Тараптардың татуласу келісімдері бойынша орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту жадығаттарын қарау бойынша
Мысалы, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылғы 5 тамыздағы ұйғарымымен талап қоюшы «Н» СК» АҚ-ның «A» ЖШС-не сақтандыру төлемін өндіру туралы азаматтық іс бойынша тараптар арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, онда жауапкер талап қоюшының есеп шотына аудару арқылы 479 445 теңге қарызды және 368 теңге мемлекеттік бажды 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін төлеуді өз міндетіне алған. Кейіннен, өндіріп алушы «Н» СК» АҚ-ны сотқа арыз беріп онда 2016 жылғы 5 тамыздағы татуласу келісімін бекіту туралы сот ұйғарымының борышкер тарапынан міндеттеменің орындалмауының нәтижесінде сот ұйғарымының орындалуының тәсілі мен тәртібін өзгертуді сұрап, атқару құжатын беруді сұраған.
Сотта жоғарыда аталған татуласу келісімінің борышкермен орындалмағаны анықталып, нәтижесінде сот ұйғарымының орындалуының тәсілі мен тәртібі өзгертіліп, атқару құжатын беру арқылы мәжбүрлеп орындауға негіз болып табылған. 2016 жылғы 27 желтоқсандағы Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен өндіріп алушының арызы қанағаттандырылып, жауапкер «A» ЖШС-нен талап қоюшы «Н» СК» АҚ-ның пайдасына 479 445 теңге қарызды және 368 теңге мемлекеттік бажды өндіруге атқару құжаты берілген.
Қарызды АҚШ долларымен өндіру жөнінде.
«Банк» АҚ сотқа арыз беріп, онда Қарағанды қаласы №2 Қазыбек би аудандық сотының 2012 жылғы 19 наурыздағы татуласу келісімді бекіту туралы ұйғарымының орындалу тәсілі мен тәртібін өзгертуді сұраған.
Осы аталаған іс бойынша жауапкер талап қоюшы Банк алдындағы қарызы 1 049 279,89 АҚШ долларын үш жыл ішінде кестеде көрсетілген мөлшерде бөліп төлеуді өз міндетіне алған, ал Банк 33 771,46 АҚШ доллары көлеміндегі айыппұл сомасын өндіруден бас тартқан.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 238-бабының 1- бөлігіне сай, істi қараған және шешім шығарған сот iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша тараптардың мүлiктiк жағдайын немесе басқа дәлелді себептерді негiзге ала отырып, шешiмді орындауды кейiнге қалдыруға немесе оның мерзiмiн ұзартуға, сондай-ақ оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгертуге құқылы.
Осы баптың мазмұнына келсек, Заңның бұл нормасы сот актісін орындаудың мүмкіндігі болмаған немесе қиындық тудырған жағдайда оның орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгертуді қарастырады.
Жоғарыда аталған татуласу келісімді бекіту туралы сот ұйғарымына сай жауапкер қарызды АҚШ долларымен төлеуді өз міндетіне алған, алайда АҚШ долларының бағамының өсуіне байланысты жауапкердің қарыз жүктемесінің ұлғаюына сәйкес, сот арыз берушінің талабына сай төлем валютасын ҚР ҰБ курсына байланысты 1 АҚШ долларын 282,70 тенгеге ауыстыру арқылы ұйғарымның орындалу тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы тұжырымға келген.
2016 жылғы 18 қаңтардағы Қарағанды қаласы №2 Қазыбекби аудандық сотының ұйғарымымен 2012 жылғы 19 наурыздағы Қарағанды қаласы №2 Қазыбекби аудандық сотының ұйғарымының орындалу тәсілі мен тәртiбiн доллар валютасындағы төлемді теңгеге ауыстыру және қарызды төмендегідей бөліп төлеу арқылы: 178 159 451 тенге 2015 жылдың 25 қарашасына дейін, 5 500 000 тенге 2015 жылдың 24 желтоқсанынан 2016 жылдың 25 мамырына дейін әр айдың бесінші күні 2 500 000 тенге, 2016 жылдың 25 маусымынан 2016 жылдың 25 қазанына дейін әр айдың жиырма бесінші күні 3 000 000 тенге көлемінде төлем жүргізу арқылы ауыстырылған.
Сонымен қатар, кейде соттар істің мән жайларына байланысты татуласу келісімдерін бекіту ұйғарымдары бойынша орындауды кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту арыздарын қанағаттандырудан бас тартады.
Мысалы, Қарағанды қаласы №2 Қазыбек би аудандық сотының 2015 жылғы 27 қаңтардағы ұйғарымымен Ш. мен Ш. араларында татулсау келісімі бекітіліп, онда тараптар даулы пәтерді бірлесіп саудағы шығарып, пәтерді бірге сату үшін БАҚ арқылы хабарлама беріп, сатып алушыны бірге тауып, бірге сатуды және берешек тұлға Ш. сатып алушыға немесе риэлторға мүлікті қарауға рұқсат беруді міндетіне алған.
Ш. сотқа арыз беріп, онда татуласу келісімді бекіту ұйғарымының орындалу тәсілі мен тәртібін мүлікті сату арқылы өзгертуді сұрап арыз берген. АПК-нің 246-бабының, 1-бөлігіне сай іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот өндіріп алушысы мемлекет болып табылатын атқарушылық іс жүргізулер бойынша мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, шешімді орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзудегі тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.
«Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысының 12 тармағына сай сот шешімін орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту деп сот актісінде көрсетілген орындау тәсілі мен тәртібін өндіріп алушының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тәсіл мен тәртіпке ауыстыру саналады.
Егер өндіріп алушы, борышкер немесе сот орындаушысы сот шешімінде көрсетілген тәсілмен және тәртіппен атқару құжатының орындалуы мүмкін емес екендігіне дәлелдемелер ұсынса, сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге жол беріледі.
Сотпен, 2015 жылғы 16 қазандағы татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымды мәжбүрлі түрде орындау үшін берілген атқару құжаты негізінде сот орындаушымен атқарушылық өндіріс қозғалғаны анықталды. Атқарушылық өндірістегі іс құжаттарына сай, тараптар оның ішінде Ш. ортақ мүлікті сату үшін БАҚ арқылы бірнеше рет хабарламалар бергендігі анықталып отыр, ал берешек тұлға Ш. тарапынан Ш. ортақ мүлікті сатуға қандай да бір кедергілердің жасағандығы туралы дәлелдемелер сотқа ұсынылған жоқ.
Арыздың мазмұнында өндіріп алушы сот ұйғарымының тәсілі мен тәртібін өзгерте отырып, соттан ортақ мүлікті өндіріп алуды сұраған. Атқарушылық өндіріс бойынша ортақ мүліктің бағасы анықталмаған. Сонымен қатар, сотқа татуласу келісімді бекіту туралы ұйғарымды мәжбүрлі түрде орындаудың мүмкін еместігі жөнінде дәлелдемелер ұсынылмаған.
Осыған байланысты 2016 жылы 19 мамырдағы сот ұйғарымымен Ш. татуласу келісімді бекіту туралы ұйғарымының орындалу тәсілі мен тәртібін мүлікті сату арықылы өзгерту арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
АПК-нің 238-бабының 1-бөлігіне сай істi қараған және шешім шығарған сот iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша тараптардың мүлiктiк жағдайын немесе басқа дәлелді себептерді негiзге ала отырып, шешiмді орындауды кейiнге қалдыруға немесе оның мерзiмiн ұзартуға, сондай-ақ оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгертуге құқылы «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысының 4-тармағына сай, егер сот актісі АІЖК-нің 149 немесе 236-баптарында көзделген тәртіпте мәжбүрлеп орындатуға айналдырылмаса, АІЖК-нің 233-бабында көзделген негіздер бойынша олардың туындаған кезеңіне (сот актісін шығарғанға дейін немесе оны шығарғаннан кейін) қарамастан, сот актісін орындау мерзімі кейінге қалдырылуы, мерзімі ұзартылуы немесе орындау тәсілі мен тәртібі өзгертілуі мүмкін.
Сонымен қатар, шешімді орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту жөнінде тараптардың татуласу келісімдері бойынша арыздарды қанағаттандыру барысында соттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау кезінде туындайтын кейбір мәселелер туралы» нормативтік қаулысының 7-тармағында атқарушылық әрекеттердлі жүзеге асыру мерзімін кейінгі қалдыру «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Занының 39-бабында белгіленген мерзімнен аспауы тиіс екенін назарда ұстаулары тиіс.
«Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 6 Нормативтік қаулысының 12 тармағына сай егер өндіріп алушы, борышкер немесе сот орындаушысы сот шешімінде көрсетілген тәсілмен және тәртіппен атқару құжатының орындалуы мүмкін емес екендігіне дәлелдемелер ұсынса, сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге жол беріледі.
Нормативтік құқықтық база
- 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- 2015 жылдың 31 қазанында қабылданған, №377-V ҚРЗ санды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
- 1999 жылдың 13 шілдесінде қабылданған, №411 санды Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі (күші жойылған);
- 2010 жылдың 2 сәуірінде қабылданған, №261-IV санды «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- 2009 жылдың 29 маусымында қабылданған №6 санды «Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманы қолданылуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (қорыту жүргізілген кезде қолданыста болған, 2017 жылдың 31 наурызында күші жойылған);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылдың 31 наурызындағы №1 санды «Соттардың атқарушылық іс жүргізу жөніндегі заңнаманың кейбір баптарын қолдануы туралы» нормативтік қаулысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының, 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 21-бабына сай заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Об отсрочке, рассрочке, изменении способа мирового соглашения сторон
31 рет жүктеп алынды -
2805_ҰЙҒАРЫМ_АПК_ОҚО
31 рет жүктеп алынды -
2805_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Мангистауская область
32 рет жүктеп алынды -
2805_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
32 рет жүктеп алынды -
2805_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
31 рет жүктеп алынды -
2805_ОПРЕДЕЛЕНИЕ_ГПК_Атырауская область
36 рет жүктеп алынды