71-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін есепке алу Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
1. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін есепке алу мақсатында:
1) Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;
2) мемлекеттік жер қойнауы мониторингі;
3) геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және талдау жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауының жай-күйі туралы мәліметтер жер қойнауын геологиялық зерттеудің нәтижелеріне, сондай-ақ геологиялық ақпаратқа, жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекске сәйкес ұсынатын есептерге және өзге де құжаттарға негізделеді.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы