⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы  

      1. Редакция меншік иесінің тапсыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралын әзірлеуді және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асырады. 

      2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді. 

      2-1. Мыналар:  

      1) сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар; 

      2) тағайындау кезінде заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар; 

      3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар; 

      4) өздерiнiң кiнәсiнен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде бас редактор (редактор) бола алмайды. 

      3. Меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледі.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05. № 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы. 

       Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы