13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы
1. Заңды тұлғалар:
1) уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi дайындауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер саласындағы жобаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге;
3) табиғат қорғау ұйымдарымен жасалған шарт бойынша мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, қалпына келтiру және пайдалану жөнiндегi iс-шараларға қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшiн қызметi өтеусiз қаржылай көмек көрсетуге бағытталған қорлар құруға және олардың қызметi мен оларды басқаруға қатысуға;
5) тиiстi мемлекеттiк органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлердiң жұмыс iстеуі, оларды күзету, қорғау және пайдалану мәселелерiне қатысты қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
6) табиғат қорғау ұйымдарының ғылыми-техникалық және үйлестіру кеңестерінің жұмысына қатысуға құқылы.
2. Қызметi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшiн гранттар, қаржылай және техникалық көмек беруге маманданған заңды тұлғалар биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесіне енгiзiледi.
3. Заңды тұлғалар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы.
Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы