11-2-бап. Белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылықтар Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы
1. Кез келген мүдделі тұлға өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 6 және 7-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.
2. Сараптама ұйымы келіп түскен қарсылық (қарсылықтар) туралы хабарламаны берілген қарсылықтың (қарсылықтардың) көшірмесін қоса бере отырып, ол (олар) келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.
3. Өтініш берушінің мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өзінің жазбаша ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде білдіруге құқығы бар.
4. Сараптама ұйымы мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімге осы Заңның 13-бабы 4) және 5) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы