Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Құқық белгілейтін құжаттардың тиесілілігі фактілерін анықтау

Құқық белгілейтін құжаттардың тиесілілігі фактілерін анықтау

Құқық белгілейтін құжаттардың тиесілілігі фактілерін анықтау

Құқық белгілейтін құжаттардың тиесілілігі фактілерін анықтау

Құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамдікі екендігі туралы азаматтық істер

              АПК-тің 302-бабы 1-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істерге: заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер жатады. АПК-тің 303-бабының нормасынан судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген тәртіппен осы Кодекстің 31-тарауында белгіленген ерекшеліктерімен қоса сот арызды іс жүргізуіне қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі соттың талқылауына дайындауды жүргізеді. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейтіні шығады.

Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі АПК-тің 304-бабымен регламенттелген ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31–49- тарауларында белгіленген ерекшеліктерімен қоса талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз берушінің және мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарайды.

  1. Егер арыз берген немесе істі ерекше іс жүргізіп қарау кезінде соттың ведомстволығына құқығы туралы даудың бар екендігі туралы белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.

АПК-тің 305-бабы 2-бөлігінің 5-тармақшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі.

АПК-тің 306-бабына сәйкес сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

АПК-тің 307-,308-бабтарына сәйкес жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Арызда арыз берушінің осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

АПК-тің 309- заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы соттың шешімі, егер мұндай құқық осы органдар беретін құжаттарды ауыстырмай, тіркелуге жататын болса, тиісті құқықты мемлекеттік тіркеуге және тиісті құжаттарды беруге негіз болып табылады.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2002 жылғы 28 маусымдағы N 13 қаулысының 7-тармағына сәйкес құқық белгілейтін құжаттардың адамға тиістілігі жөніндегі фактіні анықтау туралы талаптар бойынша құжатта көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 5) тармақшасы) көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтіні анықталса, арызды қабылдау сәтінде, ал ол қабылданған жағдайда істі сот талқылауына дайындау кезінде соттар арызданушыдан құқық белгілейтін құжаттың оған тиесілі екендігін және оны берген ұйымның оған тиісті өзгерістерді енгізуге мүмкіндігі жоқтығын көрсететін дәлелдемелерді ұсынуды талап етуге тиіс.

Әскери құжаттардың, паспорттың, жеке куәліктің және азаматтық хал актілерін жазу органдары берген куәліктердің нақтылы адамға тиісті фактісін анықтауға соттың құқысы жоқ.

Сонымен қатар, ССР Одағының және оның органдарының таратылуына байланысты, ордендер мен медальдардың куәліктерінде көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін жағдайда, ол құжаттар белгілі адамдікі екендігін анықтауға сот құқысының бар екендігін назарда ұстау қажет.

Осы орайда, осындай фактілерді анықтау туралы шешім осы құжаттардың арызданушыға тиесілі екендігі нанымды дәлелдемелердің қорытындысына сәйкес негізделуге тиіс.

  1. Арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет.

Құжатты алу мүмкіндігінің жоқтығы деп белгілі бір фактіні тіркеу ережелерінің талабын (мысалы, асырауда болуды) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмауын немесе сол сәтте ондай шараға бара алмаушылықты, жүгінуге жағдайы болмауын түсіну қажет (мысалы, өлім фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпеген, баланың туғаны туралы жазбаға уақытында түзету енгізбеген және әкенің қайтыс болуына байланысты мұны жасау мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі).

Құжатты алуға мүмкіншілік жоқ деп, сондай-ақ фактіні растайтын құжаттар болғанмен, алайда сол құжатта дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес (мысалы, қайғылы жағдай туралы акт) қателіктер мен фактіні тура дәлелдейтін негіздемелер болмаса, ол құжаттар дәлел болу маңыздылығын жоғалтып, оны түзетуге жағдайлар болмауын түсіну қажет.

Заңдылық маңызы бар фактілерді анықтау туралы іс бойынша шығарылған шешім АПК-нің 223-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс. Онда сот анықтаған мән-жайлар туралы тұжырымды растайтын дәлелдемелер келтірілуі тиіс.

Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігінде осы фактіні толық ашып көрсетуге тиіс.

              Құқық белгілейтін құжаттардың құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігін анықтау туралы талаптарды қарау кезінде, АПК-тің 256- бабына сәйкес сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралмайды, сырттай шешім шығарылмайды.

              Талап қою арызын қайтару АПК-тің 152-бабымен ретеледі, егер:

1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;

2) іс осы соттың соттылығына жатпаса;

3) талап қою арызы осы Кодекстің 148- бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса;

4) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

5) арызға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса;

6) осы немесе басқа соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер жөніндегі дау бойынша іс болса;

7) егер заңда өзгеше көзделмесе, осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы тараптар арасында заңға сәйкес келісім жасалса;

8) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;

9) талап қоюшы өзі берген талап қою арызын қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қою арызын қайтарады.

  1. Судья талап қою арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың қарауына жатпаса, адам қандай сотқа жүгіну керектігін, не азаматтық істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығын көрсетеді.

Ұйғарым талап қою арызы сотқа келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылуға және қоса берілген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.

  1. Талап қою арызын қайтару, егер талап қоюшы жіберілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшының талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.
  2. Талап қою арызын қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 Талап қою арыздарын қайтару туралы бірінші сатыдағы соттардың арыздары мен ұйғарымдарын зерделеу, барлық арыздар АПК-тің 152- бабымен қарастырылған негіздер бойынша, негізді қайтарылғанын көрсетті.

Осылайша, Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына 2015 жылдың 16 ақпанындағы ұйғарымымен А. Ақмола қ. әкімінің шешімі тиесілігі фактісін анықтау туралы арызы талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңнамамен белгіленген дауды шешудің сотқа дейінгі алдын ала тәртібін сақтамағаны және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмағандығы негіздер бойынша қайтарылған.

Сот ұйғарымымен келіспей арыз беруші арыз берушінің сот, сот қорғауы құқықтары бұзғанын құқықтарының бұзылуы мен соттың шығарған ұйғарымы Конституцияға қарсы келетіндіге уәждеп, өз наразылығын жеке шағыммен жүгінген.

Істің материалдарында көрсетілгендей Ақмола қаласының әкім аппаратының 1993 жылғы 29 қыркүйектегі №8/607 шығарған шешімінде, азаматша А. аты-жөні дұрыс жазылмаған. Азаматша А.-ның талап арызына сүйене отырып, 2014 жылғы 20 қазандағы Астана қаласының әкімдігі Ақмола қаласының шығарған шешіміне өзгертулер енгізіп,қате жазылған аты-жөнін өзгертсе де есімі өзгертілген жоқ. ҚР АПК-тің 292-бабында көрсетілген міндеттерге сәйкес: «Сот арыз берушінің осы фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес болған кезінде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды». Арыз беруші құжаттарды қалпына келтіру мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелерді сотқа ұсынбады.

Осыған қатысты, маңызды фактілерге сүйене отырып, сот талап берушіге Астана қаласының әкімдігіне Ақмола қаласының әкімдігі шығарған шешімінде есіміне байланысты өзгертулерді енгізу туралы өтініш жасауды ұсынды.

Егер бұл жағдайда, өтініш берушінің талабы орындалмаған жағдайда, өтініш берушінің сотқа жүгіну құқығы бар.

Алқа мүшелері соттың шығарған қорытындысымен келісіп, ҚР АПКтің 154-бабының 1-т. көрсетілгендей,талап арызды қайтару туралы ұйғарымның заңға қайшы келмейтіндігі туралы тұжырым жасады.

Астана қаласының азаматтық және әкімшілік істер бойынша аппелияциялық сатыдағы соттың алқа мүшелері 16 ақпан 2015 жылы Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының ұйғарымын өзгеріссіз қалдырды, жеке шағымды қанағаттандырмады.

Талап арыздан бас тарту

Талап қою арызынан бас тарту ҚР АПК-тің 151-бабымен реттеледі,осы баптың 1-бөлігіне сәйкес арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;

1) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса;

2) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, бас тартады.

  1. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.
  2. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.
  3. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.
  4. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

Талап қою арыздарын қабылдаудан бас тарту туралы бірінші сатыдағы соттардың арыздары мен ұйғарымдарын зерделеу, барлық арыздар АПК-тің 151-бабымен қарастырылған негіздер бойынша, негізді қайтарылғанын көрсетті.

              Арызды қараусыз қалдыру

ҚР АПК-тің 279-бабына сәйкес сот, егер:

1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген немесе шартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;

2) талап қою арызын әрекетке қабілетсіз адам берсе;

3) талап қою арызына қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса немесе оны берсе;

4) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің іс жүргізуінде сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша бұрын қозғалған iс болса;

5) егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы келісім жасалса;

6) істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;

7) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса;

8) талап қоюшы талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз берсе;

9) көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы істер жөніндегі арыз жарияланған күннен бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе;

10) жылжымайтын затқа коммуналдық меншік құқығын тану туралы арыз заңда

белгіленген мерзімнен бұрын берілсе немесе заңда көзделген жылжымайтын мүлікті иесіз деп тіркеу рәсімдері бұзыла отырып берілсе;

11) осы Кодекстің 105-бабының үшінші бөлігінде және 106-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж төленбесе; 12) осы Кодекстің 34- тарауында көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер ұсынылмаса;

13) істі ерекше іс жүргізуде қарау кезінде талап қою ісін жүргізуде қаралуға жататын, соттың ведомстволығындағы құқық туралы даудың бар екені анықталса, арызды қараусыз қалдырады. ҚР АПК-тің 280-бабына сәйкес

  1. Талап қою арызы қараусыз қалдырылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот істі қарауға кедергі келтіретін, осы Кодекстің 279-бабының 1), 2), 3), 9) және 10) тармақшаларында санамаланған мәнжайларды қалай жою керек екенін көрсетуге міндетті.

Осы Кодекстің 279- бабының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап қою арызын қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтару және талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жою туралы көрсетеді.

  1. Соттың талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.
  2. Талап қою арызын қарау үшін қалдыруға негіз болған мәнжайлар жойылғаннан кейін мүдделі тұлға жалпы тәртіппен сотқа тағы да талап қою арызын беруге құқылы.

Ұйғарымның көшірмесі талап қою арызына қоса берілген материалдармен бірге талап қоюшыға жіберіледі немесе табыс етіледі.

Арыздарды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымдары зерделеу, сот практикасы негізінен біркелкі және республика соттары қолданыстағы заңнаманың нормаларын дұрыс қолданатындығын көрсетті.

Негізінен арыздар ҚР АПК-тің 279 бабымен қарастырылған негіздер бойынша арыз беруші арызды қайтару және оны қараусыз қалдыру туралы арыз беруімен байланысты қараусыз қалдырылған.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату

ҚР АПК-тің 277-бабына сәйкес: сот, егер:

1) іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;

2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса;

3) сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша қабылданған төрелік шешім болса;

4) сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаса;

5) тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе;

6) тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе;

7) іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;

 8) iс бойынша тарап ретiнде әрекет ететін ұйым қызметi тоқтатылуына және құқық мирасқорларының болмауына байланысты таратылса;

9) шет мемлекетте соттық иммунитеттің бар екені анықталса, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

ҚР АПК-тің 278-бабының 1-бөлігіне сәйкес:

  1. Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен тоқтатылады.
  2. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.
  3. Осы Кодекстің 277- бабының 1), 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды осы Кодекстің 107-бабының талаптарына сәйкес қайтару туралы көрсетеді.

Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жояды.

  1. Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымына осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

Істерді қарау мерзімі

ҚР АПК-тің 183-бабының 2-бөлігіне сәйкес ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi. Ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi.

Мемлекеттік баж.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 610-бабына сәйкес соттардағы мемлекеттік баждың мөлшерлемесі белгіленген. Оған сәйкес сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), осы кодекстің 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 пайыз мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 610-бабынасәйкес егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баждың тiркелген пайыздық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.

Соттылық. АПК-тің 307-бабына сәйкес "өтініш туралы істер бойынша фактілер анықталған құқық белгілейтін құжаттардың (қоспағанда әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және берілетін азаматтық хал актілерін жазу органдары) адамға, аты, әкесінің аты немесе тегі оның құжатта көрсетілген, сәйкес келмейді аты, әкесінің немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлік бойынша өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

АПК-тің 467-бабының 2-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары ерекше іс жүргізу істерін қарайды өтініштері бойынша шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ болған жағдайда өтініш беруші фактісін анықтау туралы іс бойынша тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасының аумағында немесе фактісін орнату керек, болған немесе Қазақстан Республикасы аумағында орын алған деп есептелсе.

Осы қорыту, Қазақстан Республикасының соттары туралы істерді қарау кезінде фактілері анықталған құқық белгілейтін құжаттардың (қоспағанда әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және берілетін азаматтық хал актілерін жазу органдары) адамға, аты, әкесінің аты немесе тегі оның құжатта көрсетілген, сәйкес келмейді аты, әкесінің немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі, талаптардың зандылығының соттылығы сақтайтындығын көрсетті.

Ерекше іс жүргізу тәртібінде қаралатын, құқық белгілейтін құжаттардың (қоспағанда әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және берілетін азаматтық хал актілерін жазу органдары) адамға, аты, әкесінің аты немесе тегі оның құжатта көрсетілген, сәйкес келмейді аты, әкесінің немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі тиесілігі фактілерін анықтау азаматтар үшін, сонымен бірге осындай тәртіпте өздерінің құқықтары мен мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз ететін, заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет үшін де маңызды мәні бар, себебі заңды мәні бар фактілердің сот тәртібін анықтау кезінде, заңсыз жеңілдік пен мүліктік пайда алу мақсатымен құқықтарды қандай-да бір теріс пайдаланудың алдын алады.

