5-1-бап. Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) және есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құзыреті Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы:
осы Заңға сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) және есептік тіркеуден шығаруды;
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалдарының осы Заң талаптарын сақтауын бақылауды;
коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) және есептік тіркеуден шығару мәселелері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қорпорациясының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауды;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 5-1 баппен толықтырылды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы