603-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру шарттары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетелдіктерді беруге сотталған адамның немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның, олардың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының өтінішхаты бойынша, сондай-ақ сотталған адамның не өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның келісімімен, ал ол өз еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда оның заңды өкілінің келісімімен тиісті мемлекеттің құзыретті органының өтінуі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтегенге не мәжбүрлеп емдеу аяқталғанға дейін жол беріледі.
2. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетелдіктерді беру үкім немесе қаулы шығарған сотқа болып өткен беру туралы хабарлайтын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша, сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы