935-бап. Жәбiрленушiнiң кiнәсi мен зиян келтiрген адамның мүлiктiк жағдайын есепке алу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Жәбiрленушiнiң терiс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды.
2. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер жәбiрленушiнiң өзiнiң өрескел абайсыздығы зиянның пайда болуына немесе ұлғаюына себеп болса, жәбiрленушi мен зиян келтiрушi кiнәсiнiң дәрежесiне қарай өтеу мөлшерi азайтылуға тиiс.
3. Жәбiрленушi өрескел абайсыздық жасап, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болмаған жағдайда, оның жауапкершiлiгi кiнәсiне қарамастан туындаған кезде, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өтеу мөлшерi азайтылуға тиiс немесе зиянды өтеуден бас тартылуы мүмкiн. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берiлмейдi.
4. Жәбiрленушiнiң кiнәсi:
қосымша шығыстарды (осы Кодекстің 937-бабы);
еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты денсаулығының зақымдануы салдарынан жоғалтқан табысын (кірісін) (осы Кодекстің 938-бабы);
азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды (осы Кодекстің 940-бабы);
жерлеуге жұмсалған шығыстарды (осы Кодекстің 946-бабы) өтеу кезiнде ескерiлмейдi.
5. Қасақана жасалған әрекеттермен зиян келтiрiлген реттердi қоспағанда, сот азаматтың мүліктік жағдайын ескере отырып, ол келтірілген зиянды өтеу мөлшерін азайта алады.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы