⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы

9-бап. Экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 9-бап. Экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы 

       1. Экстремизмнің профилактикасы, оны анықтау және оның жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді. 

      2. Сот ұйымды экстремистік деп таныған және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы іс-әрекетіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды экстремистік деп таныған не экстремизмді жасағаны үшін адамдарды жауаптылыққа тартқан кезде, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті. 

      3. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот экстремистік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді. 

      Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс. 

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.11.2014 N 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 Заңы. 

МАЗМҰНЫ 

       Осы Заң адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн қорғау, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн, ұлттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мақсатында экстремизмге қарсы iс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы