⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 523-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту және ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

523-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту және ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

523-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту және ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту туралы мәселелердi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарған сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-бабында көзделген тәртiппен қарайды, ал егер мәжбүрлеу шараларын қолдану осы соттың қызмет аумағынан тыс жерде жүзеге асырылса, оларды осы шараны қолдану орны бойынша тиісті сот қарайды.

      2. Iстi тыңдауды тағайындау туралы сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамның заңды өкiлiне, мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгiне, қорғаушы мен прокурорға хабарлайды. Сот отырысына қорғаушы мен прокурордың қатысуы мiндеттi, басқа адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.

      3. Сот отырысында мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң ұсынуы (қорытындысы), психиатр дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы зерттеледi, отырысқа қатысып отырған адамдардың пiкiрi тыңдалады. Егер психиатр дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы күмән туғызатын болса, сот отырысқа қатысып отырған адамдардың өтiнiшхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот-психиатриялық сараптама тағайындауы, қосымша құжаттарды талап етіп алдыруы, сондай-ақ егер бұл өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту туралы мәселе шешiлiп отырған адамның психикасының жай-күйi бойынша мүмкiн болса, одан жауап алуы мүмкін.

      4. Сот адамның психикалық жай-күйi бұдан бұрын тағайындалған шараны қолдану қажеттiгi жойылатын не медициналық сипаттағы өзге шараны тағайындау қажеттiгi туындайтын жағдайда болғанда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтатады немесе өзгертедi. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi ұзартады.

      5. Сот кеңесу бөлмесiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту, сол сияқты оны тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы қаулы шығарады және оны сот отырысында жария етеді. Соттың қаулысы процеске қатысушылардың шағымдары бойынша не прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      Ескерту. 523-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Судья алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауында істі осы Кодекстi...

Толық оқу »

343-бап. Істі басты сот талқылауында тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

343-бап. Істі басты сот талқылауында тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Егер басты сот талқылауында осы Кодекстiң35-бабыбiрiншi бөлiгiнiң 3...

Толық оқу »

659-бап. Қылмыстық iстi қарауды сотталушының есi дұрыс емес екендiгiнiң анықталуына байланысты тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

659-бап. Қылмыстық iстi қарауды сотталушының есi дұрыс емес екендiгiнiң анықталуына байланысты тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер а...

Толық оқу »

Комментарий к статье 649. Прекращение дела в суде с участием присяжных заседателей Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 649. Прекращение дела в суде с участием присяжных заседателейУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Председательствующий прекращает дело на...

Толық оқу »

Комментарий к статье 659. Прекращение рассмотрения уголовного дела в связи с установлением невменяемости подсудимого Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 659. Прекращение рассмотрения уголовного дела в связи с установлением невменяемости подсудимогоУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Ес...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 413. Прекращение производства по частному обвинению Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 413. Прекращение производства по частному обвинениюУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Производство частного обвинения подлежит прек...

Толық оқу »

Комментарий к  статье  343. Прекращение дела в главном судебном разбирательстве Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 343. Прекращение дела в главном судебном разбирательствеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Дело подлежит прекращению в главном судеб...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 327. Прекращение уголовного дела Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 327. Прекращение уголовного делаУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Судья в ходе предварительного слушания или в главном судебном раз...

Толық оқу »

649-бап. Алқабилер қатысатын сотта iстiң тоқтатылуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

649-бап. Алқабилер қатысатын сотта iстiң тоқтатылуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Төрағалық етушi, егер сот талқылауы кезiнде осы Кодекстiң35-...

Толық оқу »

413-бап. Жекеше айыптау ісі бойынша iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

413-бап. Жекеше айыптау ісі бойынша iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жекеше айыптау iсін жүргізу осы Кодекстiң 35-бабында көзделг...

Толық оқу »