Азаматтарды саяси қуғын-сүргіндердің құрбандары деп тану туралы
Аталған санатағы істерді заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер үшін қарастырылған тәртіппен ҚР АПК-тің 306-бабының талаптарын сақтап (заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана) қаралады.
республика соттары қараған аталған санаттағы істер бойынша қорытуды зерделеу кезінде арыз берушілер әртүрлі талаптармен арыз бергені көрсетілді, олар:
жаппай саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны ретінде тану туралы;
саяси қуғын-сүргіннен зардап шегуші деп тану туралы;
саяси қуғын-сүргіннен зардап шегу фактісін анықтау туралы;
арнайы қоныста болу/тұру/ және саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тану туралы.
саяси қуғын-сүргіннен зардап шегуші деп тану фактісін анықтау туралы;
арнайы қоныста болу/тұру/ фактісін анықтау туралы;
арнайы қоныста болу/тұру/ және саяси қуғын-сүргіннен зардап шегуші деп тану фактісін анықтау туралы;
ата-анасының арнайы қоныста болған/тұрған/ кезеңде тууы түрінде саяси қуғын-сүргінге ұшырау заңды фактісін анықтау туралы;
саяси қуғын-сүргіннен зардап шегуші деп тану және ақталу фактісін анықтау туралы;
саяси қуғын-сүргін шараларын қолдану, жаппай саяси қуғын-сүргіннен зардап шегуші деп тану фактісін анықтау туралы;
саяси мәселелер бойынша мәжбүрлі жер аудару және арнайы қоныста болу/тұру/ фактісін анықтау туралы;
мәжбүрлі жер аудару фактісін анықтау туралы; қуғын-сүргін фактісін анықтау туралы;
саяси қуғын-сүргін фактісін анықтау туралы.
Жетісу аудандық сотының 2015 жылы 27 сәуірдегі судьяның аз. Н. Қазақстан Республикасы Президентінің 12 желтоқсан 1991 жылғы № 540 «1986 жылдың 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысқан жауапкершілікке тартылған азаматтарды оңалту туралы» жарлығына сәйкес, Алматы қаласында 1986 жылы 18 желтоқсандағы оқиғаға қатысушы ретіндегі арызын қабылдаудан бас тарту ұйғаруы күмән тудырмайды.
Ал, Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясының 2015 жылы 27 тамыздағы азаматша К. саяси қуғын-сүргін қолданылғанын тану туралы ұйғаруы, керісінше, күмән тудырады.
Судья аз.К. саяси қуғын-сүргін қолданылғанын тану туралы арызы, азаматтық іс сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды деген негізбен қабылдаудан бас тартылған.
Сот ұйғаруында, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғынсүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 8,10,12-баптарының негізін түсіндіре отырып, прокуратура органдарына арыздануды, және прокуратура органдарының ақтау туралы анықтама бермеу туралы шешімімен келіспеген жағдайдайда, сот арқылы арыздануға құқылы деп түсіндірілген.
АПК-тің 224-бабының 1-бөліміне сәйкес сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс. АПК-тің 221-бабының 5-бөліміне сәйкес шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемелердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі.
Осылай, Атырау облысы Атырау қалалық сотының 2015 жылдың 21 мамырындағы шешімімен 18 қараша 1946 жылы туылған, Гурьев облысы Баксай ауданы Чкалов поселкасында туылған, аз. Л. арызы бойынша туыстықты тану және 1946-1956 жылға саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде тану туралы арызы қанағаттандырылмаған.
Бірінші сатыдағы сот аз.Л, арызы бойынша қанағаттандырудан бас тартқанда, арызданушының ата-анасы 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырағанын, 1956 жылы босатылғанын, ал арызданушы Л. 1946 жылы Гурьев облысында туылғанын атап, және «саяси мақсатта бас бостандығынан айыру орындарында, айдау, жер аудару, арнайы қоныста болғаны» және айдау немесе жер аудару және Қазақстаннан және Қазақстанға күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аудару ССР Одағының жоғарғы мемлекеттік органдарының актілері негізінде» жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тану туралы әртүрлі, жеке негіз.
«Айдау» және «жер аудару» қылмыстық құқық бойынша сотталушының жазаның түрі болып табылады. Кәріс ұлты КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты БОПК Бас комитетінің 1937 жылғы 21 тамыздағы кәріс ұлтын Қиыр Шығысқа аумағына жер аудару туралы №1428-32 сс қаулысына сәйкес, Қиыр Шығыс аймағына және Оңтүстік Қазақстан облысы, Арал және Балкаш теңізі аумағындағы аудандарға және Өзбек СРО және одан кейін Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін кұрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес, олар саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде сондай-ақ КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiнің жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстаннан және Қазақстанға күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған тұлға ретінде ақталған.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың барлық балалары емес, тек саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.
Арызданушы атаанасымен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болғаны туралы дәлелдемелер жоқ.
Арызданушы Л. ата-анасымен бірге Қазақстанға күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшырамаған.
Куә Л. арызданушының тек Атырау облысы Бақсай ауданы Чкалов поселкасында тұрғанын ғана растаған, кәріс ұлты ретінде тұрғылықты жері бойынша да, Қазақстан бойынша, басқа да республикаларда жүріп тұруына шектеу жасалынбаған, әскери міндетін өтеуге шақырылған, жоғарғы оқу орындарына және басқада оқу орындарына шектеусіз оқуға түскен.
Арызданушының ата-анасы 1937 жылы саяси қуғын сүргінге ұшыраған, ал арызданушының өзі 1946 жылы Гурьев облысы Бақсай ауданы Чкалов поселкасында туылған.
Аталған қоныс орны, осы уақытқа дейін бар және осы коныс орын бас бостандығынан айыру, айдау, жер аудару немесе арнайы қоныс аудару орындары болғаны туралы растайтын құжаттар болмаған.
Бірінші сатының шешімі негізінен арызданушының ата-анасымен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болғаны туралы және арызданушы өзі ата-анасымен бірге күштеп, заңсыз айдауға жіберілмегендіне негізделген.
Арызданушының ата-анасының Қиыр Шығыс аумағындағы жақын орналасқан аудандарға айдауға, және Қазақстан СРО аумағына жер аударылған, сондықтан, арызданушының туылғаннан бастап, ақталғанға дейін ата-анасымен бірге тұрған болса,Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін кұрбандарын ақтау туралы » Заңының 2-бабына сәйкес ол саяси қуғын-сүргін құрбаны, және ол негізді арыз берген.
Арызданушының ата-анасы арызданушының туған кезінен бастап, 1956 жылы босатылғанға дейін жер аударылған жерде тұруы, оның саяси қуғынсүргін құрбаны деп тануға жеткілікті негіз бар. Кәріс халқының Қазақстан ССО аумағында арнайы комендатураларда есепке алынбай коныс аударуы, істі қарау кезінде құқықтық мәні жоқ, себебі көрсетілген тұлғалар жер аударылған жерлерде ғана жүре алды.
Егер де арызданушы, Қазақстанға ата-анасымен бірге жер аударылған болса,саяси куғын-сүргіннен жапа шегуші емес, онда ол саяси қуғын-сүргін құрбаны болып танылушы еді. Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының 2015 жылғы 31 наурызда аз.
О. саяси қуғын-сүргіннен жапа шегуші туралы арызы қанағаттандырылмаған туралы осындай шешім бар. Сот аз. О. арызы бойынша, арызданушының ата-анасы 1944 жылы Шешен-Ингуш ССР-нан Қызылорда облысына жер аударылған, ал арызданушы 1946 жылы Қызылорда қаласында туылған, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың барлық балалары емес, тек саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.
Арызданушы О. ата-анасымен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болғаны туралы дәлелдемелер болмаған.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының 2015 жылғы 06 наурыздағы хатына сәйкес, арызданушының және оның отбасы мүшелерінің арнайы қоныста болғаны жөнінде мәлімет жоқ. 1996 жылғы 10 шілдедегі 11/1-937 мұрағат анықтамасында көрсетілгендей, 1967 жылы туылған аз. А. мұрағат мәліметтері және карточкалары Грозный қаласы ЧИ АССР-ның мемлекеттік мұрағатына жіберілген. Бірінші сатыдағы соттың келтірілген қорытындысы негізді емес, себебі арызданушының ата-анасының ол туылған кезде және Қазақстан аумағында босатылғанға дейін тұруы, олардың мәжбүрлеп қоныс аударылу жерінде тұруын дәлелдейді.
Арызданушының ата-анасымен бірге Қазақстанда жер аударылған жерінде тұруы, оны саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккен деп тануға жеткілікті негіз бола алады. Сонымен қатар, сот шешімінде көрсетілгендей, арызданушының атаанасымен бірге арнайы қоныс аударылған жерде тұруын растайтын мұрағаттың Грозный қаласы ЧИ АССР-өның мемлекеттік мұрағатына жіберілгені, сот шешімде көрсеткен.
Мұрағат мәліметтерінің болмауы, соттан тыс басқа тәртіппен оның атаанасымен бірге арнайы коныс аудару орнында болуын растайтын тиісті құжаттарды алу мүмкіндігі болмауын дәлелдейді. Сот осы себептен, арызданушы О. саяси қуғын-сүргіннен жапа шегуші ретінде тану туралы арызының қанағатандырылмауы негізді және заңды.
Осы себептен өтініш беруші О-ны саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккен деп танудан соттың бас тартуы жалпы алғанда заңды және негізді болып табылады деп жобаланады.
Саяси қуғын-сүргінді қолданудың заңды фактісі анықталсын, және 1954 жылдан 1965 жылдың 1 қаңтарына дейін саяси қуғын-сүргін арнайы қоныс аудару орынында болғандығы танылсын.
Яғни бір шешімде бірден үш заңдық маңызы бар факті анықталған:
- саяси куғын-сүргіннің нақты тұлғаға қолдану фактісі
- саяси куғын-сүргіннен жапа шегуші тұлға деп тану
- тұлғаның арнайы қоныста болуын тану фактісі.
Жоғарыдағы көрсетілген фактілерді тану куғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы анықтама алуға негіз бола алады.
Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2016 жылғы 17 мамардағы шешімінің қарар бөлігінде анықталды: «Саяси куғын-сүргіннің құрбаны болған ата-анасымен бірге арнайы қоныста болған 1953 жылы туған П. саяси куғын-сүргіннен жапа шегуші деп танылсын және фактісі анықталсын.».
Сонымен бірге Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 сотының 2016 жылғы 15 сәуірдегі шешімінің қарар бөлігінде анықталды: «Ата-анасының қуған-сүргінге ұшырауына байланысты мәжбүрлі қоныс ауданру заңдық фактісі анықтылсын, 19.08.1954 жылы туған П. саяси куғынсүргіннен жапа шегуші тұлға деп танылсын.».
Осы санаттағы істер бойынша азаматтардың жүгіну себебі Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 24-бабында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңында көрсетілген жаппай саяси қуғынсүргiндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргiн салдарынан зардап шеккен адамдарға берілетін жеңілдіктер.
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 1-бабына сәйкес саяси қуғын-сүргiндер ретiнде мемлекеттiк органдар немесе олардың өкiлi болып табылатын лауазымды адамдары саяси себептер бойынша күзетпен қамауға алуды және психиатриялық мекемелерде күштеп емдеудi қоса алғанда өмiрiн жою немесе бас бостандығынан айыру, елден қуып жiберу және азаматтығынан айыру, өмiр сүрген жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан аластау (айдау немесе жер аудару), арнайы қоныс аударуға жiберу, бостандығын шектей отырып ықтиярсыз еңбекке тарту түрiнде (соның iшiнде "еңбек армияларында", "iшкi iстер халық комиссариатының жұмысшы колонналарында" деп аталатындарға) жүзеге асырылатын көндiру шаралары, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн нақақтан айыптаумен, не саяси сенiмдерiнiң белгiлерiне, таптық, әлеуметтiк, ұлттық, дiни немесе басқа тегiне қарап, сот, соттан тыс не әкiмшiлiк тәртiбiнде әлеуметтiк қауiптi адамдар ретiнде қудалаумен ұштасқан басқа да құқықтары мен бостандығынан айыру немесе шектеу танылады.
Адамды сот тәртiбiнде немесе заңмен белгiленген басқа тәртiпте саяси қуғын-сүргiндердiң құрбаны немесе саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен деп тану, оның бұзылған құқықтарын қалпына келтiру, ол шеккен моральдық немесе материалдық залалдың орнын толтыру ақтау болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 2-бабына сәйкес осы Заңның күшi бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiндерге тiкелей ұшыраған және қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдардың бәрiне қолданылады.
Саяси қуғын-сүргiн салдарынан зардап шеккен адамдармен қатар, саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар:
КСРО Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСРО Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгi министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, КСРО Прокуратурасы мен КСРО iшкi iстер халық комиссариатының Тергеу Iстерi жөнiндегi комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады.
Саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiнде сондай-ақ КСР Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында, саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.
Алдыңғы қорытудан көріп отырғанымыздай, кейбір соттарда саяси қуғын-сүргін құрбаны және саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккен түсініктерін ажырата алмайды. Ақтау тәртібі (адамды саяси қуғын-сүргiн құрбандары немесе саяси ақтау тәртібі (адамды саяси қуғын-сүргiн құрбандары немесе саяси қуғын-сүргiн салдарынан зардап шеккендер деп тану) Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының II бөлімімен қаралған.
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, ақтау туралы өтiнiштi ақталушылардың өздерi, сондай-ақ кез келген адамдар немесе мүдделi қоғамдық бiрлестiктер қуғын-сүргiндердi қолдану туралы шешiм қабылдаған органның немесе лауазымды адамның тұрған жерi бойынша сот тәртiбiнде – прокуратура органдарына, әкiмшiлiк не басқа тәртiпте - iшкi iстер немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарына бередi.
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңның 10-бабы бойынша,прокуратура органдары қуғын-сүргiнге ұшыраған азаматтардың не басқа адамдардың немесе мүдделi қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерi бойынша ақтауға жататын адамдарға арналған барлық iстердi осы Заң күшiне енгенге дейiн соттардың күшiн жоймаған шешiмдерiмен бiрге тексеруге мiндеттi.
Мұндай iстердi тексеру үшiн прокуратура органдары iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау органдарын қатыстырады, олардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен басқа мағлұматтарды талап етедi. Тексеру материалдары бойынша прокуратура органдары қорытынды жазып, соның негiзiнде өтiнiш иесiне ақтау туралы анықтама бередi.
Ақтау үшiн негiздер болмаған жағдайда прокуратура органдары ақтау туралы анықтаманы беруден бас тартқаны жөнiнде өтiнiш иесiне белгiленген мерзiмде хабарлауға және қорытындымен қоса iстi сотқа жiберуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес ішкi iстер органдары мен ұлттық қауiпсiздiк органдары прокуратура органдарының тапсырмалары бойынша адамның сөзсiз ақталу құқы туралы куәландыратын деректердiң дәлелденгенiн өтiнiм иелерi мәлiмдеген жағдайларда - әкiмшiлiк немесе басқа да соттан тыс тәртiпте елден аластау, өмiр сүру немесе мекендi аудандарынан аулақтату (айдау, не жер аудару), арнайы қоныс аударып жiберу, азаматтардың бостандығын шектей отырып еңбекке ықтиярсыз тарту немесе құқықтары мен бостандықтарынан айырулары мен шектеулерi, басқалай да зиян келтiрулерi фактiлерiн анықтауға мiндеттi.
Аталған фактiлердi анықтаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдары iс жөнiндегi материалдарды прокуратура органдарының атына жолдап, бұл жөнiнде өтiнiш иесiне хабарлайды. Аталған фактiлер анықталмаған жағдайда, не сөзсiз ақтау үшiн негiздер болмаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдары қаралған материалдарды мiндеттi түрде өтiнiш иесiне хабарлай отырып, белгiленген мерзiмде прокуратура органдарына жiбередi.
Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңының 13-бабына сәйкес прокуратура органдары ақтауға негiздердi анықтамаған жағдайда ақтау мәселелерi бойынша шешiмдердi қабылдайды:
- сотталған адамдарға - соңғы сот шешiмдерiн шығарған соттар қабылдайды.
Таратылған соттар мен әскери трибуналдар үкiмдер, ұйғарымдар мен қаулылар шығарған iстер қолданылып жүрген заңдар бойынша осы iстер өздерiне жататын соттардың қарауына берiледi.
Ақтау туралы iстердiң аумақтық сотқа жататындығы соңғы сот шешiмi шыққан жерi бойынша анықталады;
- өздерiнде сөзсiз ақтау жөнiнде құжаттар болмаған жағдайда соттан тыс қуғын-сүргiндерге ұшырағандарға (психиатриялық мекемелерге күштеп жатқызылғандарды қоса алғанда) - қызмет көрсететiн аумағында соттан тыс органдар әрекет етiп, лауазымды адамдар шешiмдер қабылдаған тиiстi облыстық, Алматы қалалық соттары қабылдайды.
Сөйтіп келгенде, прокуратура органдарымен осындай негіздер анықталмаған жағдайда ғана мүмкін ақтау мәселесі бойынша сотқа жүгінер алдында (адамды саяси қуғын-сүргiн құрбандары немесе саяси қуғын-сүргiн салдарынан зардап шеккендер деп тану) ақтау мәселесі бойынша сақталуы тиіс анықталған тәртіп және кезектілік қаралған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №13 нормативтік қаулысының 2 және 3-тармақшаларына сәйкес соттар заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыздарды егер:
а) мұндай фактілер заңға сәйкес (АІЖК-тің 291-бабының 1-тармағы) заңдық маңызы бар жағдайларды тудырса (азаматтар мен ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы);
б) фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе оларды қалпына келтіретін арызданушының басқа мүмкіндігі болмаса (АІЖК-тің 292- бабы); в) қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) мүмкіндігі көзделмесе (АІЖК-тің 292-бабы);
г) фактіні анықтау соттың ведомстволығына жататын құқық туралы дауды кейін шешуге байланысты болмаса, қабылдап, ондай істерді ерекше өндіріс тәртібімен қарай алады (АІЖК-тің 290-бабының 2-тармағы).
Арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет.
Құжатты алу мүмкіндігінің жоқтығы деп белгілі бір фактіні тіркеу ережелерінің талабын (мысалы, асырауда болуды) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмауын немесе сол сәтте ондай шараға бара алмаушылықты, жүгінуге жағдайы болмауын түсіну қажет (мысалы, өлім фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпеген, баланың туғаны туралы жазбаға уақытында түзету енгізбеген және әкенің қайтыс болуына байланысты мұны жасау мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі). Құжатты алуға мүмкіншілік жоқ деп, сондай-ақ фактіні растайтын құжаттар болғанмен, алайда сол құжатта дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес (мысалы, қайғылы жағдай туралы акт) қателіктер мен фактіні тура дәлелдейтін негіздемелер болмаса, ол құжаттар дәлел болу маңыздылығын жоғалтып, оны түзетуге жағдайлар болмауын түсіну қажет.
Құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуіне байланысты тиісті органның оның көшірмесін беру мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ деп түсіну қажет.
Егер қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АПК-тің 151-бабының 1-тармағының 1)- тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс.
Арыз қателікпен қабылданып, ол бойынша іс қозғалған жағдайда, онда ол АПК-тің 277-бабының 1)-тармақшасының негізінде қысқартылуға жатады.
Азаматты саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде тану туралы істерге қолдану, соттың осы фактілерді тануы мәлімдеуші үшін қажет нәтиже тудырады, өйткені ол белгіленге тәртіпте мемлекеттік арнайы жәрдемақы алу үшін негіз болады.
Аталған арызбен сотқа жүгіну заң талаптарын сақтағаннан кейін ғана мүмкін: басқа органдарға жүгіну (прокуратура, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарына), ақтау немесе жәрдемақы алмау және осы органдарда негіздерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда істер сот тәртібінде қарауға жатады.
Мәлімдеушілердің басқа органдарға жүгіну мүмкіндігі мәселені реттейтін сотқа дейінгі міндетті тәртіп болып табылмайды, өйткені заңнамада алдын-ала сотқа дейінгі шешу тәртібі анықталмаған.
Сондай-ақ, мәлімдеушілердің ақтау мәселелері бойынша басқа органдарға жүгінуі арыз қарауға және азаматтық іс жүргізу тәртібінде шешуге жатпайтынын, осындай арыздарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болмайтынын куәләндырмайды.
Нормативтік құқықтық база.
Осы санаттағы мәселелерді реттейтін және азаматтарды саяси қуғынсүргiндердің құрбандары ретінде тану туралы арыздарды қарауда қолдануды қажет ететін негізгі құқықтық актілер: - Қазақстан Республикасының Конституциясы,
- 2016 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (әрі қарай – ҚР АПК), - 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңы (әрі қарай қорыту мәтіні бойынша Заң),
- 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» №365 Заңы,
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 28 маусымдағы «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №13 нормативтік қаулысы,
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолданутуралы» №3 нормативтік қаулысы,
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесін бекіту туралы» №82 қаулысы,
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде өтініштермен жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 4 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 ақпанда №7425 тіркелген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Признание гражданина жертвой политических репрессий
29 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 27 ноября 2015 №7 каз
27 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 27 ноября 2015 №7 рус
26 рет жүктеп алынды -
2537_РЕШЕНИЕ_ГПК_СКО
25 рет жүктеп алынды -
2537_РЕШЕНИЕ_ГПК_Кызылординская область
25 рет жүктеп алынды -
2537_РЕШЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
39 рет жүктеп алынды -
2537_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
29 рет жүктеп алынды -
2537_РЕШЕНИЕ_ГПК_Алматинская область
34 рет жүктеп алынды