134-бап. Кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі бар төлеушiлердің тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кеден органдары кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтемеген оларды төлеушiлердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімдерде төлеушiнің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не төлеушінің атауы, төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, төлеушiнің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің жалпы сомасы көрсетіледі.
2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушiлер тізімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей, тоқсан сайын жаңартылып отырады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы