⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы 

       1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне:  

      1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау; 

      1-1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 

      2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау; 

      3-1) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; 

      4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу; 

      5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру; 

      6) баланың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттің халықаралық мiндеттемелерiн орындау және халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн білдiру; 

       7) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

       9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.  

      2. Алынып тасталды 

      3. Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне: 

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      1-1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету; 

      2) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу; 

      3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; 

      4) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру; 

      4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру; 

       5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.  

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы. 

      Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы