383-бап. Қалдықтардың мемлекеттік кадастрының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешiмдердi бағалау, болжау, әзiрлеу үшiн ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтарды жалпымемлекеттiк кешендi есепке алуды жүргiзу мақсатында жүргiзiледi.
2. Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң негiзгi мiндетi жалпы мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелер мен дерекқорларды қалдықтар, оларды қайта өңдеу қасиеттерi мен технологиялары жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы