270-4-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері және сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін, медицина қызметкерлері кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру қағидаларында белгіленеді.
Осы Кодекстің 270-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сома шегінде белгіленеді.
2. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін, медицина қызметкерлері кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын сақтандыру денсаулық сақтау субъектісінің есебінен жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру төлемінің мөлшері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты және медицина қызметкерлері кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың өмірі мен денсаулығын ортақ сақтандыру шарты негізінде айқындалады және мынадай мөлшерден кем болмайды:
1) мынадай мүгедектіктің белгіленуіне алып келген зиян үшін:
үшінші топ – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
екінші топ – алты жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
бірінші топ – сегіз жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
мүгедектігі бар бала – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;
2) пациенттің өліміне алып келген зиян үшін үш мың еселенген айлық есептік көрсеткіш;
3) мүгедектік белгіленбеген зиян үшін үш жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
4. Сақтандырылған медицина қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қозғалған жағдайда, ол адвокат қызметіне ақы төлеуге нақты жүзеге асырылған шығыстарды өтету үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына жүгінуге құқылы.
Бір денсаулық сақтау субъектісінің сақтандырылған медицина қызметкерлеріне олардың адвокаттар қызметтеріне ақы төлеуге жұмсаған шығыстарын өтеудің жиынтық сомасы жыл сайын медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша осы денсаулық сақтау субъектісі төлеген сақтандыру сыйлықақысы сомасының бес пайызынан аспауға тиіс.
Медицина қызметкерінің адвокат қызметіне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстары пациентке төленетін сақтандыру төлемінің мөлшеріне әсер етпейді.
5. Медицина қызметкерi кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, медицина қызметкерi немесе оның жақын туыстары осы баптың 3-тармағына сәйкес мөлшерi айқындалатын сақтандыру төлемiн алу үшiн бiрыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына өтiнiш жасауға құқылы.
Медицина қызметкері кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалар тарапынан күш қолдану әрекеті салдарынан оның еңбекке уақытша жарамсыздығына, мүгедектігіне не өліміне алып келген, медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау