31-бап. Қордың есепке алуы және есептілігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және Қордың меншікті қаражаты мен активтері бойынша қаржылық есептілікті бөлек-бөлек ұсынады.
2. Қор бухгалтерлік есепке алуды және есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы