⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) ақпарат – кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер; 

      2) ақпаратқа қол жеткізу – мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркімнің еркін алу және тарату құқығы; 

      2-1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      3) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 

      4) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; 

      5) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер; 

      6) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; 

      6-1) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; 

      7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; 

      8) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат; 

      8-1) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; 

      9) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      10) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа; 

      11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі; 

      11-1) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      12) сұрау салу – ақпарат иеленушіге осы Заңда белгіленген тәртіппен айтылған немесе жіберілген, ауызша немесе жазбаша нысандағы, оның ішінде электрондық құжат түріндегі ақпарат беру туралы өтініш. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ. 

      Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе...

Толық оқу »

201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректер...

Толық оқу »

23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық сот...

Толық оқу »

27-бап. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

27-бап. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әркімнің қылмыстық процесс барысында осы Кодексте көзде...

Толық оқу »

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бос...

Толық оқу »

70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қорғаушы күдіктi, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушы...

Толық оқу »

15-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

15-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыруАқпаратқа қол жеткізу туралы Заңы      Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының з...

Толық оқу »

17-1-бап. Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

17-1-бап. Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартыАқпаратқа қол жеткізу туралы Заңы      Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, ақпаратқа қол жеткізуді жә...

Толық оқу »

Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария еткені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423 бабы бойынша адвокаттарды жауапқа тарту мәселесі бойынша Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының позициясы

"Бейресми аударма""Бекітілген"Республикалық адвокаттар алқасыТөралқасының Шешімімен2025 жылғы 23 қаңтардағыСотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария еткені үшін Қазақстан Респ...

Толық оқу »