187-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есепке алу және есептілік Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша ішкі есепке алуды жүргізеді, мерзімді есептерді қалыптастырады және Қазақстан Республикасының қоршаған орта және табиғи ресурстар туралы ұлттық деректер банкіне электрондық нысанда ұсынады.
2. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімді есептер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы