Кәмелетке толмағандарды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу туралы
АПК-тің 332-334-баптарына сәйкес, кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган не ішкі істер органы, ал ерекше режимде ұстайтын арнаулы ұйымға ішкі істер органы баланың тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа береді.
Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызда мән-жайлар жазылуға және девиантты мінезқұлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға жіберу үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғы туралы және кәмелетке толмағанның оны көрсетілген білім беру ұйымында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаулысы ұсынылуға тиіс.
Арызды қарау.
- Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де тұлғалар шақырылады.
- Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.
- Арыз беруші кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.
Шешім. Сот кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
Арызды қанағаттандыру туралы шешім кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру үшін негіз болып табылады.
Кәмелетке толмағанның девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымда болу мерзімі шешім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңның 13-бабына сәйкес 31.10.2015 жылғы № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) редакцияда.
Арнаулы бiлiм беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелерi болып табылады және әкiмшiлiк жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi түрде жасайтын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм алудан қасақана жалтаратын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және әлеуметтiк оңалту мақсатында құрылады Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот не ішкі істер органы қабылдайды.
Алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді құмарлықпен салынып пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде мiндеттi түрде оларға нашақорлық аурулардан емделу курсынан өтудi белгiлеудiң орындылығы зерттеледi. Кәмелетке толмаған бала арнаулы бiлiм беру ұйымына бiр айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн.
Кәмелетке толмағанның арнаулы бiлiм беру ұйымында болуы оның кәмелеттiк жасқа толуына байланысты, сондай-ақ мекеме әкiмшiлiгiнiң не кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi аумақтық комиссияның ұсыныстары негiзiнде арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот кәмелетке толмаған бала өзiнiң түзелуi үшiн бұл шараны қолдануды бұдан әрi қажет етпейдi деген қорытындыға келген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандардың арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуының сот белгіленген мерзімін осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген тәртіппен, тек қана мына жағдайларда:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы бiлiмiн немесе кәсiби даярлығын аяқтау қажет болған, бiрақ ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн;
2) әкiмшiлiк жазалау шараларына әкелiп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелi түрде жасаған, орта бiлiм алудан қасақана жалтарған, арнаулы бiлiм беру ұйымынан өз еркiмен кетiп қалған, өзге де қоғамға жат ic-әрекеттер арнаулы білім беру ұйымы орналасқан жердегі сот ұзартуы мүмкін.
Арнаулы бiлiм беру ұйымының тәрбиеленушiсi қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа дейiн қылмыс белгiлерi бар қоғамдық қауiптi әрекет жасаған жағдайда, ол осы Заңның 14-бабында белгiленген тәртiппен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымына жiберiлуi мүмкiн. Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы мәселенi қарау кезiнде прокурордың қатысуы мiндеттi болады.
Осы баптың 1-тармағында аталған кәмелетке толмағандарды анықтауды және есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинауды қамтамасыз етедi. Кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалады. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарының әкiмшiлiгi:
1) кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң, аталған мекеменiң аумағын күзетудi, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгiн және олардың терiс әсерден барынша қорғалуын, аталған мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн және одан тәрбиеленушiлердiң өз еркiмен кетуiн шектеудi, кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта қадағалау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерiн, олардың заттары мен тынығатын бөлмелерiн тексерiп қарауды қамтитын арнайы жағдайларын қамтамасыз етедi;
2) аталған мекеменiң орналасқан жерi бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына олардың өз еркiмен кетiп қалу фактiлерi туралы хабарлайды және оларды iздестiрiп, қайтаруға тiкелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы аталған мекемеден шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен алдағы уақытта жеке профилактикасы шаралары жүргiзудiң, жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын қалыптастыруға көмек көрсетудiң қажеттiлiгi туралы нұсқауларды кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерiндегi кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияға олардың болу мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей жiбередi.
Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына өздерiн аталған мекемелерде бағыпкүтуге және оқытуға кедергi болатын аурулары бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды. Мұндай аурулардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Арнаулы бiлiм беру ұйымдарын құру, қызметiн ұйымдастыру тәртiбi және оларда кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң шарттары Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
Арнаулы бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңның 14-бабына сәйкес 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) редакциясында. 1. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мынадай жағдайларда, егер олар: 1) өздеріне қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмағанына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға қауіпті іс-әрекетті қайтадан жасаса; 2) орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталса және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, орналастырылады. 3. Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынуды ішкі істер органдары көрсетілген кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді. Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органы бастығының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. 4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдар оларды сотқа жіберу алдында кәмелетке толмаған балаға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін ұсынылады. Мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды. 5. Кәмелетке толмаған бала ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында ұстауға: 1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот қаулысы; 2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот үкімі негіз болып табылады.
- Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынысы негізінде сот кәмелетке толмаған бала өзінің түзелуі үшін осы шараны қолдануды бұдан былай қажет етпейді деген қорытындыға келген болса, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
- Кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуының сот айқындаған мерзімі осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен, тек қана мынадай:
1) кәмелетке толмаған баланың жалпы білім алу немесе кәсіби даярлығын аяқтау қажет болған жағдайда, бірақ ол кәмелетке толғанға дейін;
2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қоғамға қауiптi іс-әрекет жасаған жағдайда ұзартылуы мүмкін. 8. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті.
- Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
- Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде айқындалады. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
- Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі:
1) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзетуді, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша қорғалуын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз еркімен кетіп қалуын шектеуді, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта байқау мен бақылауды, кәмелетке толмағандардың өздерін, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын тексеріп қарауды қамтитын кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді;
2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз еркімен кетіп қалу фактілері туралы хабарлайды және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан онда болу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей шығару туралы хабарламаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мінездемені және онымен жеке профилактикалық жұмысты одан әрі жүргізудің, оның жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайын жасауға көмек көрсетудің қажеттілігі туралы ұсынысты кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жібереді.
- Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерін көрсетілген ұйымдарда ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
- Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, олардың қызметін ұйымдастыру тәртібі және оларда кәмелетке толмағандарды ұстаудың шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекіткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
- Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Босату. 29.12.2010 жылғы редакциядағы 14-1-бапқа сәйкес 1. Кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
2) кәмелеттік жасқа толуына байланысты мерзімінен бұрын;
3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмағанға осы шараны одан әрі қолданудың қажеті жоқ деген қорытындыға келсе;
4) кәмелетке толмаған ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымына жіберілгенде;
5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады.
- Кәмелетке толмағандар ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарынан мынадай жағдайда:
1) сот айқындаған мерзім аяқталғанда;
2) кәмелетке толуына байланысты мерзімінен бұрын;
3) мерзімінен бұрын, егер сот мекеме әкімшілігінің немесе кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссия ұсынысының негізінде кәмелетке толмаған осы шараны өзін түзеуге одан әрі қолдануды қажет етпейді деген қорытындыға келсе;
4) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда шығарылады
- Кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан мынадай жағдайда:
1) ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері анықталғанда;
2) арнаулы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарына орналастырылғанда;
3) балалар үйіне (интернатқа) орналастырылғанда;
4) сот үкімі заңды күшіне енгенде;
5) осы Заңға сәйкес аталған мекемеде кәмелетке толмағанның болуы мүмкін болмайтын мән-жайлар туындағанда босатылады. Көрсетілген заң нормаларын қолдану кезінде ерекше проблемалар қорыту барысында анықталған жоқ.
Қорыту Республика соттары кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына, оның ішінде ерекше режимде ұстайтын арнайы білім беру ұйымдарына жіберу туралы істерді қарастыру кезінде заңнама талаптары негізінен орындалатынын көрсетті, сот тәжірибесінің біркелкілігі сақталады. Сонымен бірге кемшіліктер мен алшақтықтардың кейбір мәселелері де бар.
Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымының және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының негізгі ерекшеліктері.
Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес, оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдарының түрлеріне: шағын жинақты мектеп (бұдан әрі - ШЖМ) және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы және аурухана жанындағы мектеп жатады.
Үлгілік қағидаларының 5-тармағының 79-82-тармақшаларына сәйкес, (Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі), білім беру ұйымы оқу-тәрбие (емдеутәрбиелеу) мекемесі болып табылады және әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету үшін құрылады.
Білім беру ұйымының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың және қоғамға жат қылықтардың алдын алу;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру;
5) оқыту және тәрбиелеу процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымы кәмелетке толмаған қыз балалар мен ұл балаларды бөлек орналастыруды қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады. Ер және әйел жынысты тәрбиеленушілердің, сондай-ақ 11-14 жастағы тәрбиеленушілердің жатын корпустарын 15-18 жастағылардан оқшау орналастыру міндетті шарт болып табылады. Білім беру ұйымына кәмелетке толмаған соттың шешімі бойынша бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
Үлгілік қағидаларының 6-тармағының 94-97-тармақшаларына сәйкес, Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеутәрбие мекемелері болып табылады және қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының негізгі міндеттері девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарының негізгі міндеттеріне ұқсас. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы 11 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін ер балалар мен қыз балаларға жеке құрылады. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар соттың шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі.
Осылайша, нормативтік актінің мазмұнынан ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына қылмыстық құқықбұзушылықтың белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған кәмелетке толмағандар жіберілуі мүмкін.
Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарына әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат iсәрекеттер жасайтын кәмелетке толмағандар жіберілуі мүмкін. Яғни жоғарыда аталған арнаулы білім беру ұйымдары онда жіберілетін кәмелетке толмағандар жасаған іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігі дәрежесі бойынша ерекшеленеді.
Сондықтан соттар осы істер бойынша сот актілерін шығарар кезінде қарар бөлігінде жасөспірімнің қандай типтегі ұйымға жіберілетінін нақты көрсетуі қажет, себебі олар ұстау мерзімі және тәрбиелеу мен оқыту режимдері бойынша ерекшеленеді.
Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту.
- Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 24 мамырдағы ұйғарымымен Павлодар облысының білім беру басқармасы «Шарбақты аграрлық-техникалық колледж» КМКК-нің кәмелетке толмаған К-ні Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласы «Девиантты мінезқұлқылы балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» ММ-ге жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды, К-нің мүдделі тұлғалары «Шарбақты ауданының ішкі істер органдары» ММ, «Шарбақты ауданының білім беру ұйымы» ММ. Алдын-ала сот отырысында Г арызданушысының өкілі тиісті арызданушы болып табылмайтынына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы жазбаша арызбен сотқа жүгінді, арыздан бас тартады, істі тоқтату салдары оған түсіндірілді.
Іске қатысушы адамдар іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға қарсы болмауына байланысты, ҚР АПК-нің 278-бабымен көзделген арыздан бас тарту салдары Г арызданушысының өкіліне түсіндірілді және түсінікті болды, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға болады деп есептеді, себебі өкіл арыздан бас тартты және ҚР АПК-нің 268-бабының, 277-бабы 4- бөлігінің, 278-бабының негізінде сот бас тартуды қабылдады.
ҚР АПК-нің 170-бабының 1-бөлігінің ережесі бойынша талап қоюшы істі сот талқылауына дайындаған кезде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы.
ҚР АПК-нің 277-бабының 4-бөлігіне сәйкес сот, егер: талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаса, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады Сонымен бірге сот осы мысалда мыналарды: АІЖК-нің 332-334- баптарына сәйкес кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган не ішкі істер органы беретінін ескермеді.
Қаралатын арызды ««Шарбақты аграрлық-техникалық колледж» КМКК беріп тұр, ол осындай арыздарды беруге құқығы бар адамдарға жатпайды, ол туралы арызданушы өзі де мойындады.
Мұндай жағдайда бірінші сатыдағы сот арызды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешкен кезде ҚР АПК-нің 152-бабының 5- тармағына сәйкес егер, арызға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса, судья талап қою арызын қайтаруға немесесот жасаған сияқты істі тоқтатпай, ҚР АПК-нің 279-бабының 3-тармағы бойынша сол негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға тиіс еді, себебі бұл жағдайда сол тараптар арасында, нақ сол нысана және нақ сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне тыйым салынады.
Осылайша, дұрыс емес процесуалдық шешім қабылдау нәтижесінде тиісті мемлекеттік органдардың да, баланың да құқықтары бұзылуы мүмкін.
- Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 1 шілдедегі ұйғарымымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім беру ұйымы» ММ-нің кәмелетке толмаған В-ны Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласының «Девиантты мінез-құлқылы балаларға арналған облыстық арнайы мектепинтернаты» ММ-ге жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс бойынша іс жүргізу АПК-нің 277-бабының 4-тармағына байланысты тоқтатылды, себебі сот отырысында кәмелетке толмағанның арнаулы білім беру мектептерінде оны бағып-күтуге және оқытуға кедергі келтіретін сырқаты барлығы анықталды.
Бұл ретте сот АПК-нің сот актілерінің негізділігі туралы талаптарын бұза отырып, кәмелетке толмағанның қандай сырқатпен ауратыны, ол қандай дәлелдемелермен расталатынын көрсетпеген, бұл әрине осындай сот актісінің негізділігіне, оның ішінде іс жүргізуді тоқтату заңдылығына күмән келтіреді.
- АПК-нің 48-бабының 2-бөлігіне сәйкес егер бұл әрекеттер заңға қайшы келсе немесе қандай да біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітпейді Аталған талаптарды бұза отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен 2000 жылғы 28 қазанда туған кәмелетке толмаған Б-ні девиантты мінез-құлқылы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектеп-интернаты жіберу туралы Шымкент қаласы Білім беру, туризм және спорт бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мүдделі тұлғасына қатысты Шымкент қаласы ІІБ-нің Абай ПБ-ның арызы бойынша азаматтық іс бойынша іс жүргізу соттың талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдауына байланысты тоқтатылды.
Соттың арыздан бас тарту бойынша іс-әрекеттер заңға қайшы келмейтінін және біреудің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбайтынын растайтын айғақтар мен тұжырымдамаларының жоқтығынан байқалды. Осыған ұқсас кемшіліктер басқа да ювеналды соттар сот актілерін шығарған кезде орын алады.
Арыздарды қараусыз қалдыру.
ҚР АПК-нің 152-бабының 1-бөлігінің 3, 5-тармақшаларының негізінде егер: талап қою арызы осы Кодекстік 148-бабының, 149-бабының бірінші бөлігі 1), 2), 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса, арызға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса, судья талап қою арызын қайтарады.
АПК-нің 148-бабының 4-бөлігіне сәйкес талап қою арызына талап қоюшы немесе талап қою арызына қол қоюға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Талап қою электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Астана қаласының «Есіл» ауданының ІІБ-нің 2000 жылғы 6 қаңтарда туған кәмелетке толмаған В-ны Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Серебрянск қаласының «Девиантты мінез-құлқылы балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» ММ-ге жіберу туралы арызына белгісіз адам қол қойған, Астана қаласы «Есіл» ауданы ІІБ-нің ЖПҚ бастығының тегі алдында сызықша қойылған. бойынша азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сондықтан Астана қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 4 тамыздағы өкімімен арыз көрсетілген негіздер бойынша негізді қайтарылды.
Арнаулы білім беру ұйымына жіберу.
- «Астана қаласының ІІД «Алматы» ауданының ІІБ» ММ 2002 жылғы 28 қыркүйекте туған кәмелетке толмаған К-ні және 2002 жылғы 28 қыркүйекте туған кәмелетке толмаған К-ні «Девиантты мінез-құлқылы кәмелетке толмағандарға арналған облыстық мамандандырылған мектепинтернаты» КММ-ге жіберу туралы сотқа жүгінді.
Астана қаласы бойынша кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 15 наурыздағы шешімімен мынадай қаулы шығарылды: арыз қанағаттандырылсын. 2002 жылғы 28 қыркүйекте туған кәмелетке толмағандарды Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Серебрянск қаласының «Девиантты мінез-құлқылы балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» ММ-ге төрт ай мерзіміне жіберілсін. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелерінде С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің 5-сынып оқушылары мектептегі сабақтарды қалдырады, оқуға ынталары жоқ, агрессия болады, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған деп көрсетілген.
Наркологиялық және профилактикалық есептерде 2015 жылғы 16 қарашадан бастап тұрады. Олардың меніз-құлықтары Құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі кеңестердің, Астана қаласының әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың отырыстарында қаралды, бірақ олар қорытынды жасамайды, түзетуге жатпайды.
АПК-нің 334-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады. Заңның 13-бабының 3-тармағы бойынша кәмелетке толмаған арнаулы білім беру ұйымына бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін.
Сондықтан, кәмелетке толмағандардың жеке басын, сондай-ақ істің мән-жайларын ескере отырып, толыққанды тәрбиелеу және оқыту, мінезқұлқын түзету мақсатында сот Алматы ауданының ІІБ өтінішін қанағаттандыру, кәмелетке толмағандарды двеиантты мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мектеп-интернатқа жолдау мақсатқа сай деп есептеді.
- «Қарағанды облысының ІІД Осакаров ауданының ішкі істер бөлімі Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының Керней кентінде орналасқан арнаулы білім беру ұйымына кәмелетке толмаған М.-ді жіберу туралы сотқа өтінішпен жүгінді. Кәмелетке толмаған М. 2015 жылғы 24 наурыздан бастап профилактикалық есепте «қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекет жасаған және қылмыстық жауапкершілік болатын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған» санаты бойынша ювеналдық полиция тобында тұр, 2015 жылғы 24 қазаннан бастап «қадағалаусыз және қараусыз кәмелетке толмағандар» санаты бойынша тізімдік есепте тұр.
Толық емес және қолайсыз отбасында тұрады, тұрғылықты жері және оқу орны бойынша теріс деп сипатталады. М. қазіргі уақытта Центральное ауылында мектепте оқиды, бұрын Пионерское ауылында №3 ОМ оқыған.
Центральное ауылы мектебінің және Пионерское ауылының №3 АМ мұғалімдерінен мектеп сабақтарына келмеу және мектеп тәртіптерін бұзу туралы бірнеше шағымдар келіп түсті. М.-нің анасы Осакаровкада жұмыс істейді, балаларын өзінің анасы Т.-мен қалдырады. М. бірнеше рет дәлелді себептерсіз мектеп сабақтарына бармаған, сабақтан қашып отырған.
Анасы ұлының сабағына қарамайды, ата-аналар жиналысына қатыспайды, ұлының мінез-құлқын бақыламайды, жұмыста жүргенімен түсіндіреді. 2015 жылғы 24 сәуірде М.-ге қатысты Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында оны арнаулы білім беру ұйымына жебіру туралы сотқа өтініш беру туралы шешім қабылданды.
М. төрт рет ұрлық жасаған, алайда қылмыстық істер жауапкершілік үшін жасқа жетпеуіне байланысты олар тоқтатылды.
Анасы ӘҚБтК-нің 442- бабының 2-бөлігі бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз үй-жайдан тыс жерде болғаны, ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту бойынша атааналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2016 жылғы 17 ақпаннан бастап Осакаров ауданының ІІб ювеналдық полицияда қолайсыз отбасы ретінде есепте тұр.
Ай сайын кәмелетке толмағанпен және оның анасымен Осакаров ауданының ІІб ювеналдық полиция инспекторлары, мектеп әкімшілігі профилактикалық әңгімелер жүргізеді, бірақ кәмелетке толмаған М. мен оның анасы М. ешқандай қорытынды жасамайды.
Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 24 мамырдағы шешімімен өтініш қанағаттандырылды. М. 1 жыл мерзімге арнаулы білім беру ұйымына жіберілді. Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 18 шілдедегі қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз қалдырылды, М.-нің заңды өкілінің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
Бұл ретте, алқа М. тұрғылықты жері және оқу орны бойынша теріс сипатталатынын ескерді. Тергеушінің 2015 жылғы 24 ақпандағы, 2015 жылғы 7 қыркүйектегі, 2016 жылғы 20 наурыздағы қаулыларымен Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық істер мүлікті ұрлау фактісі бойынша М.-ге қатысты қылмыстық жауапкершілік болатын жасқа оның жетпеуіне байланысты тоқтатылды. М. мектептерінің анықтамаларына сәйкес 2015-2016 оқу жылының бірінші тоқсанында дәлелсіз себептермен 15 оқу күні, екінші тоқсанда 8 күн, оқу жылының екінші жарты жылдығында 45 күн жіберілген.
Баяндалғанды ескере отырып, бірінші инстанцияның соты кәмелетке толмағандар жалпы орта білім алудан жалтарады, қанағаттанарлықсыз сабақ оқиды, қылмыстық жазаланатын құқық бұзушылық жасауға бейім екендігі куәландыратынын дұрыс көрсетті.
Медициналық көрсеткіштер бойынша М. есепте жоқ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 592 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiнде көзделген көрсетпелер жоқ.
Бірінші саты сотының кәмелетке толмағанды арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы шешімі прокурордың наразылығы бойынша кассациялық сатымен қалпына келтірілді.
Ақмола облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен: Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшгілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 14 наурыздағы апелляциялық шешімі осы іс бойынша Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кәмелетке толмағанды арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы 2013 жылғы 23 желтоқсандағы шешімінің күшінде қалдыра отырып, күшін жоюға қаулы етті.
Өтініш иесі «Ақкөл аудананың білім беру бөлімі» ММ-нің кассациялық өтінішін және прокурордың іс бойынша қатысқан кассациялық наразылығы қанағаттандырылсын.
Апелляциялық саты сот шешімінің күшін жоя отырып, Заңның жоғарыда аталған нормасын талдау арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу үшін көрсетілген негіздің жиынтығын көздейді, яғни сабаққа бармау және үйден өз бетінше кетіп қалу түріндегі негіз жеткіліксіз. Кәмелетке толмаған Б.-ның үйден жүйелі түрде кетіп қалуы расталмайды, әкелу туралы акті жоқ, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жоқ.
Оқу жылының 1-2-ші тоқсандарында 25 күн сабаққа бармаған. Бейімдеу орталығында кәмелетке толмаған Б. оң жағынан сипатталады, үлкендерге құрметпен қарайды, кішілерге көмектеседі, Орталық ұйымдастырған барлық іс-шараларға қатысады, Көкшетау қаласының №18 мектепте 10-шы сыныпта оқиды, пәндер бойынша қанағаттанарлық және жақсы бағалары бар.
Бейімдеу орталығында болған кезде спирттік ішімдіктерді пайдалану және шылым тартқаны анықталған жоқ. Кассациялық сот алқасы апелляциялық саты заңды дұрыс талқылаған жоқ деп көрсетті. Мәселен, жоғарыда келтірілген «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңның 13-бабының 1-тармағында мүлтіксіз деп табылмайтын арнаулы білім беру ұйымдарына жолдау үшін негіздің тізбесін қамтиды, демек олардың жиынтығы қажет емес.
АПК-нің 65-бабына, 66-бабының 1-тармағына сәйкес әрбір тарап өздерінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар ұсынады.
АПК-нің 77-бабына сәйкес әрбір дәлелдеме оның қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы ескеріле отырып, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс.
Азаматтық істі шешу үшін жеткілікті дәлелдемелердің жиынтығы егер қолжетімді және дұрыс дәлелдемелер іске қатысты жиналса, дәлелдеуге жататын барлық және әрбір мән-жайдан ақиқатты даусыз анықтайтынне тараппен қабылданбаған дәлелдемелер жиналған кезде мойындалады.
Апелляциялық саты осы нормаларды бұза отырып, өздерінің талаптарын негіздеуге өтініш иесі ұсынған дәлелдемелер ретінде заңсыз қабылдамаған. Мәселен, 1 және 2-ші тоқсанда 25 күн сабаққа келмеу туралы қорытынды негізсіз, себебі сабаққа бармау мерзімі 2013 жылғы қыркүйекқазанда 150 сабақты құрады, яғни айтарлықтай болып табылады және жүйелі сипат туралы куәландырады.
Кәмелетке толмаған Б. қаңғыбастығы фактісі іс материалдарында бар Б. отбасын 2012 жылдан 2013 жылдар аралығында мектеп басшылығының баруының бірнеше хаттамаларымен расталады.
Бұрын, Ақмола облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2013 жылғы 18 шілдедегі қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 111-бабының 1-бөлігі бойынша өзінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін дәлелсіз себептерсіз орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақкөл АІІб 2013 жылғы 28 қарашадағы анықтамасына сәйкес АІІб кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда қадағалаусыз ретінде есепте тұр, үйден бірнеше рет кетіп қалған, онымен жүргізілген әңгімелер оған әсер етпейді.
Бейімдеу орталығында болған уақытында Б.-ның оң мінездемесін оны ата-анасы тарапынан жоқ қатаң бақылауда,олардың оқшау болғандығымен бағалауға болады.
Мәселен, кәмелетке толмағанның анасы Б. Астана қаласында тұрақты тұрады және жұмыс істейді, Б.-ның әкесі ұзақ уақыт бойы Ақкөлден тыс жұмыс істейді, қызы әжесімен тұрады, оған ол ешқандай әсер етпейді.
Көрсетілген мекемелерде оларды ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін сырқаттың болуына байланысты арнаулы білім беру ұйымдарына жіберуден бас тарту. Астана қаласының ІІД, «Алматы» ауданының ІІБ 2005 жылғы 11 мамырда туған кәмелетке толмаған Б.-ні Серебрянск қаласында орналасқан «Девиантты меніз-құлқы бар кәмелетке толмағандарға арналған облыстық мамандандарылған мектеп-интернат» КММ-ге 1 жыл мерзімге жібері туралы өтінішпен сотқа жүгінді.
Өтініш Астана қаласының «Алматы» ауданының ІІБге келіп түскен Астана қаласының әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2016 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысының негізінде жасалды.
Астана қаласының №30 МГ 5-сынып оқушысы Б. 2016 жылғы наурыздан бастап Астана қаласының Балалардың психикалық денсаулық проблемасының медициналық орталығында (бұдан әрі – БПДПМО) «Ф-70.89 – басқа талғамды себептерге байланысты басқа меніз-құлқының бұзылуымен жеңіл деңгейдегі ақыл-ой кемтарлығы» диагнозымен есепте тұр. Б. толық емес, қолайсыз отбасында тәрбиеленуде, тағы да екі кәмелетке толмаған 2010 және 2014 жылдары туған балалар барымен дәлелденеді.
Отбасының кірісі Б. анасының кездейсоқ табысын құрайды. Кәмелетке толмаған үйден белгісіз бағытта кетп отырған, бақыланбайды, анасының сөздерін тыңдамайды. № 30 МГ Б.-ні теріс жағынан сипаттайды, оқуға құлқы жоқ, жадысы нашар дамыған, нашар сөйлейді, мектепке баруды сылтау ретінде пайдаланады және қаңғыру үшін.
Бұрынғы №45 мектепте КТБ есепке қойылған. Заңның 13-бабының 10-тармағы аясында арнаулы білім беру ұйымдарына көрсетілген мекемелерде ұстау және оқытуға кедергі келтіретін сырқаттары бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 592 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағыпкүтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiнің 5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимімен білім беру ұйымдарына F70.1-F70.8, F71-F79 ақыл-ой кемтарлығы сырқаты бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды. ВСОС Білім беру басқармасының «Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған облыстық арнаулы мектеп интернаты» КММ хатына сәйкес F70 – ақыл-ой кемтаролығы бар бар кәмелетке толмаған Б.-ні қабылдай алмайды.
Дәрігерлік-консультативтік комиссияның 2016 жылғы 25 қарашадағы қрытындысында F70.19 диагнозы қойылған және психиатр дәрігерінің диагностикалық бақылауы және үйде оқыту мәселесін шешу ұсынылған. 2017 жылғы 9 қаңтардағы медициналық анықтамаға сәйкес Б. «Д» есепте F 078 есепте тұр.
Баяндалғанға сәйкес, Астана қаласы Мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың 2017 жылғы 23 ақпандағы шешімімен өтінішті қанағаттандырудан бас тартылсын деген қаулы заңды шығарылған. 2005 жылы 11 мамырда туған кәмелетке толмаған Б. 1987 жылы туған Б.- нің анасының қамқорлығында қалдырылды.
Сот кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы арызды негізді қанағаттандырды.
Көкшетау қаласының ІІБ 2002 жылғы 1 қарашада туған С.-ні бір жыл мерзімге ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы өтінішпен сотқа жүгінді. С. жүйелі түрде қылмыстар жасайды.
Мәселен, 12.08.2013 жылы С. кәмелетке толмаған Л.-ға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға тырысты, 09.09.2013 жылы ол Б.-ға тиесілі «Форвард» маркалы велосипед – мүлікті ұрлады, 12.08.2014 жылы М.-ға тиесілі «Батл» маркалы велосипедті ұрлады, 19.12.2015 жылы С. «Бурабай» спорт кешенінде С.Е. тиесілі 25 000 теңге сома ақша қаражатын ұрлады, 23.01.2016 жылы С. «Лаквила» дәмханасында әмиянды ұрлады, онда С.А.Е. тиесілі құжаттар мен 66 000 теңге сомасында ақша қаражаты болған.
Барлық жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша С.-ның қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмағанына байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған. С.А. мінез-құлқы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында қарастырды, сынақ мерзімі берілді.
Полиция қызметкерлері мен оқу орны әкімшілігі тарапынан қабылданған алдын алу шараларына мән бермейді, С.А. қылыс жасауын жалғастырды, өзі үшін тиісті қорытындылар жасамады, Көкшетау қаласының ІІБ ювеналды полиция бөлімінде профилактикалық есебінде тұр, тұрғылықты жері және оқу орны бойынша теріс жағынан сипатталады, толық емес отбасында тәрбиеленеді.
Кәмелетке толмаған С.А. сотта өтініште келтірілген барлық дәлелдерді мойындай отырып, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы өтінішпен толық келісті.
Ол өзінің іс-әрекеттері құқыққа қайшы келетінін түсінеді, бірақ оның түзелуге шамасы жетпейді. Заңды өкіл Ф. өтінішпен толық келісті, сотта ұлы тәрбиелеуге көнбейді, онымен тұрақты әңгімелеседі, оның мінез-құлқына бақылау жасайды, мектепке барып, сабағына қатысады, бірақ С.А. оны тыңдамайды.
Көрсетілген арнаулы мектепте болуы ұлының түзелуіне көмектесуі мүмкін. Сотта куәгер К. №16 мектепте психолог болып жұмыс істейтінін көрсетті. С.А. 6-шы сыныпта оқиды, ол онымен 5-ші сыныптан бастап тікелей жұмыс жасады.
Ол психика ауру салдарынан ұрлық жасауға құмар, қиялдауға бейім. Ол бірнеше рет консультациялар өткізіп, тест жүргізді. Жасөспірім сабақты жақсы оқиды, сабақтарға тұрақты қатысады, бірақ оның проблемасы - ол ұрлық жасауға бейім. Ол шизофрениямен ауыруы мүмкін деп күдіктенді, бірақ психиатрдың бірнеше рет тексеруі С.-ның сау екенін көрсетті.
Сотта куәгер Б. №16 орта мектепте жұмыс істеймін. Ол 5-ші сыныптан бастап қазіргі уақытқа дейін С.-ның сынып жетекшісі болып табылады. Ол мейірімді, агрессия көрсетпейді, пәндер бойынша орташа бағасы 3-4, бірнеше рет ұрлық жасады.
Анасы тарапынан байланыс орнатылған, ол оның сабақ үлгерімін, сабаққа қатысуын қадағалайды, ата-аналар жиналысына қатысады деп көрсетті.
Сотта «Көкшетау қаласының білім беру бөлімі» ММ Қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі Т. оның құқық бұзушылық жасауына қатысты мектеп қызметкерлері тарапынан, сол сияқты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция қызметкерлері тарапынан С.-мен тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізіледі, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді, бірақ С. өзі үшін ешқандай тиісті қорытындылар жасамайды. Білім беру бөлімі оны ерекше режимде ұстайтын арнаулы мектепке жіберу қажет деп есептейді деп көрсетті.
Сонымен, сот С. тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет етеді және арнайы педагогикалық тәсілді қолдануды талап етеді және кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберудің орындылығы туралы қорытындыға келді, терапевтік қарсы көрсеткіштері жоқ, ол медициналық анықтамалармен расталады.
Оны істің материалдары куәландырады. Ол бойынша қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмағанына байланысты қылмыстық істі қозғаудан бас тартылған оның жасаған бес қылмысының әрқайсысынан кейін онымен профилактикалық жұмыс жүргізілген, бірақ ол қылмыс жасауын жалғастырды.
Ақмола облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандарылған ауданаралық соттың 2016 жылғы 28 сәуірдегі шешімімен өтініш ішінара қанағаттандырылды, С. 1 жыл мерзімге ерекше режимде ұстайтын ұйым - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жетпей қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған кәмелеттік жасқа толмағандардың облыстық арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жіберілді.
Ерекше режимде ұстайтын білім берудің арнаулы мекемесіне жіберуден бас тарту. Ақмола облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандарылған ауданаралық соттың 2016 жылғы 17 қарашадағы шешімімен Орал қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының 2000 жылғы 26 ақпанда туған С. бір жыл мерзімге Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы ерекше режимде ұстайтын арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы өтініші іс жүргізуге қабылданды және оны қанағаттандырудан бас тартылды.
Өтініште кәмелетке толмаған С. орта білім алудан жалтарады, үйінен өз бетімен кетіп қалады және қылмыстар жасайды деп дәлелдер келтірілген, БҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандарылған ауданаралық соттың 2015 жылғы 4 маусымдағы шешімімен бір жыл мерзімге Ақтау қаласында орналасқан девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы мектепке орналастырылған.
Аталған мектепте оқуды аяқтағаннан кейін кәмелетке толмаған С. Орал қаласына келеді, бірақ қылмыс жасауын жаластырады. Мысалы, 2016 жылғы 23 маусымнан бастап 2016 жылғы 14 қыркүйек аралығы кезеңде ол бөтеннің мүлкін ұрлаудың 9 эпизодын жасаған, сол үшін оған қатысты қылмыстық істер қозғалған және бір іс жүргізуге біріктірілген, ол қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында. 2016 жылғы 20 қыркүйекте кәмелетке толмаған С. тергеу органдарынан жасырынды және қазіргі уақытта ісздестіруде.
Орал қалалық сотының 2016 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен 2 айға дейін мерзімге қамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Баяндалған мән-жайларды, С.-ның түзелу жолына түскісі келмейтінін ескере отырып, соттан кәмелетке толмаған С.-ны ерекше режимде ұстайтын арнаулы білім беру мекемесіне жіберуді сұрады.
Бала құқықтары туралы конвенцияның 3-бабына сәйкес балаларға қатысты барлық әрекеттер баланың мүддесін үздік қамтамасыз етуге бірінші кезекте назар аударылады.
Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің орындылығы туралы шешімді ішкі істер органының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы ұсынуды ішкі істер органдары көрсетілген кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.
Ерекше жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органы бастығының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 3-тармағында көрсетілген материалдар оларды сотқа жіберу алдында кәмелетке толмаған балаға және оның заңды өкілдеріне танысу үшін ұсынылады, мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды. Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында ұстауға:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот қаулысы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот үкімі негіз болып табылады. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына өздерін көрсетілген ұйымдарда ұстауға және оқытуға кедергі болатын аурулары бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға болмайды. Мұндай аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 Заңының 14-бабына сәйкес мынадай:
1) өздеріне қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмағанына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға қауіпті іс-әрекетті қайтадан жасаса;
2) орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталса және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83- бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға орналастыру үшін түпкілікті негіздер тізбесінен тұрады.
Істің материалдарынан, кәмелетке толмаған С.-ға қатысты жоғарыда аталған негіздердің бірде-біреуі болмаған, яғни оған қатысты қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмағанына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы шығарылғаннан кейін қоғамға қауіпті іс-әрекетті қайтадан жасаған адам болып табылмайды.
Сондай-ақ, ол орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83- бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылған адам болып табылмайды.
Бұдан басқа, кәмелетке толмаған С. аталған баптың талаптарына қарамастан істің материалдарымен таныстырылмаған. АПК-нің 72-бабына сәйкес әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. АПК-нің 15-бабына сәйкес сот өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.
Сот шешімді тараптардың әрқайсысы бірдей негізде зерттеуге қатысуы қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Бірақ, заңның аталған талаптарына қарамастан өтініш беруші сотқа өздерінің дәлелдерін растайтын дәлелдемелерді ұсынған жоқ және ол сотқа қандай да болмасын қосымша дәлелдемелер алуға жәрдем көрсету туралы өтінішхатпен жүгінген жоқ.
АПК-нің 332-бабының 2-тармақшасына сәйкес кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы арызда мән-жайлар жазылуға және арнаулы мектепке жіберу үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғы туралы және кәмелетке толмағанның оны көрсетілген білім беру ұйымында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар ұсынылуға тиіс.
Аталған істің материалдарында кәмелетке толмаған С.-да ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына оны жіберуге кедергі келтіретін ауруының жоқтығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы жоқ. Сонымен бірге, істің материалынан кәмелетке толмаған С. 2014 жылдан бастап «Әлеуметтік мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен Психикалық денсаулық орталығының есебінде тұр.
С. заңды өкілінің түсініктемесінен, оның ұлы есірткі заттарын қолданады, бірақ онымен медициналық тексеруден өтуге мүмкіндігі жоқ, себебі ол 2016 жылдың 20 қыркүйегінен бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарынан жасырынып қалды және іздестіруде.
Осындай мән-жайлар кезінде сот кәмелетке толмаған С.-ны ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу үшін негіздер жоқ деп есептеуі заңды, осыған байланысты өтініш қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.
Апелляциялық сатыда өтініштен бас тарту. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ 1999 жылы туған кәмелетке толмаған И.-ді Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласының девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына бір жыл мерзімге жіберу туралы өтінішпен сотқа жүгінді.
Талап кәмелетке толмаған орта мектепке барудан жалтарады, жүйелі түрде үйден кетіп қалады деп дәлелденген. И.-дің мінез-құлқы бойыншақызу, ашуланғыш, мектепішілік есебінде тұр.
Кәмелетке толмағанның анасы Б. қызына лайықты ықпал жасай алмайды, себебі анасының ескертулеріне құлақ аспайды. И. Бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2015 жылғы 1 қыркүйекте кәмелетке толмаған мектепке келмеген, осы фактіні тексеру кезінде 2015 жылғы 30 тамыздан бастап баласының қайда жүргені анасына белгісіз болған, ол 2015 жылғы 2 қыркүйекте алкогольдік мас күйде табылған.
Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының 2016 жылғы 11 қаңтардағы шешімімен өтініш ішінара қанағаттандырылды, 1999 жылы туған И.-ді «Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласының девиантты мінезқұлықты балаларға арналған облыстық арнаулы білім беру ұйымы» ММ-ге 5 айға, яғни оқу жылының аяғына дейін жіберу туралы қаулы шығарылды. Өтініштің қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылсын.
Кәмелетке толмағанның заңды өкілі Б.-дан апелляциялық шағымды мәні бойынша қарағанға дейін өтініш иесі К өкілінінен сотқа апелляциялық сатыдан өтініштен бас тарту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы жазбаша өтініш түсті.
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 28 сәуірдегі ұйғарымымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ өкілі К.-нің өтініштен бас тарту туралы өтініші қанағаттандырылды. Оның өтініштен бас тартуы қабылдансын.
Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотының 2016 жылғы 11 қаңтардағы шешімінің күші толық жойылды. Осы азаматтық іс жөніндегі іс жүргізу тоқтатылсын.
Бұл ретте апелляциялық алқа өкілде осындай өкілдіктердің барығын көрсете отырып, өтініштен бас тарту себептерін дәлелдеген жоқ.
Апелляциялық сатының халықаралық шарттың нормаларына артық сілтеме жасауы.
Павлодар облысының Шарбақты аудандық сотының 2016 жылғы 2 қыркүйектегі кәмелетке толмаған З.-ні «Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласының «Девиантты мінез-құлықты балаларға аранлған мамандандырылған мектеп-интернаты» ММ-ге бір жыл мерзімге жіберу туралы шешімін негізді және дәлелді өзгеріссіз қалдырған Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2016 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысында мынадай норманы келтірді.
1989 жылы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 44/25 қарарымен қабылданған және Қазақстан Республикасы ратификациялаған Бала құқықтары туралы конвенцияның 18-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттер баланы тәрбиелеуге және дамытуға екі ата-анасының бірдей жауапкершілігін тану қағидатын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын күштерді қабылдайды.
Ата-аналар баланы тәрбиелеу және дамыту үшін негізгі жауапкершілікте болады. Баланың ең қажетті мүдделері олардың қамқорлығының негізгі мәні болып табылады.
Бұл ретте, іс материалдарымен кәмелетке толмаған толық емес (әкесіз) отбасында тәрбеиеленуде екені анықталды. Сот аксінің мазмұнынан, егер баланы бір ата-ана тәрбиелеп отырса, баланы тәрбеиелеу және дамыту үшін екі ата-ананың бірдей жауапкершілік қағидатын тануды қамтамасыз етумен танылған норма не үшін келтірілгені түсініксіз.
Бұл ретте қаулыда соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған және дауды шешкен кезде 2005 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты процесс олардың жасы және олардың қайта тәрбиелену ісіне көмек көрсетудің ниеті ескерулі тиіс екені орынды көрсетілген.
Анықталған бұзушылықтарға соттардың жеке ұйғарымдары АПК-нің 270-бабына сәйкес заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті. Ювеналдық соттар осы санаттағы істерін қарау барысында анықталған бұзушылықтарға белсенді ден қояды.
- Мәселен, 2016 жылғы 27 шілдеде Жамбыл облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сот Жамбыл ауданының ІБ ЖПҚ бастығының, Жамбыл ауданының ЖПҚ қызметкері К. атына кәмелетке толмаған баланың қорғалу құқықтарын және «Бала құқықтары туралы» халықаралық конвенцияның нормаларын бұзғаны үшін жеке ұйғарымды негізді шығарды.
Жеке ұйғарым Жамбыл облысының ІІД-не кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту және функционалдық міндеттерін түсіндіру үшін жолданды. 1999 жылғы 16 шілдеде туған кәмелетке толмаған Р.-дің орналасқан жері анықталсын және оны қорғау үшін шаралар қабылдансын.
Қабылданған шаралар туралы Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа бір ай мерзімде хабарлансын.
Мынадай мән-жайлар негіз болды: Жамбыл облысы Жамбыл ауданының ІІб ЖПҚ ЮПт 1999 жылы туған Р.-ді Жамбыл облысы Тараз қаласындағы Двевиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы сотқа жүгінген.
Сотта Жамбыл ауданының ІІб ЖПҚ ЮПт өкілі К. талап етілген талаптарды қолдады, қанағаттандыруды сұрады. Сонымен қатар, екі ай бойы кәмелетке толмаған Р.-дің орналасқан орны белгісіз екенін көрсетті.
Кәмелетке толмаған Р. Белгісіз жаққа кетені туралы екі айдан аса уақыт белгілі. Іздестіру іс-шаралары жүргізілмеген, себебі заңды өкілден іздестіру туралы арыз келіп түспеген. Сондықттан Р.-ді сотқа жеткізу мүмкін болмады.
Соттан бір жыл мерзімге балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы білім беру ұйымына кәмелетке толмағанды жіберуді өтінді. 2016 жылғы 27 шілдеде соттың шешімімен өтініш қанағаттандырусыз қалдырды. Р.-ді арнаулы мектепке жіберуден бас тарту шешімінсот Р. «Неке (зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 62-бабына және «Бала құқықтары туралы» халықаралық конвенцияның 12-бабына сәйкес сотта тыңдалған жоқ деп негіздеді.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңның 10, 25-баптарына сәйкес әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар, мемлекет баланың жеке қолсұқпаушылығын қамтамасыз етеді, оның қорғауды жүзеге асырады.
Сотта өтініш иесінің өкілі кәмелетке толмаған Р.-ға қатысты іздестіру іс-шаралары заңды өкілінің іздестіру туралы өтініштің болмауына байланысты жүргізілген жоқ.
Соған қарамастан, іс материалдарында Жамбыл ауданының ІІб ЖПҚ бастығы Н.-нің 2016 жылғы 8 маусымдағы қорытындысы бар, онда кәмелетке толмаған А. Раджаповтың орналасқан жері 2016 жылғы 11 сәуірден бастап белгісіз, себебі кәмелетке толмағанның үйден кетіп қалуы туралы өтінішпен оның әкесі жүгінген.
Осылайша, соттағы Жамбыл ауданының ІІб ЖПҚ ЮПт өкілі К.-нің түсініктемесі іс материалдарына қайшы келеді.
Жамбыл ауданының ІІб ЖПҚ кәмелетке толмағанды арнаулы мектепке жіберу туралы сотқа жүгінеді, сотқа оның заңды өкілі ұлын жеткізе алмайды, себебі екі айдан астам уақыт бойы оның орналасқан жерін білмейді. Р.-ге қатысты Тараз қаласы ІІБ Пб-3 тергеу іс-шараларын жүргізуде.
Іс материалдарын талдап, сонымен бірге өтініш иесінің өкілдерін тыңдай отырып, сот олардың жұмыстарында басымдықтың жоқтығы, атап айтқанда баланың мүддесінде әрекет етпейді деген шешімге келді.
«Бала құқықтары туралы» конвенцияның 3-бабында әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелермен, соттармен, әкімшілік немесе заңнамалық органдармен қабылдануына қарамастан, балаларға қатысты барлық әрекеттер баланың мүддесін үздік қамтамасыз етуге бірінші кезекте назар аударылады.
Қатысушы мемлекеттер оның ата-аналарының, қамқоршыларының немесе заң бойынша олар үшін жауапты басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың дұрыс өмір сүруі үшін қажетті қорғауды және қамқорлықты балаға қамтамасыз етуді міндетіне алады және осы мақсатпен барлық тісті заңнамалық және әкімшілік шаралдар қабылдайды.
Қатысушы мемлекеттер балалар туралы қамқорлыққа немесе оларды қорғауға жауапты мекемелер, қызметтер мен органдар құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда, қауіпсіздік саласындағы нормаларға жауап беруін қамтамасыз етеді.
- Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылғы 5 сәуірде Қызылорда облыстық білім беру басқармасының басшысы С.-ке және Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі бастығының назарына жеткізу мақсатында мектеп-интернатта кәмелетке толмаған М.-нің болуын ұзарту туралы заңда көзделген шараны қабылдамаған Қызылорда облыстық девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы мектепинтернатының басшылығына қатысты, сондай-ақ Өкілдіктің ювеналдық полиция тобының қызметкерлеріне қатысты екі жеке ұйғарымды заңды шығарды. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 5 сәуірдегі шешіміміне жоғарыда көрсетілген өтініш қанағаттандырылды, шешім дереу орындауға жіберілді.
Бұл ретте сот 2015 жылғы 5 желтоқсаннан бастап шешім шығарылған күннен бастап, яғни 2016 жылғы 15 сәуір арылығында 4 ай бойы кәмелетке толмаған М. мектеп-интернатқа кәмелетке толмағанның келу мерізмін ұзарту бойынша уақтылы шаралар қабылдамаған лауазымды адамдардың әрекетсіздігінен мектепке бармағаны анықталды.
Қазақстан Републикасы аумағында қолданылатын кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы заңнама.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
1994 жылғы 12 тамыздан бастап Қазақстан БҰҰ-ның Балалар құқықтары туралы Халықаралық Конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) тарапы болып табылады. Конвенцияның жетекші қағидаттарының бірі баланың мүдделерін барынша жақсы қамтамасыз ету қағидаты болып табылады. Конвенция заңды бұзғаны үшін айыпталған әр баланың «тәуелсіз құзыретті және әділетті органдар қарайтын мәселелер бойынша шешім қабылдау» құқығын мойындайды.
Конвенцияны іске асыру мақсатында 2002 жылы «Бала құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінен (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 37-тарауынан, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңынан, Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашадағы Балалар құқықтары туралы Конвенциядан, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 Қазақстан Республикасының Заңынан (ерекше режимде ұстайтын арнаулы және білім беру білім беру ұйымдарына жіберу бөлігінде), «Білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңынан тұрады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі соттар басшылыққа алулары тиіс құқытық актілерін бекітеді: Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы.
Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 592 Қаулысы.
Қаралатын құқықтық қатынастарды, сондай-ақ «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы реттейді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827, оның ішінде білім беру ұйымдарыныңоқытуды ұйымдастыру шарттары бойынша қызметінің үлгілік қағидаларымен тіркелген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Направление несовершеннолетних в специальные организации образования для детей
26 рет жүктеп алынды -
2530_ШЕШІМ_АПК_Қызылорда облысы
24 рет жүктеп алынды -
2530_ШЕШІМ_АПК_ОҚО
24 рет жүктеп алынды -
2530_ШЕШІМ_АПК_Маңғыстау облысы
24 рет жүктеп алынды -
2530_РЕШЕНИЕ_ГПК_СКО
24 рет жүктеп алынды -
2530_РЕШЕНИЕ_ГПК_Костанайская область
25 рет жүктеп алынды -
2530_РЕШЕНИЕ_ГПК_Карагандинская область
24 рет жүктеп алынды -
2530_РЕШЕНИЕ_ГПК_ЗКО
25 рет жүктеп алынды -
2530_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Астана
24 рет жүктеп алынды -
2530_РЕШЕНИЕ_ГПК_г.Алматы
25 рет жүктеп алынды -
2530_РЕШЕНИЕ_ГПК_Алматинская область
24 рет жүктеп алынды -
2530_РЕШЕНИЕ_ГПК_Актюбинская область
24 рет жүктеп алынды