183-бап. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы хабар масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда жарияланғанда немесе таратылғанда, ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жариялаған немесе таратқан масс-медиада немесе онлайн-платформада басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарды растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ ол адамның мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау талабымен беру жағдайларын қоспағанда, бұл мәлiметтердi берген адамды атауға мiндеттi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы