Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎
Бас директор
Адвокат Ғалымжан Саржановтың Өмірбаяны / презентациясы
Адвокат Ғалымжан Тұрлыбекұлы Саржанов 1985 жылы 22 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Өркендеу ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент елді мекеніндегі Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепті бітірген.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтына оқуға түсіп, 2006 жылы осы жоғары оқу орнын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылдың мамыр айында Алматы облысы Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасында қылмыскерлерді, із-түзсіз жоғалғандарды және белгісіз мәйіттерді іздеу және анықтау бөлімінен бастаған.
2006 жылдың қараша айында Астана қаласы Полиция департаментінің жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды ашу бөліміне қызметке ауысады.
2007 жылдың желтоқсан айында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына ауысып онда еңбек жолын жалғастырады . 2010 жылы ішкі істер минитірлігінен шығып, кәсіпкерлікпен айналыса бастайды. 2012 жылы - «ZhagSar» ЖШС құрылыс компаниясының құрылтайшысы және директоры.
2012-2013 жылдар аралығында - Заң кампаниясында заңгер болып қызмет атқарған. 2013-2014 жж - «Кредитный адвокат» жеке кәсіпкерлігінің басшысы.
2014 жылдан 2020 жылдың қарашасына дейін – «Заң және Құқық» ЖШС заң компаниясының бас директоры болып онда Компания қылмыстық істер бойынша, азаматтық істер, салық даулары бойынша сотта қорғау және т.б. бойынша кәсіби заңгерлік қызметтер атқарып заңгерлік кеңестер береді.
2020 жылдың қарашасынан осы уақытқа дейін Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты лицензиясы № 20015783.
Бастапқыда 2012 жылы 1 клиентпен заңгер ретінде жеке тәжірибесін бастаған. Еңбек жолының басында Ғ.Т. Саржанов брошюраларды пайдалана отырып, өз қызметін жарнамалап, брошюраларды адам көп жиналатын жерлерде (базарларда, сауда орталықтарында, аялдамаларда, т.б.) жеке өзі іліп, тегін заңгерлік кеңестер беруден бастаған.
Жеке заңгерлік практиканың алғашқы жылдарында кеңсенің болмауына байланысты Ғ.Т. Саржанов саябақтарда, көшелерде, кафелер мен коворкинг орталықтарында азаматтарға кеңес берген. Үлкен еңбек пен күш-жігердің арқасында бүгінде Алматы қаласының орталығында «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесінің жеке офисы бар. Бір жұмыс күнінде компания еліміздің ғана емес, алыс-жақын шетел азаматтарының түрлі құқықтық мәселелерін шешуге көмектеседі. Компанияның өзінің ресми интернет-ресурсы бар, онда компанияның заңгерлері практикалық тәжірибелерімен бөлісуде.
https://zakonpravo.kz/ Веб-сайтында құқықтық құжаттардың үлгілері мен кейстер мен сот шешімдері үнемі жарияланады. Ең жиі кездесетін мәселелер несие, ипотекалық несие, микронесие беру, некені бұзу рәсімдері, шағын және орта бизнеске кеңес беру, қылмыстық істер, салық, қаржылық және корпоративтік даулар және т.б.
Адвокат Ғалымжан Тұрлыбекұлы клиенттердің құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүдделерін қорғау және сол арқылы адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарына негізделген құқықтық ортаны қалыптастыруға ықпал ету бағытында еңбек етуде. Компания ұжымы азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтардың мүдделерін қорғауға маманданған жоғары деңгейдегі кәсіби мамандардан тұрады.
Ғалымжан Тұрлыбекұлы «Amanat» партиясының мүшесі бола отырып, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, өз тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарының күнделікті мәселелерін тегін шешуде. Қаламыздың тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосуда.
2012 жылы үйленіп от баслы болған. Жұбайы - Ибраева Ақмарал Төлешқызы. «СRYSTAL BRAND» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры. Қызы – Ғалымжанқызы Ажар, мәнерлеп оқудан қалалық және халықаралық өнер байқауларының қатысушысы және жүлдегері.
Кез келген табысты адам сияқты Ғалымжанның кәсіби қызметтің маманы ретінде дамуы мен қалыптасуында оны ата-әжесі мен жұбайы үнемі ынталандырып, әрқашан моральдық қолдау мен сүйіспеншілік танытуда.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы