3-бап. Қылмыстық-процестік заңның кеңiстiкте қолданылуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше қағидалары белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы