Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) есептік тіркеу – цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізіліміне, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізу;

      2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа – деректердің таратылған платформасы негізінде құрылған, белгілі бір ақпараттық өзара іс-қимылдарды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған, ақпарат алмасу мүмкіндігін беретін цифрлық технологиялардыңжиынтығы; 

3) қамтамасыз етілмеген цифрлық актив – цифрлық қаржы активі болып табылмайтын цифрлық актив;

3-1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде цифрлық активтер нарығында дилерлік қызметті – өз клиенттерінің мүддесі үшін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау, сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын цифрлық активтер қызметтерінің провайдері; 

      3-2) мінсіз іскерлік бедел – адамның, оның ішінде: 

      аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау; 

      аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы; 

      қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы;

4) цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, есеп айырысу ақша бірлігі және (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік. 

      Мыналар цифрлық активтердің түрлері болып табылады: 

      цифрлық қаржы активі; 

      қамтамасыз етілмеген цифрлық актив;

4-1) цифрлық актив айналымы – цифрлық активпен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII ҚРЗ 

4-2) цифрлық актив әмияны – криптографиялық кілттерді сақтау немесе оларды басқару үшін пайдаланылатын, цифрлық активтерге қол жеткізуді және олармен транзакциялар жүргізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық немесе аппараттық құрал;  

      4-3) цифрлық активтер айналымы (айналысы) – цифрлық активті сатып алуды, сатуды, айырбастауды, аударуды, сақтауды қамтитын Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының азаматының, резидентінің немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның қатысуымен цифрлық активтермен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау;

      5) цифрлық активтер биржалары – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, есептелуін және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

5-1) цифрлық активтердің сауда платформасының операторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізіліміне енгізілген, цифрлық активтер бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді цифрлық активтер қызметтері провайдерінің сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей өткізу арқылы жүзеге асыратын цифрлық активтер қызметтерінің провайдері; 

      5-2) цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының бірыңғай тізбесі; 

      5-3) цифрлық активтер қызметтерінің провайдері – цифрлық активтермен байланысты қызметтер көрсететін және Интернеттің қазақстандық сегментінде тіркелген цифрлық активтер нарығының субъектісі. 

      Мыналар цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері болып табылады: 

      цифрлық қаржы активтері платформасының операторы; 

      цифрлық активтердің сауда платформасының операторы; 

      қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы; 

      цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржасын қоса алғанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары; 

      5-4) цифрлық активтермен жасалатын операцияларды талдау және бақылау жүйесі (бұдан әрі – операцияларды талдау және бақылау жүйесі) – цифрлық активтермен жасалатын операцияларды мониторингтеуге, операцияларды қадағалауға және күдікті әрекеттерді анықтауға арналған цифрлық платформа немесе сервис;

      6) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;  -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII ҚРЗ 

6-1) цифрлық активті шығару – азаматтық құқықтар объектісі ретінде цифрлық активтің пайда болуына бағытталған әрекет;

6-2) цифрлық қаржы активтерін орналастыру – цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылатын, инвесторларға цифрлық қаржы активтерін бастапқы ұсыну; 

      6-3) цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесі – цифрлық қаржы активтері платформасы операторының есепке алу жүйесі, ол: 

      цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар және оларға тиесілі цифрлық қаржы активтері туралы мәліметтерді есепке алуды және сақтауды; 

      цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды белгілі бір уақытқа сәйкестендіруді; 

      цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеуді; 

      цифрлық қаржы активтері бойынша айналысқа немесе құқықтарды іске асыруға тіркелген шектеулер (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді есепке алуды және сақтауды; 

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтерді есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді. 

      Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін жүргізу тәртібі, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға және сақталуға тиіс өзге де мәліметтердің тізбесі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінен мәліметтерді орталық депозитарийге беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады; 

      6-4) цифрлық қаржы активтері платформасының операторы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізіліміне енгізілген, цифрлық платформаға қолжетімділікті және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін цифрлық активтер қызметтерінің провайдері, осы платформа пайдаланыла отырып: 

      цифрлық қаржы активтерін шығару және (немесе) айналымға (айналысқа) жіберу; 

      цифрлық қаржы активтерін есепке алу және сақтау; 

      көрсетілген цифрлық платформада шығарылған және (немесе) айналыстағы цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтау жүзеге асырылады; 

      6-5) цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының бірыңғай тізбесі; 

      6-6) цифрлық қаржы активі: 

      цифрлық активтің базалық активіне қатысты ақшалай және (немесе) өзге де талап ету құқығын куәландыратын, цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында шығарылатын және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының және (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында айналыста болатын осындай цифрлық актив; 

      цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында шығарылатын және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының және (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында айналыста болатын қаржы құралы және (немесе) қаржы активі. 

      Цифрлық қаржы активін орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу және өтеу осындай цифрлық қаржы активін шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылады; 

      6-7) цифрлық қаржы активін өтеу – цифрлық қаржы активі эмитентінің тиісті міндеттемелерін өтеуге байланысты және (немесе) цифрлық қаржы активін шығару шарттарына сәйкес өзге де негіздер бойынша осындай цифрлық қаржы активін айналымнан (айналыстан) алу; 

      6-8) цифрлық қаржы активінің базалық активі – құны немесе шамасы (құнының немесе шамасының құбылуын қоса алғанда) тиісті цифрлық қаржы активінің құнын айқындайтын және оған қатысты цифрлық қаржы активін ұстаушыда ақшалай және (немесе) өзге де талап ету құқығы туындайтын мүлік. 

      Қаржы құралы (оның ішінде ақша, туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, басқа да цифрлық қаржы активі), мүліктік құқық (талап), тауар және (немесе) өзге де мүлік цифрлық қаржы активінің базалық активі бола алады; 

      6-9) цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым – цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, оны есепке алуды және сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы; 

      6-10) цифрлық қаржы активінің эмитенті – цифрлық қаржы активтерін шығаруды (эмиссиясын) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы;

      7) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы; 

      8) цифрлық майнинг – блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, шифрлаудың берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі; 

      9) цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы – цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен тұратын, есептеу қуаттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, тұрғын аймақтың аумағынан тыс жерде орналасқан, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясын пайдаланатын цифрлық инфрақұрылым объектісі; 

      10) цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде пайда болған (жасалған) цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы