128-бап. Адам саудасы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
- Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер
жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау –
мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге және денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
6) екi және одан да көп адамға қатысты;
7) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тiндерiн алып қою мақсатында;
8) алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен;
9) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;
10) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдалана отырып;
11) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;
12) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкету,
Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау
мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттердi
жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен
тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе
бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау –
мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы