⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы  2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы  2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы  2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы 

      1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тиесілі. 

      Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн. 

      Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк негіз болып табылады. 

      Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды. 

      2. Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының – заңды тұлғаның акцияларының (үлестерiнiң, пайларының) 20 пайызынан астамын шетелдiкдіктердің және шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады. 

      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережесi электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурстарға қолданылмайды. 

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.05.03 № 181, 2009.02.06 № 123-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10 № 178-IV, 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы. 

       Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы