545-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Кәмелетке толмаған адам ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан кәмелеттік жасқа толуына байланысты, сондай-ақ егер көрсетілген ұйымның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін осы шараның қолданылуын одан әрі қажет етпейді деген түйінге келсе, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
2. Кәмелетке толмаған адам, оның заңды өкілі, қорғаушысы, егер олардың пікірі бойынша кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін осы шараның қолданылуын одан әрі қажет етпейтін болса, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуды мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі мәселені қарау туралы өтінішхатты көрсетілген ұйымға мәлімдеуге құқылы.
Ескерту. 56-тарау 545-1-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы