602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табылатын мемлекетке беру негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Қазақстан Республикасының тиісті шет мемлекетпен халықаралық шарты не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімі негізінде:
1) Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған шетелдік, сол сияқты шет мемлекеттің соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматы – жазасын одан әрі өтеу үшін;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық қауіпті іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн болмайтындай түрде психикасының бұзылуымен ауырған, өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі бар шетелдік, сол сияқты шет мемлекеттің аумағында қоғамдық қауіпті іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн болмайтындай түрде психикасының бұзылуымен ауырған, өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шет мемлекет сотының шешімі бар Қазақстан Республикасының азаматы – мәжбүрлеп емдеуден одан әрі өтуі үшін өздерінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілуі мүмкін.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы