Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік
Азаматтық кодекстің 926-бабы «Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік».
Талапкер Н.И. П-рет Е.Б.Ж-баев пен А. Ж-еваға талап-арызбен сотқа жүгінген. Талап-арызында кәмелетке толмаған 1999 жылы туылған Е. Ж-баев Б-нский ауданының Жезкент кентінде оның ВАЗ 21215 маркалы автокөлігін айдап кеткен.
Нәтижесінде оған 473202 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Сондықтан, талапкер аталған соманы жауапкердің шешесі А. Ж-адан өндіруді сұраған. Шығыс Қазақстан облысы Бородулихинский аудандық сотының шешімімен талапкердің талап-азызы қанағаттандырылып, Ж-ева Алмагүлден П-ест Николая Ивановичтің пайдасына 437202 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілген.
Талапкердің талап-арызын қанағаттандыра отырып, сот келесі мән-жайларды дұрыс негізге алған: 22.06.2014 жылғы қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға сәйкес, қылмыс жасаған кезде Е.Б. Жо-баев кәмелетке толмаған еді, сондықтан оған қатысты Қылмыстық кодекстің 185 бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстың құрамы болмағандықтан қылмыстық қудалау қысқартылған. Е.Б. Ж-втың ВАЗ 21215 маркалы автокөлікті айдап кетуі салдарынан талапкер Н.И. П-тке материалдық шығын келтірілді.
Ғылыми арнай және сараптамалық зерттеулер Зертханасы өткізген жылжымалы мүлікті бағалау есебіне сәйкес, келтірілген шығын 437202 теңгені құрады.
Азаматтық кодекстің 926-бабының 2-тармағына сәйкес, егер он төрт мен он сегіз жасқа дейінгі кәмелкетке толмаған баланың келтірілген зрянның орнын толтыруға қажетті мүлігі немесе басқа да табыс көзі болмаса, зиян олардың заңды өкілімен егер зиян олардың кінәсінсіз келтірілгенін дәлелдемесе толық немесе жетпей тұрған бөлігінде өтелуі тиіс.
Зиян келтіруші Е.Б. Ж-баев кәмелетке толмағандықтан, сондай-ақ, өзінің табыс көзі мен мүлкінің болмауынан, сот келтірілген шығынды оның заңды өкілі – шешесі Жолдыбаева Алмагүлден өндіруді дұрыс шешті.
Азаматтық кодекстің 919-бабын «Қажетті қорғану жағдайында зиян келтіру», 920-бабын «Аса қажетті жағдайда зиян келтіру», 927-бабын «Ата-ана құқытарынан айырылған атааналардың кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілігі», 928-бабын «Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік», 929-бабын «Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік», 930-бабын «Өз әрекетінің мәнін түсінуге қабілетсіз азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік» және 947-бабын «Тауарладың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу негіздерін» қолдана отырып шығарылған шешімдер «Зиянды өтеу» 50-тармақта кездескен жоқ.
«Зиянды өтеу» 50-тармағына жататын санатардың біреуіне де, сондай-ақ жоғарыда айтылып өткен Азаматтық кодекстің баптарына да жатпайтын, бірақ мазмұны Азаматтық кодекстің 917-бабында келтірілген «Зиянды өтеу» жалпы ұғымына сәйкес келетін шешімдерге жеке тоқталып өткен жөн.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі материалдық залалды өндіруді
93 рет жүктеп алынды