АПК-тің 306-бабына сәйкес сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

Құқық белгілейтін құжаттардың (қоспағанда әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және берілетін азаматтық хал актілерін жазу органдары) адамға, аты, әкесінің аты немесе тегі оның құжатта көрсетілген, сәйкес келмейді аты, әкесінің немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі тиесілігі фактілерін анықтау азаматтар үшін, жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі (АПК-тің 307-бабы).

Арызда арыз берушінің осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс, АПК-тің 308-бабында белгілегендей.

Соттар осы санаттағы істерді, заңға сәйкес осындай фактілер заңдық салдар туындаса (азаматтардың немесе ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарын өзгерту немесе тоқтату туындау), арыз берушіде фактіні куәландыратын, тиісті құжаттарды қалпына келтіруге басқа мүмкіндік болмаса, қолданыстағы заңнамамен басқа (соттан тыс) тәртіп; ведомстволығы бойынша сотқа дауды бұдан әрі байланыспайтынын шешу фактіні анықтау жағдайларда қарайды.

 Арызды қабылдау кезінде сот арыз берушіден фактіні анықтауда заңды мүддесін анықтауы, арыз берушіден осы фактіні куәландыратын тиісті құжатты алу мүмкіндігі жоқтығы туралы куәландыратын жазбаша дәлелдерді немесе қалпына келтіруін талап ету қажет.

Егер қолданыстағы заңнамамен басқа (соттан тыс) оларды анықтау тәртібі қарастырылса АПКтің 1-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту қажет.

Арызды қате қабылдаған және істі қозғаған жағдайда ол АПК-тің 277- бабының 1-тармақшасының негізінде тоқтатылуға жатады.

Құқық белгілейтін құжаттардың (қоспағанда әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және берілетін азаматтық хал актілерін жазу органдары) адамға, аты, әкесінің аты немесе тегі оның құжатта көрсетілген, сәйкес келмейді аты, әкесінің немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі тиесілігі фактілерін анықтау, судья құқық туралы дау болуын анықтап АПК-тің 304-бабына сәйкес арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.

Егер арыз берген немесе істі ерекше іс жүргізіп қарау кезінде соттың ведомстволығына құқығы туралы даудың бар екендігі туралы белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі.

Сот құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігін анықтайды, алайда ол жоғалса.

Құқық белгілейтін құжаттардың бар немесе жоқ болуын, сондай-ақ (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігін мұқият тексеру қажет.

2002 жылдын 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының № 13 «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысында қандай жағдайларда Құқық белгілейтін құжаттардың бар немесе жоқ болуын, сондай-ақ (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігін анықтай алатындығы анық түсінік берілген.

Ерекше іс жүргізу тәртібінде қаралатын, құқық белгілейтін құжаттардың (қоспағанда әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және берілетін азаматтық хал актілерін жазу органдары) адамға, аты, әкесінің аты немесе тегі оның құжатта көрсетілген, сәйкес келмейді аты, әкесінің немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі тиесілігі фактілерін анықтау азаматтар үшін, сонымен бірге осындай тәртіпте өздерінің құқықтары мен мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз ететін, заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет үшін де маңызды мәні бар, себебі заңды мәні бар фактілердің сот тәртібін анықтау кезінде, заңсыз жеңілдік пен мүліктік пайда алу мақсатымен құқықтарды қандай-да бір теріс пайдаланудың алдын алады.

Құқық белгілейтін құжаттардың (қоспағанда әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және берілетін азаматтық хал актілерін жазу органдары) адамға, аты, әкесінің аты немесе тегі оның құжатта көрсетілген, сәйкес келмейді аты, әкесінің немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі тиесілігі фактілерін анықтау азаматтар үшін, жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша сотқа берілетін заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы істер бойынша арыз жылжымайтын мүлік объектілерін иеленуді, пайдалануды және (немесе) оларға билік етуді растайтын құжаттардың болу фактісін қоспағанда, арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арызда қандай факт және қандай мақсат үшін арыз берушіге анықтау қажеттігін көрсетілуі тиіс.

Бұдан басқа Арызда арыз берушінің осы фактіні қандай мақсатпен анықтауы қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

Жоғарыда келтірілген процестік заңның нормаларына сәйкес соттар осы санаттағы істерді, заңға сәйкес осындай фактілер заңдық салдар туындаса (азаматтардың немесе ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарын өзгерту немесе тоқтату туындау), арыз берушіде фактіні куәландыратын, тиісті құжаттарды қалпына келтіруге басқа мүмкіндік болмаса, қолданыстағы заңнамамен басқа (соттан тыс) тәртіп; ведомстволығы бойынша сотқа дауды бұдан әрі байланыспайтынын шешу фактіні анықтау жағдайларда қарайды (АПК-тің 302- бап); қолданыстағы заңнамамен ведомстволығы бойынша сотқа дауды бұдан әрі байланыспайтынын шешу фактіні анықтау жағдайларда қарайды..

Арызды қабылдау кезінде сот арыз берушіден фактіні анықтауда заңды мүддесін анықтауы, арыз берушіден осы фактіні куәландыратын тиісті құжатты алу мүмкіндігі жоқтығы туралы куәландыратын жазбаша дәлелдерді немесе қалпына келтіруін талап ету қажет.

Егер қолданыстағы заңнамамен басқа (соттан тыс) оларды анықтау тәртібі қарастырылса АПКтің 151-бабы 1-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту қажет.

Арызды қате қабылдаған және істі қозғаған жағдайда ол АПК-тің 277- бабының 1-тармақшасының негізінде тоқтатылуға жатады.

Құқық белгілейтін құжаттардың азаматқа тиесілігі фактісін анықтау қажеттілігі құқық белгілейтін құжаттардың біреуінде оның аты, әкесінің аты, тегін жазуда қатеден туындайды, нәтижесінде бұл мәліметтер паспортта немесе туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметке сәйкес келмейді және осы қатені құжатты берген орган түзей алмайды. Егер еңбек кітапшасында қате жіберілсе және адам осы кәсіпорында жұмыс істеуін жалғасытырып жатса, онда сол жерде қатені түзету қажеттігін есте сақтау қажет.

Сонымен бірге құқық белгілейтін құжаттардың тиесілігі фактісін анықтау кезде құжат тиесіліг фактісі сол адам екендігі фактісін анықтаудың синонимі ретінде қарамайтындығын есепке алу қажет, жұмыс істеу немесе ЖОО аяқтау фактісі емес, еңбек кітапшасының, дипломның, аттестаттың және басқа құжаттардың адамға тиесілігі фактісі анықталады, жеке құжаттардың емес, құқық белгілейтін құжаттардың тиесілігі фактісін анықталады.

Осы себептен партиялық және әскери билеттердің, жеке куәліктердің және әскери қызметшінің куәлігі, АХАЖ органдары беретін, паспорттар мен куәліктер тиесілігі анықталмайды .

ЖОО аяқтау туралы дипломның, сақтандыру полисінің, жаралануы туралы анықтамалардың, жарақатына байланысты госпитальде болуы және тағы басқалар, осы құжатта аты, әкесінің аты, тегі, арыз берушінің паспорты немесе туу туралы куәлігі бойынша тегі, аты немесе әкесінің аты сәйкес келмесе тиесілігі фактісі сот тәртібінде анықталуы мүмкін.

Сонымен бірге арыз берушіден оған тиесілі құжаттың және оны берген ұйымда оған түзету енгізу мүмкіндігі жоқтығының дәлелдерін ұсынуды талап ету қажет.

Егер, АХАЖ органы берген құжатта қате болса, арыз беруші сотқа заңды фактіні анықтау тәртібінде емес, азаматтық жағдайдағы акт жазбаларының қателігін анықтау тәртібінде жүгінуі тиіс. 

АХАЖ органының жазбаны түзетуден бас тартуына сотқа шағым жасауға болады және АПК-тің 29- тарауына сәйкес ерекше іс жүргізу, ал дау бар болған кезде талап қою тәртібінде қаралуы мүмкін. Еңбек кітапшаларының тиестілігі фактілерін анықтай отыра, соттар Еңбек кітапшаларын, туу туралы, неке қию туралы куәліктерін, әскери билеттерді, мемлекеттік зейнетақы сақтандырудың сақтандыру куәліктерін, салық органында есепке қою туралы куәліктерді, белгілі бір жерде арыз берушінің тұрып жатқаны туралы ауыл әкімдігінің анықтамаларын, шаруашылық кітаптарын есепке алу деректерін зерделейді, куәгерлерден жауап алады.

Мүдделі тұлға ретінде іске қатысуға халықты әлеуметтік қорғау органдары (денсаулық сақтау) және басқа да арыз берушінің мақсатына байланысты мүдделі тұлғалар тартылады.

Қандай да бір, сондай-ақ қайтыс болған азаматтарға нақты мемлекеттік мекемелердің іс жүргізуіндегі, зейнетақы істердің тиестілігі фактілері анықталмайды.

Егер зейнеткердің қайтыс болуынан кейін алынбаған сома қалса, ал қайтыс болу туралы кәлік бойынша тегін, атын немесе әкесінің атын көрсету көрсетуде зейнетақы ісінің деректерімен сәйкес келмеу болса, қандай да бір негіз бойынша қайтыс болған адамның зейнетақыны алу және алмаған зейнетақысының бар болу фактісін анықтау туралы талапты қарау дұрыс болар еді.

Сондай-ақ соттар тегін, атын немесе әкесінің атын жазуда қателіктер жіберілген, мемлекеттік мұрағат, жинақтау кітапшаларының, заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәліктер, ақша салымдарының тиестілігі анықтамаларының тиестілігі фактілері анықталады.

Соттардың азаматтарға жаралануы, жаралануына байланысты госпитальда болу туралы анықтамалардың, әскери бөлімдердің, әскери комиссариаттардың және басқа да әскери басқару органдарының соғыс уақыты мән-жайларына байланысты азаматтарды қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы хабарламаларын, тиестілігі фактісін анықтау туралы істерді қарауға құқықтары бар, себебі осы құжаттар жеке құжаттарға жатпайды.

Құқық белгілейтін құжаттарға, жекелей алғанда: майданда немесе ұрыс қимылдары аумағында болу, ұрыс қимылдары кезінде жаралануы туралы анықтамалар; әскери басқару органдарының ұрыс қимылдары кезінде қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарламалары; өсиеттер, сақтандыру куәліктеріндегі және банктік салымның шарттарындағы өсиет өкімдер; мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары, жинақтау кітапшалары, заң бойынша мұраға құқығы туралы куәліктер, ақша салымдарының тиестілігі, оқу орындарын аяқтағаны туралы дипломдар мен куәліктер, еңбек кітапшалары, мүлікті жекешелендіру және заңдастыру туралы шарттар және тағы басқалар жатады. Құқық белгілейтін құжаттардың тиесілігі фактілерін анықтау туралы істер бойынша шешімнің қарар бөлігінде: құжаттың айыру белгілерін көрсету – атауы, кім және кімнің атына берілген, нөмірі және осыған сәйкес, құжат тиесілі адамның паспорт немесе туу туралы куәлік бойынша тегі, аты, әкесінің аты.

Құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспорты немесе жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі бойынша атына, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамға тиесілі екендігі фактілерін анықтау туралы азаматтық істер сот практикасы, негізінен біркелкі және республика соттары арызды қабылдаудан бас тарту кезінде заңнаманы дұрыс қолданылған, қиындықтар туғызбайтындығын көрсетті.

Мысалы, бұл қолданбаның тұрғылықты және тек атағын иелену өтініш берушінің орнына емес, жеке құжаттар сотқа ұсынылады.

Өтініш алған кезде, сот осы мән-жайлар, сондай-ақ сотта күмән болады куәлардың айғақтарын расталған, осы фактіні куәландыратын тиісті құжатын алу немесе қалпына келтіру үшін қабілетсіздігін көрсететін өтініш берушінің жазбаша дәлелдемелер ұсынуды талабы, шын мәнінде құру құқықтық қызығушылық болуы берушінің сұрауы тиіс.

Бұл мән-жайлар туралы ақпаратты паспорттың немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген деп, мен қате берген орган арқылы түзетілуі мүмкін емес сәйкес келмейді, оған сәйкес оның атынан жазбаша қателер, атағын құжаттардың бірінде әкесінің аты немесе тегі, салдарынан пайда болатын құжат.

Бұл іс сот өтінім берушіні және мүдделі тараптарды санайды қатысуымен ерекше тәртіппен қаралады. Қаулының кіріспе бөлігінде, сот шешіміне, дауға немесе болжамды талаптың пәні сот отырысының хатшысы, сот приставы, партияларды және іске қатысушы басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың өкілдері, жасалған сот толық және дұрыс атауы шешімі уақыты мен орны көрсетілген.

Тараптар заңды тұлғалар болса, сол тұлғаның атауы құрылтай құжаттарына сәйкес берілуі тиіс. Шешім қабылданғанан кейін қала немесе өзге де елді мекен атауынан шешім қойылып анықталады.

Өтініш беруші базасын немесе қолдану тақырыбын өзгертуді қоса алғанда, егер көрсетілген талаптарға, мазмұны, шешімі, баяндау бөлігінде көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, шешімнің баяндау бөлігі мүдделі тұлғаның қарсылықтар мен іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерімен берілуі тиіс.

Шешімнің уәждеу бөлігі АПК-тің 63-бабының 2-бөлігіне сәйкес белгіленген, істің мән-жайлары болуы тиіс, фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін.

Шешім істің мән-жайы туралы болжамдарға негізделмеуі тиіс. Сот шешімінде сот отырысында зерделенген, дәлелдерге сілтеме жасауға құқылы емес.

Іс жүргізу заңының ережелеріне сәйкес және осы құқықтық қатынастарға қолданылуға тиісті материалдық құқық нормаларына толық сәйкес шығарылған, немесе пайдалануға, тиісті, ұқсас қарым-қатынастарды реттейтін заң немесе азаматтық заңнаманың жалпы қағидаттары мен мағынада алынған кірістер негізінде болса, шешім заңды болып табылады, парасаттылық және әділдік талаптары (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің және Азаматтық іс жүргізу кодексінің 6-бабының 5- б.).

Ақылға қонымды олардың өзектілігі, қолжетімділігі мен олардың дұрыстығы туралы заңның талаптарын қанағаттандыру үшін сот зерттеген дәлелдемелерге расталған жағдайда фактілері тттетттімнінө.зектілігін көрсетеді, деп есептейді, және сондай-ақ белгілі мән-жайлар болып табылады, ешқандай куәландыратын және дауды шешуге ұжымдық жеткілік қажет.

Атауылы құжаттарды тиесілі фактісін белгілеу үшін Қаулының қарар бөлігінде қамтуы тиіс: құжаттың белгілерінің деген нұсқауды - және оның аты берілген атауды, мәселе, саны мен сияқты, тегі, төлқұжат немесе туу туралы куәлігінің адамның аты күнін, қай құжат тиесілі.

Қаулының қарар бөлігінде ол нақты мән-жайларды пікірлерден құру сабақтарының, соттың тұжырымдар қамтылуға тиіс.

Сот анық және түсінікті жоқ екіұштылықтар мен қайшылықтар қаулының орындалуын болған бұл шешімнің жедел бөлігін баяндалуы керек. Құжатардын көшірмелерінен тиестілігінің заңды фактілерін анықтау мүмкін емес.

Еңбек кітапшаларыдың, мұрағаттық анықтамалардың, жекешелендіру және заңдастыру шарттарының, сату және сатып алу туралы шарттарының және басқа шартарының тиістілігі фактісін анықтау туралы азаматтардың арызы бойынша азаматтық істерді қараған, көрсетілген санат қиындық туғызбайды, арыз берушілердің талаптарын соттар негізді қанағаттандырылады.

АПК-тің 305-бабының 3-бөлігіне сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.

Сот практикасында тиісті ұйымда, кәсіпорында, мекемеде және басқа да белгілігі кезең ішінде нақты лауазымда немесе мамандығында жұмыс істеу фактісі қандай да бір себептермен еңбек кітапшасында және еңбек шартында көрсетілмеген немесе сақталмаған еңбек қатынастарында болу фактісін анықтау туралы арыздар жиі қаралады.

Істердің осы санаттарын қарау кезінде көрсетілген адам іс жүзінде осы кәсіпорынмен құқықтық қатынаста болғанын және қай кезеңнен бастап қай кезеңге дейін ол көрсетілген лауазымда, көрсетілген ұйым мен кәсіпорында жұмыс істегенін тексеру қажет. көрсетілген фактіні растайтын құжаттарды қандай-да бір құжаттар бар ма, мысалға: жалақыны есептеу ведомосы, зейнетақы қорына аударымдары, жалақы туралы анықтамалар, осы кәсіпорын оны марапаттаған грамоталар және т.б. Сотқа еңбек кітапшаларының бекітілген көшірмелерін ұсынумен арыз берушімен бірге жұмыс істеген куәлердің жауаптары.

Сотқа зейнетақы тағайындау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға жүгіну кезінде, еңбек кітапшаларындағы тегі, аты, әкесінің атында айырмашылық байқаған, сондай-ақ еңбек кітапшаларында қандай да бір түзету бар немесе қандай-да бір ұйымдарда еңбек қызметінің бар болуы туралы жазбалар жоқ екенін байқаған зейнеткерлік жастағы немесе зейнеткерлікке шығатын адамдар жүгінеді.

 Бұрынғы КСРО-ның бұрынғы кеңшарлары, ұжымшарлары және басқа мекемелер мұрағаттық мекемелерге құжаттарды тапсырмаған немесе бұл құжаттар өрт, су тасқыны және т.б. жағдайларда жойылған. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының» 14 Заңның 2.Тармағына сәйкес 21.06.2013 жылғы, саны 105 Еңбек кітапшасының немесе онда тиісті жазбалардың болмаған қызмет ұзындығы жұмысы, немесе сот шешімі туралы ақпаратты растайтын құжаттардың негізінде құрылады. 1 тармағында 20бабына сәйкес. Жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, еңбек шарты бойынша жұмыс беруші мен қызметкердің арасында туындайтын еңбек қатынастары осы Кодекске сәйкес жасалған.

Апелляция тәртібімен сот актілеріне шағымдану, наразылық білдіру туралы

ҚР АПК-тің 401-бабының 1-бөлігіне сәйкесосы бөліммен қарастырылған ережелерге сай заң күшіне енбеген сот шешімдерін апелляциялық тәртіпте шағымдана алады, наразылық білдіруге болады.

  1. Сот шешімін апелляциялық шағымдану құқығы іске қатысушы жақтарға, басқа тұлғаларға тиесілі.
  2. Сот шешіміне наразылық білдіру құқығы іс қарастыруына қатысқан прокурорға тиесілі.Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оның орынбасарлары, облыс прокуорлары және оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары өз құзыреті шегінде іс қарастыруына қатысуына қарамастан шешімге наразылық көрсетуге құқылы.

4.Апелляциялық шағымды іске қатысы жоқ, бірақта оларға қатысты құқығы мен міндетіне сот шешім жасаған тұлғалар бере алалды.

              Нормативтік құқықтық база

Құқық белгілейтін құжаттардың адамға тиістілігі жөніндегі фактіні анықтау туралы талаптар бойынша құжатта көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары берген куәліктерді қоспағанда) көрсетілген есімге, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтінін анықтау туралы сұрақтар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі қарай мәтін бойынша АІЖК) 30,31-тарауларымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 28.06.2002 ж. № 13 «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысымен реттеледі. Бұдан басқа, осы санаттағы істер бойынша сұрақтарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер және құқық белгілейтін құжаттардың адамға тиістілігі жөніндегі фактіні анықтау туралы талаптар бойынша құжатта көрсетілген адамның аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде (әскери құжаттарды, паспортты, жеке куәлікті және азаматтық хал актілерін жазу органдары берген куәліктерді қоспағанда) көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтінін анықтау туралы өтініштерді қарауда қолдануға жататын мыналар болып табылады:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы,

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,

- Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі,

- Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы, -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы,

- Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, -Қазақстан Республикасының «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр еңбек жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңы,

-Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы, -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» Заңы,

-Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңы,

-Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы, -Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңы,

-Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы,

- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Сот шешімі туралы» Заңы,

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 28.06.2002 жылғы № 13 «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» нормативтік қаулысы,

- Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсыныстары және басқалар.

Нормативтік құқықтық актілердің көрсетілген тізілімі толық болып табылмайды, себебі заңдық маңызы бар фактілерді анықтау жөніндегі істер бойынша, сот тәртібімен анықталатын фактінің түріне (санатына) байланысты істің нақты санатына қатысты сұрақтарды реттейтін басқа нормативтік құқықтық және заңдастырылған актілер қолдануға жатады.

2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы №377 ҚР Заңын қабылдаумен байланысты, бұдан бұрын қолданыста болған АІЖК-тің 291-бабының 2-тармағының 4-тармақшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіның 30,31 тарауының «Ерекше іс жүргізу» 4-тараудың бөлігі келесі редакцияда баяндалған болатын:

құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды, жеке куәліктерді және азаматтық хал актілерін жазу органдары беретін куәліктерді қоспағанда) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, немесе туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамдікі екендігі туралы фактілерді анықтау.

АПК-тің 305-бабының 2-тармағы 5-тармақшысының нормасы жаңа редакцияда өзінің мазмұны бойынша бұрынғы АПК-тің редакциясымен өзгерген жоқ, «ұйымдар» сөзінің орнына "заңды тұлғалар" сөзі қосылған.

АПК-тің 31-тарауында істерді ерекше іс жүргізу сот талқылауына дайындау туралы жаңа норма 303-бап енгізілген.

 Көрсетілген нормаға сәйкес осы Кодекстің 165-бабымен қарастырылған тәртіпте, осы Кодекстің 31-тарауымен белгіленген ерекшеліктермен, судья арыз сот іс жүргізуіне түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде істі сот талқылауына дайындықты жүргізеді.

Бұрынғы АІЖК-те 290 регламеттелген және егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығаратынын қарастырған, ерекше іс жүргізудегі істерді қараудың тәртібі өзгертілді.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу