171-бап. Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының Экология кодексі
Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің құрылымын мынадай есепке алу объектілері құрайды, олар бойынша мониторингті мынадай арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар:
1) мемлекеттік жер кадастры бойынша – жер ресурстарын басқару саласындағы орталық уәкілетті орган және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2) мемлекеттік су кадастры (жерүсті және жерасты су объектілері, су ресурстарын пайдалану) бойынша – қоршаған ортаны қорғау, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар – тұтас республика бойынша, ал олардың аумақтық органдары – өзендер бассейндері мен әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
3) мемлекеттік орман кадастры бойынша – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
4) жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры бойынша – жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
6) жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұтас республика бойынша, ал оның аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде;
7) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша – өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – тұтас республика бойынша, ал өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органдары – әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы