⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

  1. Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға жасалған сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер –

      бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Мынадай:

      1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

      2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;

      3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;

      4) бірнеше рет жасалған;

      5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған дәл сол іс-әрекеттер –

      тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) алып тасталды - ҚР27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;

      3) алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;

      5) алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 393-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3-1. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

      1) олар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;

      2) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 393-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) оларды қылмыстық топ жасаса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3-2. Осы баптың біріншіекіншіүшінші немесе 3-1-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

      1) екі және одан көп кәмелетке толмаған адамдарға қатысты жасалса;

      2) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 393-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) оларды кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың біріншіекіншіүшінші бөліктерінде3-1-бөлігінің3) тармағында және 3-2-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар жас балаға қатысты жасалса не абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

 

 

Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың

Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 ж...

Толық оқу »

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 1 Нормативтік қаулы...

Толық оқу »

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

203-бап. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

203-бап. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамның қылмыс жасағаны туралы күдікті растайтын оған қ...

Толық оқу »

204-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

204-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда: 1) оның...

Толық оқу »

206-бап. Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария ету тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

206-бап. Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария ету тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау т...

Толық оқу »

207-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

207-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерт...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 11 Нормативтік қаулысы...

Толық оқу »

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәж...

Толық оқу »