Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралы

Өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралы

Өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралы

Өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық соты М.Е. К-ның С.С.К-қа қатысты өткен кезең үшін кәмелетке толмаған баланы күтіп-ұстауға алиментті өндіріп алу туралы талап-арыздан бас тарта отырып, өзінің мындай дәлелдерін келтірді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 164-бабына сәйкес алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.

Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады.

Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу туралы кодексітің 65, 66-баптарына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Заңның нормасын түбегейлі талқылаудан, талапкер сотқа жүгінгенге дейін баланы күтіп-ұстауға қаражат алуға шаралар қабылдануы тиіс екені, бірақ алимент төлеуге міндетті адамның оны төлеуден бас тарту салдарынан алимент алынбағандығын көрсетілді.

Талапкер жауапкерден алимент өндіріп алу үшін қандай да болмасын шаралар қабылданғандығын және жауапкер оларды төлеуден бас тартқандығы туралы куәландыратын тиісті дәлелдер сот барысында талапкер жағынан сотқа ұсынылмады, осыған орай негізді түрде талап-арыздан бас тартылды.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.