⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы. Шағымды осы баптың тәртібімен қарау кезінде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешкен кезде сот қарауының нысанасы болып табылуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс.

      2. Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.

      3. Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау (әрекетсіздік) және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектеледі.

      4. Шағым келтіру шағым жасалып отырған әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      5. Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.

      6. Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысының барысында хаттама жүргізіледі. Қажет болған кезде тергеу судьясы қосымша материалдарды талап етіп алдырып, тиісті тұлғаларды шақыруға және олардан сұрақ алуға құқылы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті.

      7. Сот отырысын өткізу кезінде тергеу судьясы қандай шағымның қаралуға жататынын хабарлайды, осыдан кейін, егер арыз иесі сот отырысына қатысып отырған болса, ол шағымды негіздейді, содан соң басқа да келген адамдар тыңдалады, олар сотқа дәлелдемелер беруге құқылы. Шағым жасалған әрекеттердің (әрекетсіздіктің) немесе шешімдердің заңдылығын дәлелдеу ауыртпалығы оларды жасаған немесе қабылдаған тұлғаға жүктеледі.

      8. Тергеу судьясы шағымды қарау нәтижелері бойынша:

      1) заңсыз деп танылған процестік шешімнің күшін жою туралы;

      2) тиісті лауазымды адамның әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп және оның жол берілген бұзушылықты жою міндетін тану туралы;

      3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;

      4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тиісті қаулы шығарады.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бос...

Толық оқу »

Комментарий к статье 221. Уклонение гражданина от уплаты налога УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 221. Уклонение гражданина от уплаты налога УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Уклонение гражданина от уплаты налога или иных обязательных...

Толық оқу »

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы

Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 4 Норма...

Толық оқу »

244-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

244-бап. Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтың деклараци...

Толық оқу »

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

435-бап. Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсе...

Толық оқу »

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орында...

Толық оқу »

605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы хабарлау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту турал...

Толық оқу »

109-бап. Процеске қатысушы деп тануды талап ету құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

109-бап. Процеске қатысушы деп тануды талап ету құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процестiң қатысушысы болып табылмайтын адамд...

Толық оқу »

323-бап. Соттың істі прокурорға жіберуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

323-бап. Соттың істі прокурорға жіберуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік...

Толық оқу »

224-бап. Қарап-тексеру, куәландыру хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

224-бап. Қарап-тексеру, куәландыру хаттамасы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қарап-тексерудің, куәландырудың барысы мен нәтижелері тергеу әре...

Толық оқу »

145-бап. Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

145-бап. Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк,...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 106. Судебный порядок рассмотрения жалоб на действия (бездействие) и решения прокурора, органов уголовного преследования Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 106. Судебный порядок рассмотрения жалоб на действия (бездействие) и решения прокурора, органов уголовного преследованияУголовно-процессуального кодекса Р...

Толық оқу »