128-бап. Адам саудасы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
- Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер
жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау –
мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге және денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
6) екi және одан да көп адамға қатысты;
7) транспланттау немесе өзге де пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң ағзаларын немесе тiндерiн алып қою мақсатында;
8) алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен;
9) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;
10) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдалана отырып;
11) кінәлі адамға психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты;
12) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қойып, жасырып не жоя отырып жасалған;
13) қанауда босанған және (немесе) өзімен бірге кәмелетке толмаған баласы бар әйелге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкету,
Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау
мақсатында жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты мұндай іс-әрекеттердi
жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен
тысқары жерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе
бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау –
мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) олар абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
мүлкі тәркіленіп, он екі жылдан он бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
"Ескертпе. Осы Кодекстің адам саудасына байланысты қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін баптарында жәбірленушінің өзін пайдалануға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, алдау немесе қызметтік жағдайды, жәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдалана отырып, сенімін теріс пайдалану, психикасының бұзылуын немесе дәрменсіз күйін пайдалану, жеке басын куәландыратын құжаттарын алып қою, жасыру не жою немесе ықпал етудің өзге де тәсілдері арқылы алынған келісімі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жоққа шығаратын негіз болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы