6-бап. Арнайы қаржы компаниясын қайта ұйымдастыру және тарату Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы
1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешімді арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген барлық міндеттемені орындағаннан кейін ғана оның қатысушысы (қатысушылары) немесе акционері (акционерлері) қабылдауы мүмкін.
2. Арнайы қаржы компаниясының банкроттығы туралы сотқа арызды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда:
1) арнайы қаржы компаниясы;
2) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушы (ұстаушылар);
3) арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де тұлғалар беруі мүмкін.
3. Арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде банкроттықты басқарушы бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) береді.
Банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудан бөлек, бөлінген активтердің құрамына кіретін және (немесе) бөлінген активтерді өткізуден түсетін ақша есебінен мыналарды:
кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдануға байланысты мемлекеттік баждар мен шығыстарды және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді;
жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелері бойынша арнайы қаржы компаниясына:
орталық депозитарий;
қор биржасы;
арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі;
кастодиан банк;
арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфелін басқарушы;
арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары бойынша дебиторлардан төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлға көрсететін қызметтерді төлейді.
Банкроттық кезінде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудың тәртібі мен кезектілігі:
арнайы қаржы компаниясының облигацияларды шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында;
облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылған жағдайда – арнайы қаржы компаниясының облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялық бағдарлама проспектісінде және облигацияларды шығару проспектісінде (жеке меморандумда) айқындалады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы