15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады. Кредиттік бюро бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады.
Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтеулі негізде берілуге тиіс.
Кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қайта ұйымдастыру кезінде – кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде – сот немесе мүліктің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы жауаптылықта болады.
Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасын алуға құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуге жатады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы