Жеке кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы
Банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 - бабына сәйкес банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде белгiленедi немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi.
Кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
Алайда Заңның 11- бабының 2- тармағына сәйкес борышкер:
1) мүліктің меншік иесі, ол уәкілеттік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
2) егер бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын қанағаттандыру оның басқа кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкелсе, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
3) борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған кезден бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
Борышкердiң төлем қабiлетсiздiгiнің басталу шарттары Заңның 5- бабының 1- тармағында көрсетілген
Борышкерді банкрот деп тану туралы істің соттылығы. Заңның 3- бабының 2- тармағына және ҚР АІЖК-нің 313- бабына сәйкес, сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкрот деп тану, заңды тұлғаларға қатысты iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.
Банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу сотта осы заңның 5- бабында көзделген негiздер болған кезде борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 47 көзделген жағдайларда – прокурордың, осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайда оңалтушы басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.
Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына мемлекеттік кіріс және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар – жеке және заңды тұлғалар ие болады.
Сот борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi қабылдау туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап банкроттық туралы iс бойынша iс жүргізу қозғалды деп есептеледi.
Сонымен қатар борышкердің, оңалтушы басқарушының банкрот деп тану туралы берген өтiнiші, соттың тиiстi шешiмiнсiз кері қайтарып алынбайды.
Осы Заңның 82-бабында көзделген негіздер бойынша өтініш берілген жағдайларды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiшiн ол (олар) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
Заңның 44- бабына сәйкес, банкроттық туралы іс азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредитордың (кредиторлардың) өтініші негізінде қозғалуы мүмкін.
Біздің ойымызша, Заңның 44 - бабының мағынасына сәйкес, (банкроттық туралы іс заңды және жеке тұлғалардың өтініші негізінде қозғалуы мүмкін), Заңның 3 - бабының 2 - бөлігіне сәйкес, (банкроттық туралы істерді сот осы Заңға белгіленген ерекшеліктерімен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды), Азаматтық іс жүргізу кодексінің 313 - бабына сәйкес, (сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкрот деп тану, заңды тұлғаларға қатысты iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды), банкроттық туралы істер мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда қаралуы тиіс.
Банкроттық туралы заңнама жеке кәсіпкердің арызы бойыншаборышкер, сонымен қатар, кредитордың арызы бойынша жеке кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы азаматтық істердің қозғалуын белгілейді.
Заңның 41 бабына сәйкес, борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi. Оған борышкер – заңды тұлғаның басшысы не құрылтайшылық құжаттарына сәйкес оны ауыстыратын адам қол қояды.
Борышкердiң өтiнiшi өтiнiш берiлетiн соттың атауын, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн, онда бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингідегі мүлiк, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмiрлерi және банктердiң орналасқан жерi туралы мәлiметтердi, орналасқан жерлерi мен берешек сомалары көрсетiлген дебиторлар тiзбесiн, орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi, қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты, қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.
Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшін қажет болса, өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтінішхаттар көрсетiлуi мүмкiн.
Борышкердiң банкрот деп тану туралы, осы Заңның 22- бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштiң қаралмай қайтарылуына негiз болып табылады.
Жеке кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы азаматтық істерді қарау кезінде қолданылатын заңнамалар.
Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделіп, ол Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінен, Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңынан, №176-V санды 2014 жылдың 07 наурызындағы «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, «Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын қолдану кезіндегі кейбір мәселелері бойынша» №3 санды 2000 жылдың 28 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Жоғаргы Сотының нормативтік қаулысынан (№14 санды 2002 жылғы 28 маусымындағы және №11 санды 2008 жылғы 22 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар), «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-ның Заңынан, басқа да заңдардан және жеке шаруашылық субъектілеріне қатысты банкроттық рәсімдерін қолдану ерекшеліктерін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерден құралады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту рәсімі және оңалту, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады.
Сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда оларды тарату Қазақстан Республикасының банк заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, сондайақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн мақта өңдеу ұйымдарына, астық қабылдау кәсіпорындарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiне немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiне қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.
Бұл заң жеке кәсіпкерлерді банкрот деп тану бойынша жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелмеген бөлігіне тарайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Банкротство индивидуальных предпринимателей
34 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 2 октября 2015 года №5 каз
31 рет жүктеп алынды -
НОРМАТИВНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ ВС РК ОТ 11.07.2003 № 8 каз
31 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 2 октября 2015 года №5 рус
32 рет жүктеп алынды -
НОРМАТИВНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ ВС РК ОТ 11.07.2003 № 8 рус
31 рет жүктеп алынды -
2509_ШЕШІМ_АПК_Қызылорда облысы
39 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЮКО
34 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_СКО
36 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_Павлодарская область
33 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_Мангистауская область
32 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
36 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
33 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_Жамбылская область
37 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Астана
33 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
37 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_Атырауская область
32 рет жүктеп алынды -
2509_РЕШЕНИЕ_ГПК_Актюбинская область
44 рет жүктеп алынды