219-бап. Мемлекеттік кепілдіктер беруді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
Берілетін мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілдік беретін қарыздарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге және есепке алуға тиіс.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингін және оны басқаруды жүзеге асырады.
Мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйінің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы