104-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен.
Мыналардан:
бекітілген заттай нормалардан асырудан;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) және (немесе) олар бойынша тиісті органдар және (немесе) ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының) болмауынан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің балансында есепте тұрмайтын объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын, бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық әсердің болмауынан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Ескерту. 18-тарау 104-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 290-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы