтіру тәуекелділігі бар;
4)мемлекеттік қажеттілік үшін алынатын меншік иесінің құқығы сотпен жүзеге асырылады.
Жер телімін иеліктен шығару процедурасы жаңа құқықы иеленушіге қатысты қолданылады (жалғастырылады)
1.Иеліктен шығару немесе басқа да негіздерменжылжымайтын мүлікке құқығы ауытырылғанда.
- құқық иеленуші ауысқанда әмбебап құқық мирасқорлық қолданылады.
Сотпен жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдағанда, немесе жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы процкдураның басталғаны туралы ескертпе алынған сәттен бастап мемлекеттік қажеттілік үшін алынған мүліктің құнын акелсімге келгенше дейінгі немесе қайтарылуға тиіс шығын көлемі туындаған жағдайда ғана.
Жер телімі құнын айтару өлшемі
- Жалпы ережелер: меншік иесінің мемлекеттен алған, мемлекет қажеттілігі үшін алынған жер телімінің құны (шығынды есетемегенде) ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 67-бабы 2 бөлімімен көзделген жағдайлардан басқа, мемлекетке төленген сомманың көлемімен анықталады.
- мемлекеттің бөліп төлеумен сатылған жер теліміне толық төленбеген жағдайда (шығын есептелмегенде) иеліктен шығарылатын жер телімінің құны мемлекетке төленген сомманың көлемімен анықталады.
- жеке тұрғын үй тұрған жер телімі, жеке шарауашылығын жүргізу үшін, жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер телімінің құны жер телімінің құнының өлшемі және сонда тұрған жылжымайтын мүліктің, нарықтық құнынана жоғары емес, құнымен анықталады.
- меншік иесіне азаматтық –құқықтық мәмілемен ауысқан, жер телімінің құны, азаматтық –құқықтық мәмледе көрсетілген құн мен немесе соттың шешімімен, нарықтық бағасынан аспайтын, анықталады. Егер азаматтық –құқықтық келісмшартта жер телімінің құны көрсетілмеген жағдайда, жер телімінің құны лның кадастрлық құнымен анықталады.
5.жер телімінде тұрған жылжымайтын мүліктің құны, оның нарықтық құнынан аспайтын мөлшерде анықталады.
Жер телімінің нарықтық құны анықталады:
- ҚР «Мемлекеттік құн туралы» Заңының 208-бабына сәйкес тәуелсіз сарапшымен.
- меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы ескертпені алған сәттен бастап.
Шығынды толтыру көлемін анықтаудың ерекшелігі
Субъектілер бойынша:
- меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға:
1) ҚР АК-тің 9б.5б. және 4т. сәйкес, мүліктің құны мен мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шы,ару кезінде келтірілген шығынның және меншік иесі немесе мелекеттік емес жер пайдаланушының үшінші тұлға алдындағы міндеттерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты келтірілген шығындардың толық көлемімен анықталады;
2) шығын толтыру көлемі теңгемен анықталады.
- басқа тұлғаларға, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер теліміне иелік пайда болған, мәжбүрлеп қатысты құқықтары тоқтатылады немесе шектеледі:
1) осында мәжүрлі иеліктен шығару нәтижесінде пайда болатын, шығындармен көлемімен анықталады;
2) шығын толтыру көлемі теңгемен анықталады.
Мемлекеттік қажеттілік үшін мәжбүрлеп алынатын жер телімі орнына берілетін басқа жер телімі
- жер иеленушінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімі бойынша;
- берілетін жер телімінің құнын есепке аоа отыра немесе мәжбүрлеп алынатын жер телімінің құнына құқығы немесе оның кадастрлық құны бойынша құұығына.
Төлем түрлері мен шығын төлемін қайтару мерзімі:
- көрсетілген мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік –территориалды бірлікке көшкен сәтке дейін шығын көлемі толық төленуі керек;
- шығын көлемін өтеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады;
- шығын көлемін басқа, ақшадан басқа,мүлікпен өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы немесе жергілікті атқарушы орган атынан әкімшілік –территориалды бірлікпен меншік иесі арасында келісімге келгенде мүлікпен өтеуге болады. Аталған келісім мемлекеттік қажеттілікке мәжбүрлі жер телімін иеліктен шығаруға байланысты жерді немесе басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы жазбаша құрастырылған келісімшарт түрінде;
- мерзімі: шығын көлемі өтеу мемлекеттік қажеттілікке мәжбүрлі жер телімін иеліктен шығаруға байланысты немесе сот шешімінің заңды күшіне енген күннен бастап, жерді немесе басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісімшартқа қол қойылған күннен бастап бір айдан кешікпей бір жолғы төлеммен өтеледі;
- шығын көлемін бөліп төлеу қарастырылған, жер телімін мемлекеттік қажеттілікке мәжбүрлі иеліктен шығару рұқсат етілмейді;
-Заңның 67,68-баптарында бекітілген, меншік құқығы Қазақстан республикасы немесе әкімшілік –территориалды бірлікке көшкенге дейін шығын көлемін өтеу туралы талаптар және басқа да шығын көлемін өтеу шарттары,тараптардың келісімімен жойылмайды.
Жер телімін мәжбүрлі иеліктен шығарудағы келісім процедуралары
- жер телімі алынатын меншік иесі немесе жер пайдаланушы бастамашылық ұсынуға құқылы;
2) Кезеңі: бір айдың ішінде мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін мәжбүрлеп алуға байланысты жер телімін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі алу туралы жазбаша ескертпені алған сәттен бастап
3) Жергілікті атқарушы органға тиісті өтініші беру арқылы. Аталған өтініштапсырылған күнмен тіркеледі; 4) жергілікті атқарушы орган бір айдың ішінде меншік иесі немесе жер пайдаланушының келісімшарт жобасына деген өтінішін қарастыруы керек;
5) Ұсыныстар енгізіледі:
- алынатын мүліктің құрамы бойынша;
- алынатын мүлікке құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғаларға;
- шығын көлемін өтеуге жататын шығын көлемі.
-
жергілікті атқарушы орган ұсыныс түскен сәттен бастап міндетті:
- мемлекеттік қажеттілік үшін алынатын мүліктің тәуелсіз бағалау құнын анықтауды жүргізілуін ұйымдастыруға;
-мүлікті алу үшін мемлекеттің қаржыландыру шығын тәртібін анықтауға;
- мүлікке деген құқықтың көшуіне байланысты басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға.
- Келісімге қол жеткізгенде, жер телімін сатып алу туралы келісімшарт жергілікті өкілетті органға келісу үшін жіберіледі.
- жер телімінен мәжбүрлеп айырудың сот тәртібі.
Негіздеме: қызығушылық танытқан қандай да бір тараптың мүлікті табыстау туралы келісімге қол жеткізбегенде.
Қажеттіліктерді басқа да қанағаттандыру тәсілдері болған жағдайда мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімі немесе басқа да жылжымайтын мүлікттен мәжбүрлеп айыруға рұқсат етілмейді.
Соттар аталған санат бойынша келесідегі негіздемелердің бірі болғанда қарайды:
- мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімінен айыруға байланысты жеке меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімі немесе басқа да жылжымайтын мүліктен мәжбүрлеп айыру туралы қаулымен келіспеуі;
- онымен алынатын жер теліміне берілген құны туралы немесе жер телімінен айырудың басқа да шарттарымен келісімге қол жеткізбегенде;
- мүлікті тапсыру туралы келісімге қол жеткізбегенде, соның ішінде мәжбүрлі мүліктен айыруда құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғаларға да қатысты.
ҚР Жер Кодексі қандай жағдайлар ерекше қарастырылатынға жататындығын ашады:
1) Қазақстан Республикасында бекітілген, халықаралық келісімшарттардан шығатын халықаралық міндеттер;
2) ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс үшін берілетін, ерекше қорғалатын табиғи территория, сауықтандыру, рекриациялық аймақ және тарихи –мәдени мақсаттағы, арнай экономикалық аймақтың құрылуы мен қызмет етуі;
3) қазба байлықтарының кен орындарын анықтау және оны өндіру;
4) автомобиль және темір жол құрылысы, әуежай құрылысы, аэронавигация және авиатехникалық орталықтар, темір жол көлігігінің нысандары, көпірлер, метрополитен, тоннель, энергетикалық жүйе нысандары мен электр тасымалдау жүйелері, байланыс жүйесі, космос қызметін қамтамасыз ететін нысандар, магистральды құбыр, инженерлі – коммуникациялық жүйе құрылыстары, концессиялық жобаларды жүзеге асыру, елді мекендердегі жылпы қолданыстағы нысандар;
5) осы баппен бекітілген, ерекше жағдайлар тізіміне енетін, елді мекендердегі нысандар құрылысының басты жоспардың орындалуы, сонымен қатар бюджет есебінен Қазақстан Республикасында мемлекеттік Жоспарлау құжатарында қарастырылған нысандар құрылысы;
Мемлекеттік мұқтаждық үшін алынатын жер телімін айыру үшін берілген осы тізбе жеткілікті болып табылады.
Іске қатысқан тұлғалар
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Нормативті қаулысының 2007 жылғы 16 шілдедегі №6 «Соттың жер заңнамасын қабылдаудағы кейбір мәселелер туралы» 6 бөлігіне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 26, 29, 30, 33-баптарына сәйкес әкім азаматтармен, заңды тұлғалармен және мемлекеттік ұйымдармен әкімшілік-аймақтық бірліктің арақатынасы мүдделерін білдіреді. Тараптардың шешімдерін даулауда және түсініктеме бойынша әрекетте немесе жер телімдерін алып қоюдағы істер бойынша әкім аймақтық бірлік болып табылады.
Жер кодексінің 88-бабының 1-тармағына сәйкес егер жер иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімін мәжбүрлі түрде алу туралы немесе алынып отырған жер телімінің бағасымен келіспеген кезде және басқа да жағдайлар бойынша қаулымен келіспесе, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімінің мәжбүрлі түрде алынатыны туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Жер телімдерін қайтарып алу кезіндегі шығын орнын толтыру мөлшерін анықтау
Мемелекеттік мұқтажға байланысты жер телімдерін қайтарып алу процедурасы, жер телімдері иеленушілерге жер телімін мемлеке қарамағына өткізуіне орай жер телімі иесіне толықтай шығыны өтелмейінше мемлекет қарамағына өткізуге шешім шығарылмайды.
Көбіне көп қарапайым халық пен сот істерін жүргізушілердің көңілі толмайтыны талап арыз берушілердің жер телімі үшін нарықтан тыс бағаға бағаланатындығы еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағына сәйкес ешкімде өзіне тиесілі мүлкінен сот шешімінен тыс, заңсыз түрде айрылмайды. Мемлекет мұжтажына мәжбүрлі түрде меншікті қайтару тек шектеулі жағдайларда ғана заңдаа көрсетілгендей тиесілі бағамен есептелініп орнына келтірген жағдайда ғана алынады.
Азаматтық кодекстің 255-бабына сай мемлекеттік органның шешімімен жылжымайтын мүлікке ие болу құқығын тоқтату, жеке меншік иесінен меншік тартып алу бағытында, соның ішінде жеке меншіктегі жер телімін қайтарып алу, жер телімінде жеке меншік иесіне тиесілі үй, одан басқа да құрылыс нысандары, отырғызылған ағаш өскіндері болса, тек арнайы жағдайлар мен белгіленген тәртіпте заңнамалық актілерге сейкес меншік иесіне сондай дәрежедегі мүлік беріледі немесе шығарылған шығын есебінде толықтай құн төленеді, осындан кейін ғана меншіктік құқығы тоқтатылады.
Азаматтық кодекстің 9-бабының 4-тармағына сай құқығы бұзылған тұлға өзіне келген шығын есебін толықтай өндіруді талап етуіне болады, егерде заңнамалық актілермен немесе келісім шарт негізінде басқа толықтырулар қарастырылмаған жағдайда. Шығынға ену деген түсінікке құқығына нұқсан келген тұлғаның жеке меншік мүлкінен айрылуы немесе бүлінуі (анық шығын), сол сияқты күтілген кірістің алынбауы, яғни жеке тұлғаның жеке құқығы бұзылмаған жағдайда (жіберілген кіріс) өндіріс барысында келетін кірістің әдеттегі айналымнан түспеуі.
Жер кодексінің 84-бабының 1-тармағына сәйкес жер телімдері мемлекет меншігіне мұқтаж ретінде қайтарылуы жекелеген жағдайларда ғана бұл қажеттіліктерді басқаша қанағаттандыра алмайтын кезде ғана және жеке меншік иесінің келісімімен мүлік құнын толық төлегенде немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының мүлкін сот шешімімен қайтарған жағдайда.
Азаматтық және жер заңнамасы талаптарына сай, сол сияқты «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы талаптары бойынша шығынды өтеу көлемі мүлік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға мәжбүрлі түрде жер телімін мемлекет меншігіне өткізген жағдайда мүлік құнымен және мүлікке жұмсалған шығын құнымен есептеліп үшінші тұлғаның алдында міндеттеледі.
«Мемлекеттік меншік туралы» ҚР-нің 67-бабына сәйкес жер телімінің құны мемлекеттік мұқтажына алынған жағдайда (шығындарды есепке алмағанда), жек меншік иесі мемлекет тарапынан алған болса, мемлекетке төленген құн есебімен есептеледі, аталған баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайды ескермегенде ғана. Жер телімі құнын толық өтемеген жағдайда(шығындарды есептемеген жағдайда), мемлекеттен ұзақ мерзімге сатып алғанда және мемлекетке қайтадан мәжбүрлі түрде қайтарған жағдайда мәжбүрлі түрде қайтарған жер телімінің құны мемлекетке төленген сома мөлшерімен есептеледі.
Мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлі түрде қайтарылған жер телімі құны жек меншік тұлғаға жеке меншік тұрғын үй құрылысын салуға, жеке меншік шаруашылық нысанын салуға (егістік алқабы ретінде қолданғаннан басқа), жеке меншік тұрғын үй тұрғызылған болса, жер телімінің құны мен онда тұрғызылған жылжымайтын мүлік есебіне орай нарықтағы құнынан аспайтын бағаммен қайтарылады.
Мемлекеттік қажеттілігі үшін мәжбүрлі қайтарылған жер телімі құны , меншік иесіне азаматтық-құқықтық келісім немесе сот шешімімен келсе, азаматтық-құқықтық келісімдегі немесе сот шешімімен төленеді, бірақ ол нарықтық құннан артық болмауы керек.
Азаматтық-құқықтық келісімде жер телімінің құны көрсетілмеген жағдайда жер телімінің құны кадастрлік(бағамдық) құны негізінде белгіленеді.
Жер теліміне салынған жылжымайтын мүлік құны нарықтық құннан аспайтын баға негізінде белгіленеді.
Жер телімі немесе жылжымайтын мүлік құны нарықтық құннан мемлекет қажетттілігі үшін алынатын жер телімі құны тәуелсіз бағалаушымен аталған Заңның 20- бабына сәйкес жек меншік тұлға немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы алған кезде, алдын ала жер телімінің мемлекет мұқтаждығына сатып алынатындығы туралы хабарлама алуы керек.
Шығынды өтеу құны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 9- бабының 4, 5-тармақтарына сәйкес мүлік құны мен оған кеткен шығын көлемін, меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер телімін мәжбүрлі түрде мемлекет қажеттілігіне сатқанда немесе жеке меншік иесінің не мемлекеттік емес жер пайдаланушының үшінші тұлға алдында өз міндеттерін келісілген мерзімнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарастырылады.
Бұдан өзге тұлғалар үшін жер телімдері мемлекет қажеттілігі үшін мемлекет қарамағына мәжбүрлі түрде сатып алынатын жағдайда шығын құнын өтеу мөлшеріне шектеу қойылады немесе тоқтатылады, мәжбүрлі жер телімін сату кезіндегі шығындар есептеліп, жер телімінің құны анықталады. Жеке меншік жер телімі иесі немесе мемлекеттік жер пайдаланушы келісімімен мәжбүрлі түрде мемлекет қажеттілігіне сатылып алынған жер телімі үшін сондай дәрежедегі жер телімі беріледі немесе сатылып алынған жер телімі құнына сай не кадастрлік(бағамдық) құны беріледі
«Құқықтық нормативтік актілер жайында» Заңының 37-бабының 1- тармағына сәйкес құқықтық нормативтік актісінің күші туындаған мәселеге орай қолданылады.
Нормативтік-құқықтық базасы
Осы санаттағы істерді қарау кезінде соттар келесі нормативтікқұқықтық актілерін басшылыққа алуға тиіс:
1)1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясы;
2) 1994 жылы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекс;
3) ҚР 2003 жыл 20 тамыздағы Жер Кодексі(9 тарауы);
4) 2011 жылы 1 наурыздағы (6 таруы);«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік қаулылары:
- 2006 жылы 25 желтоқсандағы №8 «Соттардың мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығару жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы».
- 2007 жылы 16 шілдедегі №6« Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы». Нормативтік-құқықтық актілерді қолдану кезінде ескерілуі керек:
- актінің күші жойылған әрекет ету кезеңінде даулы құқықтық қатынастарды даулау кезінде күші жойылған нормативтік-құқықтық актілері қолданылады.
-2003 жылғы 20 маусымдағы ҚР Жер Кодексінің 169-бабына сәйкес Кодексті қолданысқа еңгізгеннен кейін жер құқығы қатынастарына қолданылады. Қарым-қатынас реттейтін Кодекстің қайшы келмейтін ережелерінде қолданылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Решение суда первой инстанции (1)
46 рет жүктеп алынды -
Решение суда первой инстанции (1)
44 рет жүктеп алынды -
Решение суда первой инстанции (2)
46 рет жүктеп алынды -
Решение суда первой инстанции (2)
54 рет жүктеп алынды -
Решение суда первой инстанции (3)
59 рет жүктеп алынды -
Решение суда первой инстанции (4)
46 рет жүктеп алынды -
Решение суда первой инстанции (5)
47 рет жүктеп алынды