10-бап. Қоғамдық бірлестікті құру 2-тарау. Қоғамдық бірлестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, тарату Қоғамдық бiрлестiктер туралы Заңы
Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде үш адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады.
Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.
Кәсіптік одақ кәсіптік одақтың құрылтайшысы болып табылуы мүмкін.
Қоғамдық бірлестіктердің заңды тұлға ретіндегі құқықтық қабілеттілігі ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіп бойынша тіркелген кезден бастап пайда болады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 № 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бірлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бірі болып табылады, оның іске асырылуы қоғам мүдделеріне сай келеді және мемлекеттің қорғауында болады.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы