⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы

9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы 

       Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс. 

      2. Өтінім: 

      1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi; 

      2) мәлiмделген белгiнi; 

      3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес  тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс. 

      3. Өтінiмге:  

      1) сараптама жүргізгені үшін көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 

      2) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі; 

      3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс. 

      4. Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екі ай ішінде олардың қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады. 

      5. Өтiнiм берiлген күн осы баптың 2-тармағының талаптарына сай өтiнiмнің сараптама жасау ұйымына түскен күнi бойынша, егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда - табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша белгiленедi. 

      6. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 586, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы