14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі 4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы
1. Тауар белгісін тіркеу туралы мәліметтер сараптама ұйымының тауар белгісін тіркегені үшін көрсеткен қызметтеріне ақы төленген кезде Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтерде мыналар қамтылуға тиіс:
1) тауар белгісінің кескіні;
2) оның иесi және (немесе) оның өкілі туралы деректер. Ұжымдық тауар белгісіне қатысты иелерінің деректері және ұжымдық тауар белгісін пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі көрсетіледі;
3) тауар белгісін тiркеу нөмiрi мен күнi;
4) өздеріне қатысты тауар белгісі тiркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi;
5) өтiнiмнiң нөмiрi мен сараптама ұйымына берiлген күнi;
6) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, бірінші өтiнiмді берген ел, өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнi;
7) тауар белгісіне құқыққа билік ету туралы деректерді қоса алғанда, тауар белгісін тiркеуге жататын басқа да ақпарат.
2. Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлімi жалпы жұртқа қолжетімді болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнішхаты бойынша сараптама ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме бередi.
3. Тауар белгісінің иесi өзiнiң тегiнiң, атының және әкесiнiң атының (ол болған кезде), тұрғылықты жерiнiң не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгеруі туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы, сондай-ақ тіркеуді мәні бойынша өзгертпейтін, оларға қатысты тауар белгісі тіркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы сараптама ұйымын хабардар етуге мiндеттi.
4. Сараптама ұйымы өзгерістер енгізу туралы өтінішхат берілген және тиісті төлем төленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiміне осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өзгерiстердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерiстердi енгiзедi.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы