⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында жауап алынатын адамның жеке басына көз жеткізуге тиiс. Егер жауап алынатын адамның iс бойынша iс жүргiзiлiп отырған тiлдi білетіні-білмейтініне күмән келтірсе, оның айғақтарды қай тiлде бергiсi келетiнi анықталады. Қажет болған жағдайларда оны аудармашымен тегін қамтамасыз етеді.

      2. Жауап алуға шақырылған адамға одан кiм ретiнде, қандай қылмыстық iс бойынша жауап алынатыны хабарланады, осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.

      Бір іс бойынша шақырылған адамдар басқа жауап алынатын адамдардан бөлек жауап береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір іс бойынша жауап алуға шақырылған адамдардың жауап алу басталғанға дейін бір-бірімен сөйлесе алмауы үшін шаралар қолданады.

      3. Жауап алу жауап алынатын адамға iстің өзiне белгiлi болған мән-жайларын айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам iске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтатын болса, оған бұл туралы ескертiлуге тиiс.

      4. Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылауға және толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкiн. Жетелеушi сұрақтар қоюға тыйым салынады.

      5. Егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтауға қиын өзге де мәлiметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы, олар жауап алынатын адамның өтiнiшхаты бойынша немесе оның келiсiмiмен хаттамаға қоса тiгілуі мүмкiн.

      6. Егер жауап алу барысында жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдемелер мен құжаттар көрсетілсе, басқа тергеу әрекеттерінің хаттамалары жария етілсе және тергеу әрекетінің дыбыс- және (немесе) бейнежазба, киноға түсiру материалдары тыңдатылып-көрсетілсе, онда бұл туралы жауап алу хаттамасында тиісті жазба жасалады. Бұл ретте хаттамада жауап алынып отырған адамның оған көрсетілген дәлелдемелер, жария етілген хаттамалар, тыңдатылып көрсетілген тергеу әрекеттерінің дыбыс- және (немесе) бейнежазбалары, кино түсiрілімдер бойынша берген айғақтары көрсетіледі.

      7. Сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған куәдан, жәбірленушіден, күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу сурдоаударма дағдыларын меңгерген адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.

      8. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болған кезде одан жауап алу дәрiгердiң рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.

      9. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шешімі бойынша, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, куәнің немесе жәбірленушінің өтінуі бойынша жауап алу кезінде дыбыс- және бейнежазба қолданылуы мүмкін. Жауап алынатын адамға мұндай дыбыс- және бейнежазбаның қолданылатыны туралы жауап алу басталғанға дейін хабарланады.

      10. Дыбыс- және бейнежазба жауап алудың барысын толығымен көрсетуге және жауап алынатын адамдардың айғақтарын толық қамтуға тиiс. Жауап алудың бiр бөлiгiн дыбыс- және бейнежазбаға түсiруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берiлген айғақтарды жазып алу үшiн арнайы қайталауға жол берiлмейдi.

      11. Жауап алу аяқталғаннан кейiн дыбыс- және бейнежазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып-көрсетіледі. Айғақтардың дыбыс- және бейнежазбасына жауап алынып отырған адам жасаған толықтырулар да фонограммаға және бейнеграммаға енгiзiледi. Дыбыс- және бейнежазба жауап алынатын адамның олардың дұрыстығын куәландыратын мәлiмдемесiмен аяқталады.

      12. Жауап алу барысында дыбыс- және бейнежазба қолданылып алынған айғақтар жауап алу хаттамасына енгiзiледi. Жауап алу хаттамасы, сондай-ақ: дыбыс- және бейнежазбаның қолданылғаны және бұл туралы жауап алынып отырған адамға хабарланғаны туралы белгiнi; ғылыми-техникалық құралдар, дыбыс- және бейнежазба жағдайлары мен оны тоқтата тұру фактiлерi, тоқтатудың себептерi мен ұзақтығы туралы мәлiметтердi; жауап алынып отырған адамның дыбыс- және бейнежазбаны қолдану себебі жөнiндегi мәлiмдемесiн; жауап алынып отырған адамға дыбыс- және бейнежазбаның тыңдатылып көрсетілгені туралы белгiнi; жауап алынып отырған адамның және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның хаттаманың және дыбыс- және бейнежазбаның дұрыстығын куәландырғанын қамтуға тиiс. Фонограмма мен бейнеграмма iспен бiрге сақталады және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мөрмен бекiтiледi.

      Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмысты...

Толық оқу »

128-бап. Ұстап алу негіздері  ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

128-бап. Ұстап алу негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу қылмыстық қудалау орган...

Толық оқу »

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамды қыл...

Толық оқу »

112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптар...

Толық оқу »

216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алудың...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 414. Право апелляционных обжалования, опротестования приговора, постановления Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 414. Право апелляционных обжалования, опротестования приговора, постановленияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Право апелляционн...

Толық оқу »

41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процестi жүргiзетін, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаға...

Толық оқу »

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалан...

Толық оқу »

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажетт...

Толық оқу »

146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қатыгез, адамгершілі...

Толық оқу »

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 7 Нормативтік қаулысы.

Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның...

Толық оқу »