⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.

      Мынадай:

      1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны, медициналық көмек көрсетуге міндетті адамның науқасқа оны көрсетпеуі, клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу туралы мәліметтері жоқ;

      2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген талаптар шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына қолданылмайды.

      2. Осы Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабар тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті.

      3. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.

      4. Келіп түскен арызда, хабарда әкімшілік құқық бұзушылық не тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде жолданым үш тәуліктің ішінде ілеспе хатпен тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.

      5. Келіп түскен арызда, хабарда олар бойынша қылмыстық қудалау жекеше тәртіппен жүзеге асырылатын мәліметтер болған кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі, ол туралы арыз иесі хабардар етіледі.

      6. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу арызды, хабарды осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қарауға кедергі болмайды.

      Ескерту. 179-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

407-бап. Жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

407-бап. Жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Осы Кодекстiң32-бабыныңекінші бөлігінде көзделген қылм...

Толық оқу »

408-бап. Жекеше айыптауды қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

408-бап. Жекеше айыптауды қозғау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жекеше айыптауды тұлға (бiрнеше тұлға) сотқа, соттылық туралы қағидаларды са...

Толық оқу »

409-бап. Судьяның жекеше айыптау iсi бойынша сот талқылауы басталғанға дейiнгi әрекеттерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

409-бап. Судьяның жекеше айыптау iсi бойынша сот талқылауы басталғанға дейiнгi әрекеттерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер берiлген шағым...

Толық оқу »

411-бап. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

411-бап. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау, осы бапта белгiле...

Толық оқу »

412-бап. Жекеше айыптау iсi бойынша соттың шешiмi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

412-бап. Жекеше айыптау iсi бойынша соттың шешiмi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жекеше айыптау жөнiндегi iстi қарап, судья осы Кодекстiң қа...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 412. Решение суда по делу частного обвинения Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 412. Решение суда по делу частного обвиненияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Рассмотрев дело по частному обвинению, судья, руково...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 411. Рассмотрение дела частного обвинения в судебном заседании Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 411. Рассмотрение дела частного обвинения в судебном заседанииУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Рассмотрение дела частного обвинен...

Толық оқу »

Комментарий к  статье  409. Действия судьи по делу частного обвинения до начала судебного разбирательства Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 409. Действия судьи по делу частного обвинения до начала судебного разбирательстваУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Если поданная...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 408. Возбуждение частного обвинения Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 408. Возбуждение частного обвиненияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Частное обвинение возбуждается лицом (несколькими лицами) пут...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 407. Порядок производства по делам частного обвинения Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 407. Порядок производства по делам частного обвиненияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Производство по делам частного обвинения, к ко...

Толық оқу »

3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ 32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ 32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасалғ...

Толық оқу »

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жәбiрленуш...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 94. Отстранение от участия в производстве по уголовному делу защитника, представителя потерпевшего (частного обвинителя), гражданского истца или гражданского ответчика Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 94. Отстранение от участия в производстве по уголовному делу защитника, представителя потерпевшего (частногообвинителя), гражданского истца или гражданско...

Толық оқу »

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК...

Толық оқу »

Комментарий к статье 131. Вовлечение несовершеннолетнего в преступную деятельность УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 131. Вовлечение несовершеннолетнего в преступную деятельность УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Вовлечение несовершеннолетнего в преступн...

Толық оқу »

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс: 1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиға...

Толық оқу »

Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 13 Нормативтік қаулысы.

Жекеше айыптау істері бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 13 Нормативтік қаулысы. Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс...

Толық оқу »