605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы хабарлау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген, жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру үшін шет мемлекетке берілген шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасы сотының үкімі өзгерген немесе оның күші жойылған, Қазақстан Республикасының соты тағайындаған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану тоқтатылған немесе өзгертілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сотталғандарға рақымшылық немесе кешірім жасау актісі қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің уәкілетті органына тиісті шешімнің көшірмесін жібереді.
2. Егер үкімнің күші жойылса және жаңа сот талқылауы тағайындалса, ол үшін қажетті өзге де құжаттар бір мезгілде жіберіледі.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы