Төрелеік даулардағы Сот шығыстарын бөлу мәселелері
Заңның 56-бабына сәйкес тӛрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға байланысты қосымша шығыстар шешімді ӛз еркімен орындамаған тарапқа жүктеледі.
Салық кодексінің ережелерінде ӛтініш берушінің мемлекеттік бажды тӛлеуміндетінің қамтылуына байланысты, ал сотқа жүгіну тӛрелік шешімді ӛз еркімен орындамауынан туындандағандықтан, ӛтініш қанағаттандырылған жағдайда соттың борышкерге мемлекеттік бажды тӛлеу бойынша шығыстарды ӛтеу міндетін жүктейтіні заңды деп санаймыз.
Мысалы, Орал қаласының № 2 сотының 2020 жылғы 26 қазандағы ұйғарымы бойынша «Деньги населению» ЖШС-ның атқару парағын беру туралы ӛтініші бойынша сот аталған ӛтінішті қанағаттандыра отырып, ӛз еркімен шешімдіорындамаған тарап Ф.Н.Бұртайдан мемлекеттік бажды Заңның 56-бабынбасшылыққа алып ӛндіріп алды.
Алайда, қорыту соттардың басшылыққа алынатын заң нормаларын дұрыс қолдана бермейтіндігін кӛрсетті.
Мәселен, «УралметаллИнвест» ЖШС-ның атқару парағын беру туралы ӛтініші бойынша сот АПК-нің 109-бабын басшылыққа ала отырып, тӛрелік шешімді ӛз еркімен орындамаған борышкерден сот шығыстарын ӛндіріп алды (Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 10 ақпандағы ұйғарымы).
Бұл жағдайда АПК-нің 109-бабын қолдануға болмайтын.Сот шығыстарын ӛндіріп алу кезінде Заңның 5-тарауы, сондай-ақ Тӛрелік регламенттері қолданылуға жатады.
АПК-нің 246-бабының нормасы төрелік шешімдерге қолданылмайды
Тӛрелік шешімге АПК-нің 246-бабының нормасы қолданылмайды, бұл ретте соттар оны тӛрелік шешімдерге қатысты да қолдануда.Мысалы, жеке сот орындаушысы Н.Б. Есқараева (бұдан әрі - ЖСС) борышкерлер О.Н. Пантелеевке, Л.А. Пантелееваға, А.Станкевичке тиесілі пәтерге ӛндіріп алуды қолдану жолымен «Қазақстанның үлкен қазылар алқасы»тұрақты жұмыс істейтін тӛрелігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы шешімін орындау тәсілі мен тәртібін ӛзгерту туралы ӛтінішхатпен сотқа жүгінді.
Апелляциялық сатыдағы сот ӛзгеріссіз қалдырған Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы ұйғарымымен ӛтініш қанағаттандырылды. Дау айтылған пәтерге ӛндіріп алу жолымен тӛрелік шешімді орындау тәсілі мен тәртібі ӛзгертілді.
Іс материалдарын қарағанда, жоғарыда аталған шешім заңды күшіне енген және мәжбүрлеп орындату қолданылған.
2019 жылғы 24 шілдеде ЖСС атқарушылық іс жүргізуді қозғады. Орындау кезінде борышкерлерде ақшалай қаражаттың, салымдардың және ӛзге де мүліктің жоқтығы анықталды. Даулы пәтер банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге берілді, кепіл құны 4 494 000 теңге депайқындалды.
Жергілікті соттар ӛтінішхатты қанағаттандырған,олардың келтірген уәж бойынша борышкерлер тӛрелік шешімді орындауға ешқандай шара қолданбаған, оларда ӛндіріп алуға болатын ақшалай қаражат, ӛзге мүліктің жоқтығы, ортақ жауапкершіліктің болуы, бұл ретте борышкерлердің жалғыз тұрғын үйіне ӛндіріп алуды қолдану үшін қандай да бір кедергілер анықталмаған.
АПК-нің 246-бабының бірінші бӛлігіне Іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мәнжайлар туындаса, сот орындаушысының ӛтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша атқарушылық iс жүргiзуде оны орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн ӛзгертуі, атқарушылық iс жүргiзуде тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.
АПК бойынша атқарушылық іс жүргізу барысында туындаған барлық мәселелерді (орындау тәсілін немесе тәртібін ӛзгерту, кейінге қалдыру немесе бӛліп тӛлеу және т.б.) сот шешеді, егер атқару парақтары сот актілері негізінде берілсе, яғни сот іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығаруы тиіс.
Осы санаттағы істер бойынша тӛрелік шешімді тӛрелік шығарады, соттар тӛрелік шешімдердің күшін жоюы немесе күшінде қалдыруы мүмкін.Сонымен бірге, сот АПК-нің 253-бабының негізінде ӛндіріп алушының ӛтініші негізінде тӛрелік сотты мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын береді.
Республика судьяларының пікірлері екіге бӛлінді. Кейбір соттар жоғарыда аталған АПК-нің нормасы тек сот актілеріне қолданылады деп санайды. Сондықтан олар қанағаттанудан бас тартады. Басқа соттар аталған норманы аналогия бойынша қолдануға болады деп санайды.Бірінші ұстаным дұрыс болады, ӛйткені АПК-нің 246-бабының сӛзбе-сӛз мазмұны шешім шығарған сотты болжайды.
Тиісінше, соттар тӛрелік шешімдерге қатысты тӛрелік шешімнің орындалуын кейінге қалдыруды, бӛліп-бӛліп тӛлеуді қолдана алмайды, ӛйткені соттар тӛрелік шешімдерге қатысты АПК-нің 246-бабының нормаларын қолданған жағдайда тӛрелік заңнаманың тұжырымдамасы бұзылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
_3C22~1
43 рет жүктеп алынды