7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы
1. Жеке және заңды тұлғалардың:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және аумақтарды күзетудің ерекше режимі белгіленген мемлекеттік орман қорының учаскелерін қоспағанда, өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерге еркін баруға және онда болуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер дүниесін пайдалануға;
3) осы Заңға сәйкес өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.
Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың:
1) дайындалған (жиналған) өсімдік ресурстарына, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін кірістерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуге де;
2) өсімдіктер дүниесін пайдаланушылардың құқықтарын бұзудан не мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудан келтірілген залалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге де құқығы бар.
2. Жеке және заңды тұлғалар:
1) жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын жоюға және бүлдіруге, заңсыз жинауға жол бермеуге;
2) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларының талаптарын сақтауға және өсімдіктер өсетін жерлерге теріс әсер етуге жол бермеуге;
3) табиғи өсімдіктер қауымдастықтарының тұтастығын бұзбауға, олардың биологиялық әралуандығының сақталуына ықпал етуге;
4) өсімдіктер дүниесін пайдалану процесінде өзге табиғи объектілер жай-күйінің нашарлауына жол бермеуге;
5) өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
6) өсімдіктер дүниесін пайдалануды жүзеге асыру кезінде өзге тұлғалардың құқықтарын бұзбауға міндетті.
Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
1) жердің, су объектілерінің бекітіліп берілген учаскелерінде өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізуге де;
2) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес уақтылы енгізуге де міндетті.
3. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және олар өзге де міндеттерді атқарады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ.
Осы Заң өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді.
[Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы